Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №13. Ұлттық байлық статистикасы




{ 1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні

2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы

3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы

4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы

5. Айналым капиталының статистикасы

6. Инвестиция статистикасы}

&&&

$$$002-013-001$3.2.13.1 1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні

{ Еліміздің ұлттық байлығы – белгілі бір уақытта мемлекетте қорланған экономикалық активтердің жиынтығы: қаржылық емес және таза қаржылық активтер, тауарларды өндіруге, қызметті көрсетуге және адамдардың өмірін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Экономикалық актив – бұл меншік құқығымен таратылатын және қожайындарға иелік ету арқылы экономикалық табыс әкелетін экономикалық обьект.

Экономикалық активтер қаржылық және қаржылық емес активтерге бөлінеді.

Қаржылық активтер институционалды бірліктер арасында белгіленген дебиторлық-кредиторлық шартты қатынас негізіндегі қаржылық міндеттемелерден пайда болады.Қаржылық активтердің қаржылық емес активтерден айырмашылығы – көпшілігінің басқа институционалды бірліктерге талаптарын ұсынады, яғни оларға басқа меншік иесінен қаржылық міндеттемелерді қарсы қояды.

Қаржылық активтер қаржылық міндеттемелерден, келісімді дебитті-кредитті қатынастардан туындайды.

Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша қаржылық активтердің жіктелуі, екі критерий бойынша анықталады:

1. құқықтық сипаттамалар, яғни несие беруші мен қарыз алушының өзара қатынасын сипаттау.

2. ликвидтік – бұл активтердің ақшалай қаражатқа айналатын берілу мүмкіндігі, ликвидті түрде немесе оңай айналуы. Ең көп ликвидтілік иеленетіндер – монеталық алтын, қолма қол ақша, аудармалы депозиттер.

Қаржылық активтер категорияларының сипаттамалары:

1. Монетарлық алтын – қаржы несие мекемелерінде халықаралық резерв немесе қаржылық актив ретінде сақталатын алтын.

2. Қарыз алудың арнайы құқы(SDR) - халықаралық резервтік активтер болып табылады. SDR халықаралық валюта қорында құрылып, резервтік активтердің орнын толтыру үшін оның мүшелері арасында бөлінеді.

3. Қолма қол ақшалар төлем қаржысы ретінде пайдаланылатын, айналымда жүрген банкноттар мен монеталардан тұрады.

4. Депозиттер – бұлар халықтың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың салымы. Депозиттер аудармалы және аударылмайтын болып бөлінеді.

5. Бағалы қағаздар – қандай да бір мүлікке немесе ақша сомасына иелік құқығын беретін, аталған заттарды, тиісті құжаттарды көрсетпейінше, сатуға немесе басқа бір адамға беруге болмайтынын дәлелдейтін, арнайы дайындалған ақшалай құжаттар.

6. Қарыз – несие беруші қарыз алушыға қаржыларын пайдалануға берген кезде жасалатын қаржылық құралдар.

7. Акциялар және капиталдағы үлестік қатысудың басқа да түрлері.Акция – бұл акционерлік қоғамның меншігінен адамның өз үлесін алуға құқығы барын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденттер түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаз.

8. Сақтандырудың техникалық резервтері мекемелердің келесі екі түрін иемденеді:

Өмірді сақтандыру мен сақтандырудың басқа түрі бойынша құрылған компаниялар: қайғылы оқиғадан сақтандыру, табысты қолдау үшін сақтандыру, көлікті сақтандыру, денсаулықты сақтандыру және т.б.

Зейнетақы қоры қызметкерлер мен жұмыскерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету үшін құрылған резервтерден тұрады.

9. Дебиторлардың, несие берушілердің басқа да шоттары.Бұл категорияға мыналар жатады:

10.сауда несиесі,жұмыс үшін аванс төлеу,дебиторлардың басқа да қарыздары.

Өзінің шығу тегіне байланысты, қаржылық емес активтер өндірілген және өндірілмеген болып бөлінеді. Өндірілген қаржылық емес активтер өндіріс процесінде жасалады.Өндірілмеген қаржылық емес активтер өндіріс үшін аса қажет болса да, оның өнімі болып табылмайды. Барлық өндірілмеген материалдық активтердің табиғи тегі бар.

Ұлттық байлық мөлшерін анықтау үшін мағлұматтың қайнар көздері болып баланстық кестелер саналады.Бұлар капиталмен байланысты операциялар туралы шот, қаржылық шот, активтер мен пассивтер көлемдері арасындағы басқа өзгерістердің шоты, қайта бағалау шоттары деп аталады. Олардың негізінде активтер мен пассивтер балансы өңделеді.Ұлттық байлықтың құрамдас элементтері жыл басында немесе жыл аяғында активтер немесе пассивтер болып көрсетіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных