Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






А: Өндірістік әдіс («өндіріс» шоттан).




ЖІӨ экономиканың барлық секторы мен салаларының ЖҚҚ-ның нарықтық бағадағы сомасы ретінде есептеледі. Шығарылым менЖҚҚ-ның бағаларына байланысты практикада ЖІӨ-мен ЖҚҚ арасында келесі байланыс болады:

 

ЖІӨтұтынушылардың = ЖҚҚнегізгі бағадағы + ТСөнімдерге немесе

нарықтық экономика (ҚҚС-тан

бағасында және импортқа

төленетін

салықтардан бөлек)

 

ЖІӨтұтынушылардың = ЖҚҚ тауарларды + ЖҚҚ қызмет көрсететін + ТСөнімдерге

нарықтық өндіру салалар (ҚДҚ-сыз) (ҚҚС-тан және

бағасында салалары импортқа төленетін

салықтардан бөлек)

Экономикалық аймақтың (облыстың, ауданның, қаланың) қызметін бейнелеу үшін негізгі бағамен ҚР-дің негізгі аймақтарындағы ЖҚҚ сомасы ретінде жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) анықталады.

Ә. Табыс көздері әдісі резиденттердің бастапқы табысының көзі бойынша («табысты құру» шоттан) ЖІӨ-нің қалыптасуын сипаттайды.

ЖІӨ = ∑ БТэкономика = ЕА +ТСазық-түлікке +Т БСөндіріске + ЖП + ЖАТ

салалары және импортқа

Мұндағы ∑ БТ - өндіруші резиденттердің бастапқы табыстарының сомасы;

ЕА – ішкі экономика секторының және қалған әлемнің жалдамалы жұмысшыларының еңбек ақысы; яғни, ЖҚҚ-ны құруға қатысатын резидент және резидент еместерге деген барлық төлемдерді қамтиды.

ТБС - өндіріске салынатын басқа таза салықтар;

ЖП – жалпы пайда;

ЖАТ – жалпы аралас табыстар;

Қосылған құн қандай бастапқы табыстардың түрлерінен құралады?

Бұлар – еңбекақы, пайда, аралас табыс, импорт және өндіріске салынатын салықтар.

Жалпы пайда (ЖП) немесе жалпы аралас табыстар (ЖАТ) – екі альтернативті көрсеткіштер (табыстардың пайда болу шотынан) сальдо тәсілінен айырма ретінде есептеледі:

ЖПэкономиканың = ЖҚҚсекторы – ЕА - ТБСөндіріске

немесе саласы

ЖП (ЖАТ) экономиканың = ЖІӨ - ∑ ЕА – ТСөнімдерге - ТБСөндіріске

Б. Түпкілікті тұтынуды пайдалану әдісі түпкілікті (соңғы) тұтынудағы ЖІӨ-нің шығындарын, жалпы капиталдың қорлануын және таза экспортты (бастапқы табысты бөлу шотынан) көрсететді.

ЖІӨ = ТТШ + КЖҚ + ∆ Э + СА,

Мұндағы: ТТШ – таурлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудағы шығыстар сомасы;

КЖҚ – капиталдың жалпы қорлануы

∆ Э = Э – И – тауарлар мен қызметтердің таза экспорты;

СА – ЖІӨ-ні есептеудегу өндірістік және түпкілікті пайдалану әдісі арасындағы статистикалық алшақтық.

Шығындар – тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардың сатушыларға төлейтін сомалары.

Түпкілікті тұтынудағы шығындар экономиканың үш секторына тұтыну тауарлары мен қызметтерінің шығындарынан қалыптасады: «үй шаруашылығы», «мемлекеттік басқару органдары», «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар».

