ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар5.Симптоматикалық ем: диуретиктер, гипотензивті препараттар. Профилактикасы: салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, инфекция ошақтарын жою, егулерді қолданбау. Жедел бүйрек жетіспеушілігі – түрлі себептер салдарынанбүйрек негізгі функцияларының кенеттен жоғалуы. Жіктемесі: І.Преренальді: жүрек жетіспеушілігі,өкпе артериясының тромбоэмболиясы, шок, коллапс, ауыр аритмиялар,жүрек тампонадасы, кардиогенді шок, қан айналым көлемінің азаюы (қан кету, ісіктер, күйіктер, асцит, диарея, құсу, кардиогенный шок, анафилактикалық немесе токсикалық шок) Ренальді: токсиндер (ауыр металлдар, алкоголь, дәрілер), бүйрек қан айналымының бұзылуы, гломерулонефрит, пиелонефрит Постренальді: екі жақтық бүйрек тас ауруы, несеп қуық, простатаның, несепағардың ісіктері, уретрит, периуретрит ІІ. Олигуриялық, олигуриялық емес ІІІ.Функционалдық, органикалық Асқынулар: Гипергидратация синдромы Өкпе ісінуі Бас ми ісінуі Ми қан айналымының бұзылуы Гипертензия синдромы Инфекция Қауіп қатер факторлар: Шок Токсиндер (ауыр металлдар, дәрілер, аллергендер) Иммунологиялық фактор (гломерулонефриттер ж.т.б.) Инфекциялар Дегидратация Гемолитико –уремиялық синдром Шағымдары: ісінулер, зәр шығарудың азаюы. Объективті: ісіктер, олигоанурия, артериалдық гипотония Диагностикасы: Диурез бен ішкен сұйықтықты өлшеу ЖҚА, ЖЗА Креатинин, мочевина, қалдық азот Калий қан құрамындағы Гематокрит Жалпы белок УДЗ Емдеу принциптері: Жедел госпитализация Себепті жою Режим: тұз шектеу Диуретиктер Антибактериалды ем
Бүйректің созылмалы шамасыздығы – нефрондардың азаюынан, қалған нефрондардың функциялық кемістігінен дамитын, ақырында гомеостаздың бұзылысына әкелетін бүйректің жетіспеушілігі. Этиологиясы. Бүйректің созылмалы шамасыздығы – бүйректің көптеген созылмалы ауруларының ақырғы сатысы. Бұған әкелетін аурулар: · Шумақтарды басыи зақымдайтын аурулар · Бүйрек түтікшелерін және интерстицийдін басым зақымдайтын аурулары · Дәнекерлік тіннің жүйелі аурулары · Жүйелі васкулиттер · Бүйректің туа біткен аурулары · Зат алмасу бұзылысының аурулары · Обструкциялық нефропатиялар Патогенезі. Бүйректің созылмалы шамасыздығының дамуының негізгі механизмдері: 1. Негізгі аурудың себебінен нефрондардың біртіндеп жойылуы, жойылған нефрондардың орны дәнекерлік тінге алмасуы 2. Сау қалған нефрондардың гипертрофиялануы. Клиникалық белгілері: Бүйрек шамасыздығындағы синдромдар: Ø Дистрофиялық – дене массасының төмендеуі, терінің және кілегей қабаттарының өзгеруі Ø Азоттық қалдықтардың бүйректен тыс элиминациясы – элиминациялық паротит, стоматит, гастрит, энтерит, плеврит, перикардит Ø Азотемиялық – қалдық азот, мочевина, креатинин жоғарлауы Ø Симптомдық гипертония – гипертониялық энцефалопатия, жүрек гипертрофиясы, жүрек шамасыздығы, ангиоретинопатия Ø Несептік синдром – изо, гипостенурия, полиурия және оның олигурияға ауысуы
Бүйректің созылмалы шамасыздығының клиникалық түрлері: компенсацияланған және декомпенсацияланған. Компенсацияланған сатының белгілері: нефрондардың азаюынан, қалған нефрондарға осмостық күш түсуі жоғарылайды, нәтижесінде зәрдің мөлшері көбееді: полиурия және никтурия дамиды. Клиникалық белгілері: шөлдеу, полиурия, әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, артериалық гипертензия (осыдан мұрын қанау, көру нашарлау) Декомпенсацияланған сатысының белгілері: олигурия, азотемия. Гемодиализ немесе бүйрек трансплантациясын жасамаса уремия дамиды. Клиникалық белгілері:ісінулер, тері боз, құрғақ, қышынулар, қасыну іздері, ауызынан уремиялық иіс -аммиак иісі. Терінің зақымдануы: терісі боз, сары түсті (урохрома жиналғаннан), құрғақ, қышыну, беттің ісінуі. Тыныс алу жүйесі:жөтел, тұншығу, кейде өкпе ісінуі (уремиялық ісіну) Жүрек қантамыр жүйесі: АҚ жоғарлауы, (280-300 мм.с.б.), жүрек қағулары. Зәр шығару жүйесі: полиурия, соңғы кезенде олиго және анурия, зәр тығыздығының төмендеуі, никтурия. Жүйке жүйесі жағынан әлсіздік, ұйқышылдық, тремор, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тітіркенгіштік, санасының бұзылуы (ступор, кома), полинейропатия, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тырысулар, инсульт. Асқорыту жүйесі: жүрек айну, құсу, шөлдеу, дәмнің бұрмалауының, тәбеттің жойылуы, стоматит, паротит, гастрит, колит, диарея, арықтау. Сүйек жүйесі: остеомаляция, остеодистрофия, патологиялық сынулар, сүйек деформациялары (паратиреоздан) Жалпы белгілері: дене температурасының төмендеуі, ауыздан зәр иісінің шығуы, жалпы әлсіздік. Диагностикасы. ЖҚА: анемия Уремия (мочевина, креатинин жоғарлауы) Гиперкалиемия Гипопротеинемия Метаболикалық ацидоз Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі Протеинурия, гематурия, цилиндрурия Емдеу принциптері: Диета (ақуыздар, калийді шектеу) АГ реттеу Анемияны емдеу:эритропоэтин, темір препараттары міндетті түрде к/т Симптоматикалық ем Гемодиализ Бүйрек трансплантация .
Шұғыл көмектер Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|