ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жедел гломерулонефрит.Жедел гломерулонефрит – стрептококтық инфекцияға тәуелді дамитын, шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің инфекциялық- аллергиялық ауруы. Этиологиясы: · басты себебі А топты бетта – гемолиздеуші стрептококк · вирустар · аллергендер · жәндіктердің уы · бүйрек веналарының тромбозы Патогенезі: иммундыкомплекстік механизм. Классикалық жедел гломерулонефрит фарингиттен, тонзилиттен, стрептодермиядан 10-12 күннен кейін дамиды. Осы уақытта антиденелер түзіліп үлгереді. Ауру көбінесе 2 – ден асқан балаларда және 40 –қа жетпеген ересек адамдарда пайда болады. Ер адамдар 1,5 – 2 есе жиі кездеседі. Клиникалық белгілері: ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауруы, АҚ жоғарылауы. Дизуриялық өзгерістер: дәретке жиі шығу, үрпінің ашуы болады. Себебі: концентрациясы жоғары және қышқыл зәр тыныс алу жолдарының тітіркендіреді. Зәрдің түсінің өзгеруі: қызғылт, жас еттің шайындысына ұқсайды. ЖЗА: протеинурия, гематурия, цилиндрурия Асқынулары: · Бүйректің жедел шамасыздығы · Жедел бүйректік гипертензиялық энцефалопатия · Жүректің жедел шамасыздығы Емі: Төсек тәртібі 2-4 апта Диетотерапия (су мен ас түзін шектеу) Этиологиялық ем: антибиотиктер Патогенездік ем: глюкокортикостероидтар, антикоагулянттік және антиагреганттік ем (шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның және содан бүйрекші қанағымының, шумақтық фильтрациясы төмендеуінен) Ісіну синдромын емдеу: сұйықтық пен тұзды шектегеннен ісіктер 2 апдада қайтады. Ісіну қайтқанға дейін ішетін судын мөлшері диурезге тәуелді болу керек (тәуліктік диурез + 400мл). Судын балансын тексеріп тұру қажет.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|