![]() ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бауыр циррозының жіктемесіМорфологиялық түрлері: Микронодулярлық Макронодулярлық Аралас Бауыр шасушаларының шамасыздығы: Компенсацияланған Декомпенсацияланған Клиникасы. Бауыр циррозында да астеникалық, ауырсыну, диспепсиялық, цитолиздік, иммунды қабыну, гиперспленизм, холестатикалық, геморрагиялық синдромдар пайда болады. Бұл синдромдардың күштілігі цирроздардың түрлеріне байланысты. Бауыр циррозында гепатиттерден айырмашылығы порталды гипертензия синдромы кездеседі. Порталды гипертензия синдромының ерте белгісі (асцитке дейін): метеоризм, диспепсиялық өзгерістер (тәбеттің төмендеуі, жүрек айну). Кейін спленомегалия, асцит, өнештің, асқазанның, тік ішектің тамырларының варикозды кеңеюі пайда болады. : 1. Алғашқы белгілер: тәбеттің төмендеуі, астениялық синдром, оң қабырға астының ауырсынуы немесе салмақ сезінуі, асқазандық, ішектік диспепсия белгілері.Диспепсия себебі портальдік гипертензиядан іш қуысының тақ мүшелеріндегі қан іркілісі. 2. Гепатомегалия – ең жиі кездесетін белгі 80 – 90%- бауыр тығыз, шеті үшкір,беті бұдыр немесе тегіс. 3. Спленомегалия – портальдік гипетензиядан дамиды,талақтың консистенциясы тығыз, шеті жұмыр. 4. Субфебрилды температура – некроз бен қабынудың күшеюін көрсетеді. 5. Сарғаю – алғашқы кезінде өтпелі, кеш сатыларында терінің түсі жасыл ренді. 6. Холестаз белгілері – терінің қышынуы, ксантомалар, тері пигментациясы, остеопороз, геморрагиялар. 7.Тері мен кілігей қабаттардың, тері өсінділерінің өзгеруі: тері бозарған, пальмарлық эритема, тырнақтардың ағаруы немесе ақ дақтардың болуы, «дабыл таяқшалар» белгісі, бет, жауырын, иықтың терісінде және ауыз, мұрын кілегей қабаттарында тамыр жұлдызшалары, геморрагиялар, «лакталған» жылтыр тіл, еріннің қызаруы. 7. Бұлшықеттердің атрофиясы, әсіресе иық белдемесінің, қабырға аралықтарының, қол – аяқ бұлшыеттерінің. 8. Жүрек-қантамыр жүйесінің өзгерістері: гиперкинетикалық синдром (терінің құрғақтығы және жылылығы, толық жиі пульс, жүрек ұшының қағуының күштңлңгң,систолалық шу,пульстік қысымның биіктеуі), оң қарынша шамасыздығы. 9. Эндокриндік бұзылыстар – гиперэстрогенемия (гинекомастия, импотенция, дис және аменорея, түсік түсу,сақал–мұрттың сиреу), қантты диабет (ұйқы безінің фиброзынан) 10. Портальдік гипертензия –іш ауруы (компенсация кезінде), іш керілу,метеоризм, жүрек айну, іш өту, эпигастрий аймағының ауруы, спленомегалия, асцит, «медуза басы» 11. Бауыр – жасушалық шамасыздығы – тәбеттің жойылуы, жүрек айну, арықтау, темекі, алкогольді көтермеу, бұлшықет атрофиясы, энцефалопатия, геморрагиялық диатез, гиперэстрогенемия. 12. Мезенхималдық қабыну синдромы – (бұл синдром БЦ активтілігінің биіктігін көрсетеді): дене қызуының көтерілуі, спленомегалия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, эозинофилия, тимол сынамасының ұлғаюы
Емі. Төсек режимі Диета №5 Этиотропты ем: Вирусты гепатитте – интерферон антигендер анықталған жағдайда Билиарлы цирроз – урсодезоксихилол қышқылы немесе хирургиялық ем Аутоиммунды цирроз – глюкокортикостероидтар, цитостатиктар
Симптоматикалық ем: Зәр айдаушы дәрілер Плазма немесе альбумин құю Ферменттік препараттар Витаминотерапия
Жедел бауыр жеткіліксіздігі дегеніміз - бауырдың жедел және созылмалы ауруларының немесе бауырдың жедел және созылмалы улануы нәтижесінде болатын бауыр ауруының аса ауыр асқынуы. 1. ішкі (эндогенді), 2. сыртқы (экзогенді) жедел қан кету, гипоксия, алкоголь, ауыр хирургиялық операциялар. мазасыздық немесе бейжайлық, бұлшық еттердің дірілі, тез шаршау, әлсіздік, басы ауру, тамаққа тәбеті төмендеу, терісі сарғаю, көздің ақ еті сарғаю, құсу, кейде қан құсады. Диагностикасы:
Тақырып: Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру – энтерит, колитте.гельминтозда. Энтерит - аш ішектің кілегей қабатының дистрофиялық қабынуы. Қабыну нәтижесінде аш ішектің сіңіру және қорыту қызметтері бұзылады.
Этиологиясы: Ø жедел ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, лямблиялар ж.т.б Ø алиментарлы фактор – мезгілімен тамақтанбау, ащы және қышқыл тамақ,алкоголь көп қолдану Ø аллергиялық факторлар (сүт, балық, шоколад, жұмыртқа ж.т.б. тағамдар) Ø дәрілер (әсіресе антибиотиктар) көп қолдану
Патогенезі: Аш ішектің кілегей қабатында гиперемиялық ошақтар пайда болады. Осы жерлер ісініп, қабынады. Ішек ішіне экссудат жиналады, ұсақ нүктелі қансырау дақтары пайда болады. Ішек бездері атрофияға ұшырайды.
Классификациясы: І. Этиологиясына байланысты: инфекциялық, паразитарлы,токсикалық, алиментарлы ІІ. Орналасуына байланысты: ащы ішектің жоғарғы, төменгі бөліктерінде немесе бүкіл ішекте орналасқан ІІІ. Ағымына байланысты: жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрі ІV. Кезеніне байланысты: өршу немесе ремиссия кезені
Клиникасы: Ауырлығына байланысты 3 дәрежеге бөлуге болады: І дәреже – іш құрылдау, метеоризм, іш ауру, сирек іш өту іш қатумен алмасады, дене массасының 5 кг төмендеуі. ІІ дәреже – іш өту, полифекалия, креаторея, стеаторея, дене салмағының 10 кг дейін төмендеуі. ІІІ дәреже – іш өту, қатты арықтау (10 кг көп), тері және кілегейлер құрғақ, интоксикация белгілері (тахикардия, әлсіздік, тершендік, тәбетін төмеңдеуі), «барабан таяқшалары», тырнақтар «сағат әйнегі» белгілері,остеопороз). Ағзаның бүкіл жүйелері зақымданады.
Диагностикасы: ЖҚТ: анемия белгілері ҚБТ: гипопротеинемия, гипогликемия, гиперхолестеринемия. Нәжістің талдауы: стеаторея,креаторея, амелорея, полифекалия.
Емі: 1. Диета: күніне 5-6 рет суға және буға піске тамақтармен тамақтану. 2. Антибактериалдық терапия: ампициллин 0,5 – 1,0 г т 4-6рет, канамицин 0,2г 4-5 рет, эритромицин 0,25г 3-4 рет 3. Дезинтоксикациялық терапия. 4. Фитотерапия:таңқурай, итмұрын,қаражидек Колит - тоқ ішектің кілегей қабатының дистрофиялық қабынуы. Этиологиясы: Ø жедел ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, лямблиялар ж.т.б Ø алиментарлы фактор – мезгілімен тамақтанбау, ащы және қышқыл тамақ көп қолдану Ø гельминттер Ø дәрілер көп қолдану
Патогенезі: Этиолгиялық факторлардан ішекте дисбактериоз дамиды. Бұл ағзаның иммунитетін төмендетіп ішектердің қабынуына соқтырады.
Классификациясы: І. Этиологиясына байланысты: инфекциялық, паразитарлық,токсикалық, алиментарлы ІІ. Орналасуына байланысты: ащы ішектің жоғарғы, төменгі бөліктерінде немесе бүкіл ішекте орналасқан ІІІ. Ағымына байланысты: жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрі ІV. Кезеніне байланысты: өршу немесе ремиссия кезені
Клиникасы: Ø іштің төменгі бөліктерінде ауырғандығы Ø іш өту тәулігіне 10-15 рет іш қатумен қатар Ø нәжіс «қой» нәжісіне ұқсас Ø нәжіске кілегей, қан араласуы, шірік иісті Ø тенезімдер Ø жалпы әлсіздік, тез шаршау, қызу көтерілу Ø метеоризм
Диагностикасы: ЖҚТ: лейкцитоз, ЭТЖ жоғары Нәжістің талдауы: кілегей, лейкоциттер көп Ректороманоскпия, колоноскопия: қабыну белгілері
Емі: 1. Диета: күніне 5-6 рет суға және буға піске тамақтармен тамақтану. 2. Антибактериалдық терапия: антибиотиктер және сульфаниламидтер 3. Дәрумендер 4. Дезинтоксикациялық терапия 5. Минералды сулар
Энтероколиттердің алдын алуы: Ø жедел энтерокколиттерді емдеу Ø құрттарды жою Ø дұрыс және мезгілімен тамақтану Ø санаторлы курорттық ем
Гельминтоздар – паразитті құрттар гельминттерімен тудырылатын аурулар тобы. Гельминттер улы затар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: энтероколит, аллергия, анемия,пневмония, жүйке жүйесінің қызметі бұзады.
Классификациясы: Жұғу жолдарына байланысты 3 түрі бар: 1. биогельминтоздар – адамғажануарларданжұғады 2. геогельминтоздар – гельминттар даму жолы топырақта өтеді 3. контагиозды – адамғаауру адамнанжұғады Патогенезі: Паразиттерден ағзада еңіп дисбактериоз дамиды. Бұл иммуниттеті төмендетіп қабыну пайда болады. Клиникасы: Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|