«Үй шаруашылығы» секторындағы түпкілікті тұтынудағы шығындар Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар шетелдегі экономикалық аймақтардағы үй шаруашылығы резиденттерінің шығындарын бейнелейді. Оларға келесі шығындар кіреді:

- сауда, рынок, жеке тұлғалар қысқа мерзімде жәнеүкіл мерзімде қолданатын жаңа тауарларды сатып алу;

- нарықтық тұтыну қызметтеріне төлем; пәтер төлем, коммуналдық төлемдер, қонақ үй төлемдері, тұрмыстық қызмет төлемдері, шаштараз, монша, дәрігерлік мекеме, кино, театр, музей,қаржы және заң мемкемелеріне төлемдер, үйді, машинаны, көлік құралдарды жалға берудегі қызмет төлемдері;

- үй шаруашылығының өзіндік тұтынуға өндірген тауарларының құны;

- еңбекақы түрінде натуралды қалыпта келіп түскен тауарлар мен қызметтердің құны;

- аурухана, клубтар, демалыс үйлерінің жұмыскерлерге ұсынылатын әлеуметтік-мәдени сипаттағы тегін (немесе төмен бағадағы) қызметтері;

- коммерциялық емес ұйымдар, мемлекттік мекемелер натуралды формада берген әлеуметтік жәрдемақылар;

- өз үйінде тұрудың шартымен есептелген қызметтердің құны;

- үй шаруашылығының шетелден алынған және шетелге жіберлген сыйлықтарының айырмасы;

- үй шаруашылығы сатып алған антикварлық бұйымдардың қалдығы және ұзақ мерзімді пайдаланудағы тұтынушылардың ұсталған тауарлары.

«Мемлекеттік басқару органдары» секторының түпкілікті тұтыну шығындары тегін қызметтер құнын қамтиды, осы мекемелер жеке тұлғаларға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, өнер және қоғамның т.б. қызмет көрсетеді. Осы шығындарға мыналар кіреді:

- тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (капитал шығындағы шығындардан басқан);

- жұмысшылардың еңбегіне төленетін шығындар;

- салықтарды төлеу;

- негізгі капиталды тұтыну.

Қазақстан Республикасының құрылымы немесе жалпы капиталдың қорлануы төмендегілердің сомасы ретінде қалыптасады:

а) негізгі капиталдың жалпы қорлануы;

ә) материалдың айналым құралдары қорының өзгерісі;

б) құндылықтарды таза алу.

Негізгі капиталдың жалпы қорлануы – резидент бірліктердің өндірісте қолдану арқылы ұзақ мерзімді инвестициялық объектілерге, жаңа табыс әкелу үшін келешекке салынған қаражаттары.

Негізгі капиталдың жалпы қорлануы келесі элементтерден тұрады:

- негізгі капиталдың бар және жаңа түскен түрлерінің істен шыққанын шегеру арқылы алу;

- өндірілмеген материалды активтерді жақсартуға арналған шығындар;

- өндірілмеген активтердің жеке меншікке тапсыруына байланысты шығындар.

Материалды айналым құралдарының қорының өзгерісі өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің және кезең соңындағы тауарларды қайта сатудың және кезең басындағы сәйкес көрсеткіштердің құнының айырмашылығы ретінде есептеледі.

Сонымен жалпы ішкі өнім әр түрлі құрылымдар негізінде үш әдіс бойынша есептеледі, осыдан ол статистикалық алшақтыққа, сандық айырмашылықтарға алып келеді. Егер ЖІӨ-нің түпкілікті пайдалану әдісі бойынша есеп айырысудың ауытқуы, ЖІӨ-нің табыс кездері әдісі және ЖІӨ-нің өндірістік әдісімен салыстырғанда, 1-2 %-дан аспаса, бұл статистикалық қызметі дамыған елдерде бір шама қалыпты болып саналады.

Осыдан статистиканың ең басты міндеті – бухгалтерлік және статистикалық есеп берушілікті кәсіпорын деңгейінде жетілдіру, содан ол тауарлар мен қызметтер өндірісінің макроэкономикалық элементтерінен құрастырылған көрсеткіштер түрінде дәл бейнелейді.

Таза ішкі өнім ТІӨ = ЖІӨ - НКТ.

Ұлттық табыс есептегі кезеңде ҚР резиденттерінің жасаған барлық тауары мен қызметтерінің нарықтық құнын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының резиденттеріне түсетін табыстар жұмыскерлердің еңбекақысы және меншіктен түсетін табыстар болып табылады. Меншіктен түскен табыстар (МТТ) тікелей шетел инвестицияларынан алынатын инвестициялық табыс, рента, дивидент, пайыз түріндегі экономиканың барлық секторы алатын бастапқы табыстар.

Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) пен жалпы ішкі өнімнің сандық жағынан айырмашылығы мында: жалпы ішкі өнімге еңбек, капитал, жерге түсетін таза факторлық табыстар (ТФТ, табыстар бастапқы бөлу шотынан) да қосылады, демек:

 

ЖҮТ = ∑БТішкі экономика +∆ БТ «қалған әлем» = ∑БТішкі экономика + ТФТ,

секторларының секторларының

Мұндағы: ∆ БТ немесе ТФТ – Қазақстан Республикасының «қалған әлем» секторынан (резидент еместерден) алынған табыстар мен Қазастан Республикасының «қалған әлем» секторына төленген табыстар сомасының айырмасы ретінде анықталатын бастапқы табыстардың сальдосы немесе таза факторлық табыстар.

Таза ұлттық табыс жалпы ұлттық табыстан негізгі капиталды тұтынуды алғанға тең: ТҰТ = ЖҰТ – НКТ.

Қолда бар ұлттық табыс (ҚБҰТ) ағымдағы трансфеттердің мөлшерінде ұлттық табыстан ерекшеленеді. Қолда бар жалпы ұлттық табыс (ҚБЖҰТ, табыстарды қайта бөлу шотынан).

ҚБЖҰТ = ЖҰТ + ∆ Ағымдағы трансф. = ∑ ҚБҰТ экономика секторлары

Мұндағы: ∆ Ағымдағы трансф. – ағымдағы трансфеттер сальдосы (шетелден алынған және шетелге берілген ағымдағы қайта бөлу төлемдері). Ағымдағы трансфеттерге жататындар: сыйлықтар, меншікке және табысқа төленетін ағымдағы салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік төлемдер, сақтандыру сыйлықтары мен өтемдері, басқа да қайта бөлу төлемдері (айыптар, зейнетақылар, қамқорлық төлемдер, гуманитарлық көмектер және т.б. 1.2. тақырыпта қарастырылған). Ағымдағы төленген және алынған трансфеттердің ағымдағы сальдосының мәні – «үй шаруашылық» секторында оң, «қаржылық емес корпорациялар» және «қаржылық корпорациялар» секторларында теріс; «мемлекеттік басқару органдары» секторында 0-ге жуық болады, себебі берілген секторға түскен трансфеттер оларды басқа секторларға беруге арналған.

ҚБҰТ экономика секторының = БТсектордың + ∆ Ағымдағы трансф.

 

Қолда бар таза ұлттық табыс (табыстарды қайтара бөлу шотынан):

ТҚБҰТ = ҚБЖҰТ – НКТ.

ҚБҰТ ұлттық түпкілікті тұтыну және ұлттық жинаққа бөлінеді. Ұлттық түпкілікті тұтыну 3 сектордың түпкілікті тұтыну шығындарын қосады (олардың құралы ЖІӨ-ні түпкілікті пайдалану әдісінде қарастырылған).

Ұлттық жинақ – түпкілікті тұтыну шығындарынан қалған және қаржылық қамтуға бағытталған қолда бар табыстың бір бөлігі (табыстарды пайдалану шотында) ҰШЖ бойынша жинақ ақшаның және банк депозиттерінің өсімін ғана қоспайды, сондай-ақ өзге қаржылық актив өсімін де қосады және материалдық активтердің өсіміне бағытталуы мүмкін.

Экономика бойынша қолда бар түзетілген табыстың сомасы қолда бар ұлттық жалпы табыс сомасына тең.

ҚТЖҰТэкономикалық = ҚЖҰТэкономикалық =∑ ҚТЖҰТ + ҚТЖҰТ «мемлекеттік +

басқару

органдары,

коммерциялық

емес ұйымдар

және үй шаруа-

шылықтары

секторларының

+ҚҰТ қаржылық емес = ҚЖТберілген сектордың - ӘТнатуралды формада

және қаржылық үй шаруашылықтары

корпорациялар секторына берілген

секторының

Мұндағы: ҚТЖҰТ – экономика секторының түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табысы; ӘТ - әлеуметтік трансферттер.

Сонымен қатар «үй шаруашылықтарына» қызмет көрсететін коммерциялық емес ұймдар секторының ҚЖҰТ-ы былай есептеледі:

 

ҚЖҰТүй шаруашылықтары = ҚЖТүй шаруашылықтары - ӘТнатуралды формада

секторының секторының үй шаруашылықтары секторынан

алынған

Ұлттық жинақ – бұл тартымы бар табыстың түпкілікті (соңғы) тұтынуға жұмсалған шығынынан кейін қалған жәнеқорды қаржыландыруға бағытталған бөлігі (табысты қолдану шотынан). Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі анықтамада жинақ тек ақшаның бар болуы мен банк депозиттерінің өсімін ғана емес, сонымен қатар басқа да қаржылық активтердің өсімін қамтиды және материалдық активтердің өсіміне бағыттала алады.

ЖҰЖэкономикалық = ҚЖҰТ – НТТ - ∑ ЖЖэкономика секторының

Мұндағы: ЖҰЖ – жалпы ұлттық жинақ;

ЖЖ – экономика секторының жалпы жинағы;

НТТ – нақты түпкілікті тұтыну.

ЖЖ»қаржылық емес = ҚЖТ«қаржылық емес корпорациялар»

корпорациялар секторының секторының

 

ЖЖ «қаржылық корпорациялар»= ЖҰТ«қаржылық корпорациялар» + Зейнетақы қорындағы

секторының секторының үй шаруашылықтары

құралдарының таза

құнының өзгеруіне

түзетулер

ЖЖ«мемлекеттік басқару = ҚТЖҰТберілген сектордың – НТТ берілген

органдары» секторының сектордың

ЖЖ«мемлекеттік басқару = ҚТЖҰТберілген – НТТ берілген + Зейнетақы қорындағы

органдары» секторының сектордың сектордың үй шаруашылықтары

құралдарының таза

құнының өзгеруіне

түзетулер

Таза ұлттық жинақ (ТҰЖ) = ЖҰЖ – НКТ.

Таза несие беру (+), таза қарызға алу (-). Таза несие беру экономика үшін қаржылық міндеттер сомасынан берілген мемлекет резиденттерінің резидент еместерге берген қаржылық активтерінің жоғарлауын көрсетеді. Ал таза қарызға алу (-) берілген қаржылық активтерден берілген мемлекет резиденттерінің қайтаруына тиесілі қаржылық міндеттердің өсу мөлшерін көрсетеді.

Таза несие беру (+), таза қарызға алу (-) секторлар бойынша капитал шығындарын қаржыландыру үшін қайтарымды және қайтарымсыз формадағы секторлардың арасында берілетін қаржылық ресурстардың көлемін көрсетеді. Таза несие беру (таза қарызға алу) – бұл капитал мен операциялар шотының баланстық бабы. Ол есептік жолмен анықталады:

ТН (ТҚА) = ЖҰЖ + ∆КТ – КЖҚ – СА

Капиталды трансферттер – мемлекеттік бюджеттен алынған кәсіпкерлікке капитал салымдарын ақысыз қаржыландыру; приватизация процесінде капиталды беру, өткен жылдардағы қарызды кешіру және т.б. 1.2. тақырыпта қарастырылған.

КЖҚ – капиталдың жалпы қорлануы: негізгі капиталдың, материалдық айналым қорларының, таза табылған құндылықтардың, өндірілген қаржылық емес активтердің қорлануы.

СА – статистикалық алшақтық.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерін мына көрсеткіш сипаттайды: инвестиция өсімін қаржыландыру = ЖҰЖ + ∆КТ.}

&&&

$$$002-015-100$Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша экономика өндірісінің анықтамасын беріңіздер.

2. Өндірілген өнімнің құндық және натуралды көрсеткіштерін атаңыздар.

3. Өнеркәсіп өнімінің анықтамасын беріңіздер.

4. Ауыл шаруашылығы өнімі деп нені айтады?

5. Өнім өндіру нәтижесінің макроэкономикалық көрсеткіштерінің есептеу әдістемесін атаңыз:

- жалпы қосылған құн;

- негізгі капиталды тұтыну;

- таза қосылған құн;

- жалпы ішкі өнімді есептеудің өндірістік әдісі;

- жалпы пайда, жалпы аралас табыстар;

- түпкілікті тұтынудағы шығындар;

- жалпы ұлттық табыс;

- жалпы ұлттық жинақ;

- таза несиелендіру, таза қарызға алу.}






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных