ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Асқазаннан қан кеткенде жедел жәрдем көрсету.Қан кету дегеніміз қан тамырларынан қанның шығуы. Қан кету көбінесе механикалық жарақаттар (жарақаттану), қан тамырлар қабырғаларының ақаулықтары (ісіктердің ыдырап, қабынуы кезіндегі аррозивті қан кету), тамыр қабырғалары өткізгіштігінің бұзылысы диапедезді қан кетуге (авитаминоз, сепсис, интоксикация) байланысты болады. Этиологиясы: асқазанның және он екі ішектің жара ауруы, асқазан обыры, эрозивті гастрит, Мэлори – Вейс синдромы. Клиникалық белгілері: · «кофе тұнбасы» түстес құсық · қошқылданған қара нәжіс (мелена) · бас айналу, жалпы әлсіздік, салқын тер · тері және кілігіей қабаттарының бозаруы · АҚ төмендеуі, тахикардия · Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну Асқазаннан кеткен қанды өкпеден кеткен қанмен салыстыру қажет.
Жедел жәрдем: Дәрігерді шақырту - науқасты жатқызу - физикалық және эмоцияналдық тыныштық - тамақ пен суды қабылдауға тиым салу - эпигастрий аймағына мұзды мұйық қою Дәрілерді дайындау: - Дицинон (этамзилат) 12,5% - 2 мл ерітіндісін 18 мл стерильді изотоникалық натрий хлорид ертіндісімен көк тамырға. - АҚК толықтыру үшін: изотоникалық натрий хлорид ертіндісі к/т. - АҚ, пульсті, науқастың жалпы жағдайын бақылау. -Науқасты аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізу. (Егер обырлық қансырау болса онкологиялық ауруханаға жеткізіледі)
Тақырып: Холецистит, панкреатитте мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Созылмалы холецистит- өтқабы қабырғасының зақымдануына, моторикасының бұзылысына әкелетін және өт тастарының түзілуіне септігін тигізетін өтқабының бейспецификалық қабыну ауруы. Этиологиясы: · инфекция · өттің іркілісі · өтқабы қабырғасының тітіркенуі немесе жарақаттануы Патогенезі: Инфекция өт жолдарынаүшжолмен түсуі мүмкін: Ø Ішектен өрлеп түсуі. Ø Гематогендік Ø Лимфогенді Клиникалық белгілері. Басты белгі: оң қабырға астынын, кейде эпигастрийдің мезгіл-мезгіл немесе үнемі сыздап ауырсынуы. Майлы, өткір тағамдар, психоэмоциялық күйзелістер, ауыр дене қызметі, менструацияның келер уақыты аурудың күшеюіне немесе дамуына түрткі болады. Ауырсыну кеуденің оң жартысына, оң жауырынға, оң бұғанаға, белдің оң жағына таралады. Кейде дене температурасы көтеріледі. Кейбір науқастарда нұрлы қабат жəне терінің сарғаюы байқалады. Науқастардың басым көпшілігінде артық дене салмағы анықталады. Диагностикасы: ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды ҚБА: АЛТ, АСТ, холестеринді, жалпы ақуыз жоғарлайды Дуоденалдық зерттеу: В порцияда лейкоциттер Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ Эзофагогастродуоденоскопия Копрологияға нəжісті зерттеу Холецистография: өтқабының деформациясы, жөнді толмауы, тонусының, жиырылуының бұзылыстары. Холеграфия - өтқабының бүрісуі, тасқа толуы Емі: Диета №5. Антибактериалды ем Қабынуға қарсы ем: СЕҚҚП Өт айдайтың дәрілер. Өт қабының гипертониялық дискинезиясы кезінде спазмолитиктер. Гипотониялық дискинезия кезінде холецистокинетиктер Полиферменттік терапия
Этиологиясы. · Ішкілікке салыну 90% · Билиарлық гипертензия · Дуоденобиллиарлық рефлюкс · Алиментарлық фактор- майлы, қуырылған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің тапшылығы · Вирустық инфекция · Дәрілердің әсері Патогенезі. Алкоголь ұйқыбездің секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың мөлшерін арттырады. Қысымның биіктеуінен, түтікшелері жарылып бездің паренхимасына өткен ферменттер оны бейтараптайды. Бездің өз өзін бейтараптауынан химиялық некроз дамиды. Дуоденобиллиарлық рефлюксте ұлтабардың сөлі ұйқыбездердің түтіктеріне өтеді. Ұйқыбездің ферменттері паренхима және түтіктерді зақымдайды. Кейбір дәрмектер (нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрілер) ұйқыбезді алкогольдей зақымдайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|