Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Миокард инфаркті, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.




Миокард инфаркті – жедел коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықетінің ишемиялық некрозы.

 

Жіктемесі:

Жүрек бұлшықетінің теренділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы:

Трансмуралды және трансмуралды емес

Трансмуралды миокард инфаркті (Qтісшелі) некроз ошағы жүрек бұлшықетінің субэндо –эпикардиалды миокард қабатының барлық жағынан зақымдалуы

ЭКГ бетінде R тісшесі не QSкомплексінің пайда болуы. Осыдан трансмуралды миокард инфарктінің синонимі «Q тісшелі» миокард инфаркті

Трансмуралды емес миокард инфаркті (Q тісшесіз) некроз ошақтары тек сол қарыншаның субэндокардиалды немесе интрамуралды бөліктерін зақымдайды және QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді.

Ауру ағымының сипатына байланысты:

ü Біріншілік –анамнезінде және аспаптық тексерулерде миокард инфарктінің белгілері болмаған

ü Қайталамалы-бұрын миокард инфаркті болған туралы құжаттылық мәлімет болса және айқын жаңа некроз ошақтары пайда болса

ü Рецидивті- миокард инфаркті клинико –зертханалық және аспаптық зерттеу белгілерімен, миокард инфаркті дамығаннан кейін мерзімі 72 cағаттан 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтары пайда болуымен сипатталады

Ауру сатысына байланысты:

· Қасқағым кезең - миокард инфаркті дамығаннан 2 сағатқа дейін

· Жедел кезең – миокард инфаркті дамығаннан 10 күнге дейін

· Жеделдеу кезең – 10 күннен бастап 4-8 аптаға дейін

· Инфаркттан кейін кезең 4 – 8 аптадан кейін

Асқынулары:

Ø Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

Ø Кардиогенді шок

Ø Ритмнің бұзылуы

Ø Өткізгіштіктің бұзылуы (синусты – атриовентрикулярлы блокада, АВ блокада, Гис шоғырының блокадасы)

Ø Жедел сол қарыншаның аневризмасы

Ø Миокардтың ішкі және сыртқы жыртылуы

Ø Асептикалық перикардит

Ø Тромбоэмболиялар

 

Жедел миокард инфарктіне тән симптомдар:

o Ангинозды ауыру синдромы

o Инспираторлы ентікпе

o Тері жабындысының түсінің өзгеруі (бозару, цианоз)

o Мұздай жабысқақ тер

o Қозғалмалы мазасыздық

o Өлімнен қорқу

o Полиурия

Гипотония.

Миокард инфарктісінде ауырсыну сезімінің түрі өте интенсивті күйдіріп, басып ауырсыну, локализациясы стенокардиядағыдай (төс артының, жүрек тұсының), ұзақтығы 30 минуттан жоғары, бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Ауырсыну толқын тәріздес: біресе күшееді, біресе әлсірейді.Ауырсыну нитроглицеринге басылмайды, тек қана наркотикалық анальгетиктер басады (морфин гидрохлориді)

Ауырсыну әр уақытта өлім қорқынышымен, қозумен қатар жүреді.

 

 

Миокард инфарктінің атипиялық түрлері:

1.Астматикалық –жедел сол қарыншалық жетіспеушілік (жөтелу, демікпе), көбінесе егде адамдарда кездеседі

2.Абдоминалды – ауырсыну сезімі эпигастрий аймағында, оң жақ қабырға астында, диспепсиялық белгілер (жүрек айну, жеңілдік әкелмейтін құсу, кекіру, ықылық ату)

Көбінесе жас ер адамдарда кездеседі (миокард инфаркті артқы қабырғада орналасқанда)

3.Аритмиялық түрі. Әр түрлі бұзылыстар болуы мүмкін, паркоксизмдік бұзылыстардан басталады. Пароксизмдер кенеттен пайда болып, кенеттен басылады.Жүрек тұсындағы ауырсынулар болмауыда мүмкін.

4. Цереброваскулярлық түрі –ми қан айналым бұзылыстарындағы белгілер кездеседі: бас ауру, айналу, жүрек айну, құсу. Қарт адамдарда инфаркт пен инсульт бірге дамығанда кездеседі.

5.Перифериялық-ауырсыну сезімсіз, тек иррадиациясы бар.

6.Аз симптомды немесе симптомсыз.

 

ЭКГ белгілер:

3 зона белгісін көруге болады:

ü Т тісшесінің теріс болуы немесе Т тісшесінің қос фазалы болуы немесе оның тегістелуі

Т тісшесінің өзгеруі тек қана ишемия туралы айтады

ü ST зақымдалу зонасы. ST жоғары доға тәрізді көтерілуі

ü Некроз зонасы – миокардтың зақымдалу ошағының ортасында орналасады. Негізгі белгісі: Q патологиялық тісшесінің пайда болуы (қалыпты жағдайда Q тісшесі R тісшесінің ¼ бөлігін түзейді және ұзақтығы 0,03 с аспайды)

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных