Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ІІ. Теориялық-типтік сұрақтар.




1.Ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі (А.С.Макаренко). Дәлелдеңіз.

2.Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Негіздеңіз.

3.Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дәлелдеңіз.

4.Оқушылар ұжымын оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру құралы ретінде де қарастырады. Сіздің пікіріңіз.

5.Ұжым дамуының бастапқы кезеңінен жоғары деңгейіне дейін көтерілуінде педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады. Дәлелдеңіз.

6.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті мен қарым-қатынасы оның дамуының заңдылығы екендігін дәлелдеңіз.

7.Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен психологтардың көзқарастарына талдау жасау.

8.Педагогикалық процестегі оқушылар ұжымының даму сатыларының мәнін анықтап, олардың заңдылықтарын негіздеу.

9.Қазіргі қоғамның нарық жағдайында ұжымдық көзқарас пен оқушылар ұжымын тәрбиелеуге қатысты мәселелердің мәнін ашу.

10.Тәрбие жүйесінде балалар ұжымының атқаратын қызметін негіздеу.

11.Оқушылар ұжымын қалыптастыру және дамытудың жолдарын сипаттау.

12.Оқушылар ұжымы туралы Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскийлердің көзқарастарын талдау.

13.Ұжым дамуының кезеңдерін сипаттау.

14.А.С.Макаренконың “Баланың жеке басы тек коллективте, коллектив арқылы дамиды” деген пікірінің идеялық маңызын ашу.

15.Оқушылар ұжымының дамуында өзін-өзі басқару ұйымының маңызын негіздеу.

16.Сіздің көзқарасыңызда бүгінгі оқушылар ұжымын тәрбиелеу принципіне оның бастапқы идеялары сай келе ме? Салыстырмалы талдау жасау.

17.Бүгінде неліктен мектеп өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыруда “ынтымағы жарасқан, белсенді, нағыз іскер ұжым” деңгейіне тұрақты қол жеткізуге болмайды? Анықтаңыз.

18.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: ұжым, балалар ұжымы, даму кезеңдері, тәрбиелік қызметі;

19.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: әлеуметтік ұжымдар, мектеп ұжымы, ресми және бейресми топтар;

20.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: оқушылардың өзін-өзі басқаруы, педагогикалық басшылық, мұғалімнің кәсіби сапасы.

21.Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастыру процесінде алғашқы тәрбие факторы ретінде қарастырылады. Сіздің көзқарасыңыз қалай? Әр түрлі фактлер мен мысалдар негізінде дәлелдеңіз.

22.Бүгінгі таңда отбасында баланы тәрбиелеудің өзекті проблемалары мен ерекшеліктері қандай? Негіздеңіз.

23.Отбасында бала тәрбиесінің құқықтық негіздері қандай? Талдау жасаңыз.

24.Отбасында баланы тәрбиелеудің теориялық негіздері қандай? Негіздеңіз.

25.Мектеп пен жанұяның бала тәрбиесінде өзара ынтымақтастығының маңызы қаншалықты нәтиже береді деп ойлайсыз? Дәлелдеңіз.

26.Қазіргі кезде отбасы өмірі ата-аналардың қалауымен емес, өзінің жолымен жүріп келеді (своим чередом) – деген көзқарасты қуаттайсыз ба? Не себепті? Мысалдар келтіріңіз.

27.Қоғам мен мектеп жағдайында отбасындағы бала тәрбиесінің рөлінің мәні мен маңызын ашу.

28.Отбасында бала тәрбиесінің маңызына қатысты теоретиктер мен практиктердің пікірлері мен тәжірибесіне талдау жасау.

29.Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастырудың педагогикалық жолдарын негіздеу.

30.Қазіргі қоғамдағы отбасы тәрбиесінің жағдайын, ерекшеліктері мен проблемаларын сипаттау.

31.Қоғамда отбасы тәрбиесінің маңызын дәлелдеу.

32.Отбасы тәрбиесінің мақсат пен міндеттерін анықтау.

33.Отбасы тәрбиесінің мазмұны мен құралдарын анықтау.

34.Отбасы тәрбиесінде кең көлемде тараған дәстүрлі формалар мен тәсілдерн сипаттау.

35.Отбасында бала тәрбиесіндегі келеңсіз факторлардың туындау себептеріне талдау жасау.

36.Отбасы тәрбиесінде қолданылатын тәсілдерді мысалдар арқылы негіздеу.

37.Отбасы тәрбиесінде көптеп кездесетін кемшіліктерді сипаттау.

38.Отбасы тәрбиесінде педагогтардың негізгі міндеттерн айқындау.

39.Қазіргі кезде отбасы тәрбиесіндегі негізгі қозғаушы күшті негіздеу.

40.Отбасы тәрбиесінде халықтық педагогика дәстүрлерін пйдалану маңыздылығы мен ерекшеліктерін негіздеу.

41.А.С.Макаренконың “Ата-аналарға арналған кітабын” оқып, ондағы педагогикалық ойлардың өзекті мәселелерін бүгінгі отбасы тәрбиесі жағдайымен салыстыра дәлелдеу.

42.В.А.Сухомлинскийдің “Ата-ана педагогикасын” оқып, ондағы педагогикалық ойлардың өзектілік мәселелерін бүгінгі отбасы тәрбиесі жағдайымен салыстыра дәлелдеу.

43.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: отбасы, отбасы тәрбиесі, отбасы қызметі, отбасы тәрбиесінің түрлері.

44.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: ата-аналар беделі, ата-ананың педагогикалық мәдениеті, отбасы құқығы, ынтымақтастық педагогика.

45.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: ата-анаға педагогикалық білім беру, ұлттық идея, ұлттық мұрат, тарихи-мәдени дәстүрлер.

46.Оқыту қоғамдық құбылыс ретінде қоғамдық қатынастар тәжірибесі және қоғамдық сананың даму нәтижесі. Сіз қалай ойлайсыз? Талдау жасаңыз.

47.Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық мәні қандай? Негіздеңіз.

48.Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Дәлелдеңіз.

49.Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы немесе оқушылар ұжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Неліктен? Дәлелдеңіз.

50.Қазіргі қоғамның нарық жағдайында еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру, политехникалық білім беру мәселелеріне айрықша мән берілуде. Себебін дәлелдеңіз.

51.Педагогикалық категория ретінде оқыту мен оқыту процессі бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Сіздің көзқарасыңыз қалай? Дәлелдеңіз.

52.Педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде оқытудың “дидактика”, “оқыту процесі”, “оқытудың қызметі” ұғымдарының мәнін ашып, талдау жасау.

53.Педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде “оқытудың бөлшектері”, “оқытудың заңдылықтары”, “оқытудың принциптері” ұғымдарының мәнін ашып, талдау жасау.

54.Дидактиканың философия, психология, педагогика тарихы, оқыту әдістемелерімен пәнаралық байланысын негіздеу.

55..Дидактиканың тарихи даму заңдылықтарына талдау жасап, оқыту процесінің психологиялық –педагогикалық негіздерін түсіндіру.

56.Я.А.Коменскийдің дидактиканы дамытудағы қосқан үлесін негіздеу.

57.Ж.Ж.Руссоның дидактиканы дамытудағы қосқан үлесін негіздеу.

58.И.Т.Песталоцийдің дидактиканы дамытудағы қосқан үлесін негіздеу.

59.А.Дистервегтің дидактиканы дамытудағы қосқан үлесін негіздеу.

60.И.Ф.Гербарттың дидактиканы дамытудағы қосқан үлесін негіздеу.

61.К.Д.Ушинскийдің дидактиканы дамытудағы қосқан үлесін негіздеу.

62.Л.Н.Толстойдың дидактиканы дамытудағы қосқан үлесін негіздеу.

63.Ы.Алтынсариннің дидактиканы дамытудағы қосқан үлесін негіздеу.

64.Қазақстан дидактикасының дамуында А.Байтұрсыновтың дидактикалық көзқарастарын негіздеу.

65.М.Жұмабаевтың дидактикалық көзқарастарын негіздеу.

66.Ж.Аймауытовтың дидактикалық көзқарастарын негіздеу.

67.Р.Г.Лембергтің дидактикалық көзқарастарын негіздеу.

68.А.И.Сембаевтың дидактикалық көзқарастарын негіздеу.

69.Оқыту педагогикалық процестің тәсілі ретінде. Дәлелдеңіз.

70.Оқыту процесінің мәні мен міндеттерін сипаттау.

71.Оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасау.

72.Оқытудың қызметіне талдау жасау.

73.Оқытудың құрылымына талдау жасау.

74.Оқытудағы таным әрекетінің кезеңдерін сипаттау.

75.Оқыту барысында жеке тұлғаның дамуын негіздеу.

76. Л.В.Занковтың еңбектеріндегі дамыта оқыту идеясын негіздеу.

77.В.В.Давыдовтың еңбектеріндегі дамыта оқыту идеясын негіздеу.

78.Д.В.Элькониннің еңбектеріндегі дамыта оқыту идеясын негіздеу.

79.Оқыту процесінің заңдылықтарына сипаттама.

80 Оқыту процесінің принциптеріне сипаттама.

81.Оқытудың түрлерін және олардың жеке-дара ерекшеліктерін сипаттаңыз.

82.Оқушылардың өздігінен білім алу жұмыстарын қалыптастыру маңыздылығын негіздеу.

83.Оқушылардың өздігінен білім алу жолдарын негіздеу.

84.Оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарының өзара бірлігін дәлелдеу.

85.Дидактика қандай мәселелерді қарастырады? Негіздеу.

86.Оқу – деп нені айтамыз? Оқыту мен оқудың қандай айырмашылығы бар? Дәлелдеңіз.

87.Оқытудың тәрбиеге қарағанда ерекшелігі қандай? Дәлелдеңіз.

88.Оқытудың компоненттеріне не жатады? Сипаттаңыз.

89.Оқытудың ғылыми негіздеріне не жатады? Дәлелдеңіз.

90.Оқытудың қызметі немесе фнукциялары дегеніміз не? Оларды атаңыз.

91.Оқыту мотивтері дегеніміз не және олардың жолдарын атаңыз.

92.Ж.Аймауытов «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы» - дейді. Сіздің көзқарасыңыз қалай? Талдау жасаңыз.

93.Я.А.Коменский білім беру мазмұнын қалай анықтады? Оның бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнынан айырмашылығы бар ма? Талдау жасаңыз.

94.Бүкіл адамзаттық мәдениет, әлеуметтік тәжірибе білім мазмұнын анықтаудың негізі. Осы пікірді негіздеңіз.

95.Оқыту процесінде білім мазмұнын игерудің негізгі тетігі – өзара әрекеттестіктің арнайы формасында мақсатты ұйымдастырылған балалар мен үлкендердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық қарым-қатынасы. Талдау жасаңыз.

96.Р.Г.Лемберг: “Қазіргі кездегі мектептердің оқу жоспарларында логика пәні берілмеген. Бұл жағдайда әр пән мұғалімдерінің оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға жауапкершілігі арта түседі. Оларға логиканың ережелерін, заңдылықтарын білуде артық болмайды”– деген пікіріне көзқарасыңыз қандай? Дәлелдеңіз.

97.И.Г.Песталоцидің: «Оқушылардың өмірді танып білуі, негізінен үш элементтен тұрады: көлем (форма), сан (число), сөз (слово). Осыдан барып білімдер жалғасады” – деген пікірін қалай түсіндіресіз? Дәлелдеңіз.

98..В.С.Лебедевтің айтуы бойынша, білім беру – бұл әлеуметтік тәжірибені келесі ұрпаққа тұрақты беріп отыратын, қоғами ұйымдастырылған, қалыпқа келтірілген процесс – деген пікірі бойынша сіз қандай қорытынды жасайсыз? Дәлелдеңіз.

99.Тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде білім мазмұнының алатын орнын түсіндіру.

100. Қазақстан Республикасында бүгінгі таңдағы білім берудің мазмұнын қалыптастурудың негізгі принциптерін ашып көрсету.

101.Жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы және жоғары кәсіби оқу мекемелері арасында білім беру мазмұны жағынан қандай байланыстың болу қажеттілігін негіздеу.

102.Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға талдау жасау.

103.Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру мазмұнын анықтау.

104. Білім беру – дидактикалық категория, оның мәні мен атқаратын қызметіне талдау жасау.

105. Білім мазмұнының негізгі компоненттеріне талдау жасау.

106. Бүкіл адамзаттық мәдениет, әлеуметтік тәжірибе білім мазмұнын анықтаудың негізі. Неліктен? Дәлулдуңіз.

107.Білім беру мазмұнының құрылымына сипаттама.

108.Білім беру мазмұныныңа әсер ететін факторларға талдау жасау.

109.Жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру, олардың өзара байланысы.

110.Оқу жоспары, бағдарламалар және оқулықтарға сипаттама.

111.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: білім беру, жалпы білім, политехникалық білім, кәсіптік білім.

112.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: білм беруде тұлғалық-бағдарлық көзқарас, пәнаралық байланыс, оқу жоспары, оқу бағдарламасы,

113.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: оқулық, білім стандарты, вариативтік білім беру.

114.Әдіс, бір жағдайда, педагогикалық міндеттерді шешудің жолы ретінде сипатталса, ал, екінші бір жағдайда, жекелеген тәсіл ретінде қарастырылады. Сіз қалай ойлайсыз? Дәлелдеңіз.

115.Сіз «оқыту процесінде мұғалім әдістерді қолданану барысында оқушыларға іс-әрекеттің тәсілдерін түсіндіреді, білмеуден білуге қарай жүру жолдарын көрсетеді» – деген пікірді қалай түсіндіресіз? Негіздеңіз.

116.Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерін жіктеудің 20-дан астам түрі бар екенін жазады. Солардың ішінде ең көп тарағаны – білім берудің көздеріне қарай жіктеу. Мұндай көзқарастың ерекшелігі неде? Дәлелдеңіз.

117.Білім берудің қазіргі заманға сай әдістемелерін талдайтын болсақ, жаңашыл педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетіне айрықша мән береміз. Олардың педагогикалық тәжірибелерінің негізгі идеясы қандай? Дәлелдеңіз.

118.Н.К.Крупская оқыту әдістерін таңдап алуда оқушылардың өмір тәжірибесін, білім қорын, іскерлігін есепке алуды талап етеді. Сіздің көзқарасыңыз қалай? Дәлелдеңіз.

119.Бүгінгі таңда оқыту жүйесінде компютерлік және техникалық құралдарды көптеп пайдалану қажеттілігін немен түсіндіресіз? Негіздеңіз.

120Оқытуда көрнекі және техникалық құралдарын, дидактикалық оқу материалдарын пайдалану маңыздылығын дәлелдеу.

121.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру:оқыту әдістері, амал-тәсілдері, құрал-жабдықтары, әдістерлі топтастыру, танымдық іс-әрекетті белсендіру.

122.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру: білім беру көзі, сөзге, көрнекілікке, практикалық әрекетке негізделген әдістер.

123.Білім беру – бұл адамның ғылым және мәдениет әлеміне енуінің бірден бір тиімді және қарқынды тәсілі ретінде. Дәлелдеңіз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных