Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №015. Тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінің cтатистикасы




{1. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы

2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері

3. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері.}

&&&

$$$002-015-001$3.2.15.1 1. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы

{Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі экономикалық өндіріс – жаңа тауар мен қызмет өндіру үшін еңбек капитал, тауар мен қызмет шығындарының жұмсалуымен орындалатын бір институтционалдық бірліктің іс-әрекеті. Сонымен қатар әрқашан да осыүрдіс үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын және сатуға арнап өндірілген тауарларға иелік ететін институционалдық бірлік болу қажет немесе оған қандай да бір көрсетілген қызмет үшін өтемақы төленуі немесе берілуі керек.

Өндіріс нәтижелері статистикасының міндеттері мыналар:

1. Қазақстан Республикасының тауар мен қызмет көрсету өндірісінің микро-мезо-макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау және мәліметтер жинау.

2. Ұлттық шоттар, баланстық кестелер түрінде құрылған тауар мен қызмет өндірісінің өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін жасау және құру.

3. Келесі белгілер бойынша тауар және қызмет өндірісінің динамикасын және құрылымын талдау:

- натуралды-заттай құрамы бойынша;

- құндық бейнеленуі бойынша;

- экономиканың салалары мен секторлары бойынша;

- республиканың облыстары бойынша;

- меншік формалары бойынша және т.б.;

4. Статистикалық талдау тәсілдерінің көмегімен тауар және қызмет өндірісінің өсуіне әсер ететін факторларды зерттеу.

5. Ұлттық Шоттар Жүйесінің ұйғарымымен тауар және қызмет өндірісінің есептеу методологиясын жетілдіру.}

&&&

$$$002-015-002$3.2.15.2 2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері

{Тауар және қызмет өндірісінің барлық көрсеткіштерін өндіріс көлемі, агрегаттау дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:

1. Өнім шығарымын сипаттайтын тауар мен қызметтердің микроэкономикалық көрсеткіштері:

а) өнімнің жеке түрі;

б) жалпы кәсіпорын деңгейінде.

2. Сала, экономика секторы, аймақ деңгейіндегі өндірістің микроэкономикалық көрсеткіштері.

3. ҚР-дың барлық экономикасындағы өнім шығарылымын сипаттайтын өндіріс нәтижелерінің микроэкономикалық көрсеткіштері.

Бірліктердің қамту дәрежесіне байланысты тауар және қызмет өндірісі нәтижелерінің барлық микроэконимкалық көрсеткіштері мынадай топтарға бөлінеді:

1. Тауар мен қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін өндіру көрсеткіштері:

а) натуралды түрде – дана, килограмм, жұп және т.б. Осы әдіс есептегі кезеңде өндірілген нақты тұтыну құнының қандай екенін көрсетеді;

ә) шартты-натуралды түрде – берілген түрдің әр түрлі өнімдері шартты түрде қабылданған өлшем бірлік болып саналатын бір өнімнің бірлігімен сипатталады;

б) ақшалай түрде – кәсіпорындар, салалар, жалпы экономика бойынша өндірістің жалпылама сипаттамасы.

2. Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі әдістеме бойынша кәсіпорындар мен салалардағы өндірістің ақшалай түрде есептелу көрсеткіштері:

а) шығару (ІІІ);

ә) жалпы қосылған күн (ЖҚҚ);

Шығару көрсеткіші өндірістің бастапқы сатысын көрсетеді.

Өнім шығаруды есептеудің жалпылама әдістемесі:

1) жалпы қосылған күн – аралық тұтынудың қосындысы ретінде;

2) сатылған өнімнің құны – дайын сатылмаған өнім қорының өзгерісі мен аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің қосындысы ретінде;

3) сатылмаған дайын өнім құны және аяқталмаған өндіріс қорының өзгерісініңқосындысы ретінде;

4) нарықтық және нарықтық емес өндірісте шығарылған өнім құнының қосындысы ретінде;

5) тауар және қызмет өндірушілер шығарған өнім құнының сомасы ретінде;

6) өнімдердің құрамдас элементтерінің сомасы ретінде;

7) берілген календарлық жылда кәсіпорындардың барлық бөлімшелері өндірген өнім құнының сомасы ретінде еспетеуге болады.

Жалпы қосылған күн шығарылған өнім мен аралық тұтынудың айырмасына тең болады: ЖҚҚ = Ш-АТ. Жалпы қосылған күн аралық тұтынуды есептемейді, бірақ осы көрсеткіштерге негізгі капиталдың тұтынуы қосылғандықтан, ол «жалпы» деп аталады. Экономиканың барлық салаларпында жалпы қосылған құнды есептеу әдістемесі жүргізіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных