Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №018. Өндіріс тиімділігінің статистикасы




{1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері

2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау }

&&&

$$$002-018-001$3.2.18.1 1. 1. 1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері

{ Өндіріс нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері экономикалық қызмет нәтижесінің шығын немесе ресурстарға қатынасы түрінде есептеледі. Бұған еңбек өнімділігі, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, өнім бірлігінің өзіндік құны және т.б көрсеткіштер жатады.Экономикалық қызмет нәтижелері, олар, шығару, жалпы қосылған құн, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық табыс, жалпы пайда.

Аталған көрсеткіштерден басқа экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігі көрсеткіштеріне басқа да тиімділік коэффициенттері жатады:

Таза қосылған құн

К өндірісте тұтынылған құралдарды = --------------------------------------------------------

қолдану тиімділігі аралық тұтыну + негізгі капиталды тұтыну

 

 

жалпы пайда+өндірістегі басқа таза салықтар

К өндірістегі ақылы еңбекті = ------------------------------------------------------------

қолдану жалдамалы немесе қолданбалы жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы

еңбекті пайдалану дәрежесінің тиімділігі

Таза пайда

К ұлттық экономиканың тиімділігі = --------------------------------------------------------

өндіріс шығындары

 

ЖІӨ немесе ЖӨ

К еңбек өнімділігі = -----------------------------------------------

Т(жұмыс істеушілердің орташа саны)

 

Жұмыссыздықтың әсерінен болатын өнімнің шығынын статистика былай анықтайды:

∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық = W* Ж

мұндағы:

Ж – жұмыссыздар саны.

∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық – жұмыссыздықтың әсерінен болатын жалпы қосылған құнның шығыны.

W – еңбек өнімділігі.}

&&&

$$$002-018-001$3.2.18.1 1. 2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау

{ Еңбек өнімділігін факторлық талдау. Еңбек өнімділігі, өз кезегінде, еңбектің капиталмен және капитал қайтарымымен сипатталатын материалдық техникалық қамсыздандырылуына тәуелді.

Бұл 3 көрсеткіштің байланысын формула түрінде көруге болады.

W = F*f

F- еңбектің капиталмен жарақтануы;

f – капитал қайтарымы;

а) Еңбек өнімділігін факторлық талдау.

∆ W= W1-W0= F 1f 0-F 0f0

Мұндағы: ∆ W – еңбек өнімділігнің абсолюттік өсімі.

F 1f 0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес еңбектің капиталмен жарақтануы.

F 0f0 – капитал қайтарымы.

Соның ішінде әрбір фактордың әсерін қарастырамыз:

а) еңбектің капиталмен жарақтануының өзгеруі есебінен:

∆ WF= (F 1 – F0) f0

ә) капитал қайтарымының өзгеруі есебінен;

 

∆ Wf=(f1-f0)F1

Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы.

∆ W= ∆ WF + ∆ Wf

ә) Екі фактордың әсерінен болатын өнімнің абсолюттік өсімін факторлық талдау.

∆ЖҚҚ =ЖҚҚ1 – ЖҚҚ0= ∑W1T1

Мұнда: ∆ЖҚҚ – жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімі.

ЖҚҚ1 ЖҚҚ0- есептегі және базистік жылдарға сәйкес жалпы қосылғанның құнның сомасы.

Енді әрбір фактордың өзгеруін зерттейміз.

а) жеке кәсіпорындардың, экономикалық салалардың еңбек өнімділігінің өзгеруі есебінен жалпы қосылған құнның өсімі.

∆ЖҚҚW = ∑W1 T1 - ∑W0 T1

ә)жеке кәсіпорындарда, экономикалық салаларда жұмыс істейтіндердің орташа санының өзгеруі есебінен жалпы қосылған құнның өсімі:

∆ЖҚҚ = ∑W0 T1 - ∑W0 T0

Жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімдерінің өзар байланысы:

∆ЖҚҚ=∆ЖҚҚW+∆ЖҚҚ

б) Орташа еңбек өнімділігін индекстік талдау.

I W = W1/ W 0

Мұндағы: I W - - орташа еңбек өнімділігінің өзгермелі құрамды индексі.

W1/ W 0—есептегі және базистік жылдарға сәйкес орташа еңбек өнімділігі.

в)Есептелген орташа индекстер, соның ішінде үш факторлардың әсер етуі негізінде ЖҚҚ-ның абсолютті өсімі анықталады.

∆ЖҚҚ=∆ЖҚҚ 1- ∆ЖҚҚ0

Оның ішінде әрбір фактордың өзгеруі есебінен:

а) жеке кәсіпорындардың, салалардың еңбек өнімділігінің өзгеруі.

б) жұмысбастылардың санының өзгеруі

в) жұмысбастылардың құрылымының өзгерісі

г) Жұмысшылар саны мен орташа жалақының өзгеру салдарынан жалақы қорының өсіміне факторлық талдау.

∆ЖҚ = ∑ ЖҚ1 - ∑ ЖҚ0=∑Ж1Т1-∑Ж0Т0

Мұндағы: ∑ ЖҚ1∑ ЖҚ0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес жалақы қорлары;

Ж1,Ж0- есептегі және базистік жылдарға сәйкес орташа жалақы;

Т1Т0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес жұмыс істейтіндердің орташа саны, оның ішінде әрбір фактордың өзгеруі есебінен.

А) орташа жалақының өзгеруі.

∆ЖҚж= ∑Ж1Т1 - ∑Ж0Т0

Б) жұмыс істейтіндер санының өзгеруі.

∆ЖҚж= ∑Ж1Т1 - ∑Ж0Т0

Жалақы қорының абсолюттік өсімдерінің өзара байланысы.

∆ЖҚ=∆ЖҚж+∆ЖҚт

А, Ә, Б әдістемелеріне сәйкес статистика келесі көрсеткіштерді зерттейді:

- орташа жалақының өзгермелі, тұрақты құрамды және құрылымдық өзгеру индекстері.

- үш фактор өзгерісі есебінен жалақы қорының өсімі: жеке кәсіпорындарының, салалардың орташа жалақысы, жұмыс істейтіндердің саны және олардың құрылымы.

- екі фактордың өзгеруі есебінен жалпы ішкі өнімнің абсолюттік өсімі, халықтың орташа жылдық санын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі.}

$$$002-018-100$Дәріс №018.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{ 1.Экономикалық қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін атаңыз.

2.Орташа еңбек өнімділігін талдау қалай жүргізіледі?

3.Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштерін айтыңыз.

4.Ұлттық экономика тиімділігі коэффициенті қалай анықталады?

5.Өндірісте тұтынылған қорларды қолдану коэффициенті қалай есептеледі? }






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных