Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Стенокардия, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.




Стенокардия – ЖИА түрі, миокардтың өтпелі ишемиясынан дамитың синдром.

ЖИА Қауіп қатер факторлары:

1.Модифицирілінбейтін немесе әсер ете алмайтын:

· Наукастың жасы

· Науқастың жынысы

· Тұқым қуалаушылық бейімділігі

ЖИА ер адамдарда 50-55жаста жиі кездеседі, әйел адамдарда менопаузадан кейін

2.Модифициеленетің немесе әсер ете алатың

· Семіздік

· Зиянды әдеттер

· Артериалды гипертензия 140/90мм.с.б.жоғары

· Қант диабеті

· Гиподинамия

· Гиперхолестеренемия

Этиологиясы:

95 % жағдайда коронарлық тамырлардың атеросклерозы (органикалық себебі)

4 % жағдайда коронарлы вазоконстрикция (тамырлардың спазмы) (функционалды себебі)

1 % микроэмболиялар

 

Стенокардияның 2 түрі бар:

Тұрақты және тұрақсыз.

Тұрақты – күш түскенде болатын, тұрақсыз кез келген кезде пайда болатын.

 

Тұрақты (күш түскенде пайда болатың) стенокардияның кластары:

Функционалды кластары –

1. шамадан тыс күш түскенде пайда болатың ауырсыну сезімі

2.тегіс жерде 500м артық жүргенде, 1 қабаттан жоғары көтерілгенде пайда болатың ауырсыну сезімі

3.тегіс жерде 500 метрден аз жүргенде, 1 қабатқа көтерілгенде пайда болатың ауырысну сезімі

4.өрістеуші – тыныштықта 100 метрден аз жүргенде, шамалы күш түскенде пайда болатың стенокардия

Стенокардияда ауырсыну сезімінің ерекшелігі:

Тұрақты стенокардия кезінде басып, қысып физикалық күш түскенде, төс артында орналасады, сол қолға, иыққа, төменгі жақ астына, мойынның сол жақ бөлігіне иррадиация береді, ұзақтығы 3 – 5 минут, 30 минутқа дейін.

Ауырсыну сезімі стереотиптік: тек ауырлықтың бір күші тудырады.

Вегетативті өзгерістер пайда болады: жиі беткей тыныс, терінің бозаруы, тершендік, ауыз кебу. Тамыр соққысы жиі немесе сирек, АҚ жоғарлайды.

Тұрақсыз стенокардияның клиникалық варианттары:

1.Тыныштықта және алғашқы рет пайда болған стенокардия

2.Өрістеуші стенокардия

3.Инфаркттан кейін ерте пайда болған стенокардия (10-14күн ішінде)

4.Принцметал стенокардиясы (вазоспастикалық)

5.Ангиопластикадан кейін 2-6 ай ішінде пайда болған cтенокардия

6.Аорто – коронарлы шунттаудан кейін пайда болған стенокардия

Тұрақсыз стенокардия кезінде көрсетілетін көмек көлемі миокард инфаркті кезіндегі көмекпен бірдей.

Мақсаты: миокард инфаркттың алдын алуы.

Стенокардияны туғызатың факторлар: физикалық жүктемелер (жүру, баспалдақпен көтерілу, тауға шығу, ауыр көтеру), психо- эмоционалдық күйзелістер, суықтың әсері (жалпы немесе жергілікті), тойып тамақтану, іш қуысының ауруларының өршу кезеңдері

ЭКГ –стенокардия ұстамасы кезінде Т тісшесінің теріс болуы, ырғақтықтың және өткізгіштіктің бұзылуы кездеседі.

Жедел жәрдем:

- ыңғайлы жағдай жасау (науқасты отырғызу)

- эмоционалды және физикалық тыныштық тағайындау

- таза ауамен қамтамасыз ету

- 0,5 мг нитроглицеринді тіл астына немесе

- изокет спрейдің 0,4 мг ингаляциясын, әсері болмаса 3 -5 минуттанкейін қайталау

(АҚ бақылауымен, барлығы 3 таблеткадан көп болмау қажет) (перифериялық вазодилятатор, антиангиналды препарат)

Жағдайы жақсармаған жағдайда кардиологиялық бөлімге жеткізу.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных