Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бронх астма, этиологиясы, клиникалық белгілері. Бронх ұстамасы, жедел жәрдем көрсету.




Бронх демікпесі - бронхтардың экзогенді немесе эндогенді факторларға жоғары сезімталдығымен бронхоспазм нәтижесінде пайда болған ұстамалы ауру. Аллергендердің тыныс жолына түсуімен, шаң- тозаңға, айналаның ластануымен байланысты. Науқастың клиникалық сипаттамасына жөтел, ентігу, ұстамалы тұншығу, алыстан естілетін сырылдар тән.

Әдетте, бронхиалды астма ұстамасы аллергенмен қайта кездескенде, суық ауа жұтқанда, физикалық күш түскенде аяқ асытынан басталады, түнгі ұстамалар типті, құрғақ жөтел ұстамадан бұрын мазалайды, науқас мәжбүр халде болады. Науқастың дем алуы жиіленіп, экспираторлы ентігу тән, кеудеден ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі.

Біраздан соң ұстама басылып ылғалды қақырық пайда болады, дем шығару фазасы қысқарып, дем алу актісі жеңілдеп және сирей бастайды.

Этиологиясы:

Экзогенді факторлар:

Ø Инфекциялық аллергендер

Ø Инфекциялық емес аллергендер (өсімдік тозаңдары, шаң, өндірістік аллергендер, дәрмектер, тағамдар,микроскопиялық кенелер

Ø Механикалық және химиялық тітіркендіргіштер (кәсіптік шаңдар, химиялық булар)

Ø Метеорологиялық факторлар

Ø Стресстік, психикалық факторлар, физикалық күш түсу

Эндогенді факторлар: иммундық, эндокриндік, вегетативтік нерв жүйесінің, бронхтар реактивтілігінің және сезімталдығының, мукоцилиарлық аппаратының, өкпе тамырларының туа кемістіктері.

Ең басты эндогендік фактор – атопия. Атопия аллергендермен жанасқанда IgЕ шамадан артық түзілуіне туа біткен бейімделік.

Патогенез. Бронхтық астманың негізгі патлогиялық өзгерісі – бронхтардың ұстамалы тарылуы. Тарылудың себептері:

o Бірыңғай салалы бұлшықеттердің спазмі

o Тыныс алу жолдарының кілегейінің ісінуі

o Кілегейдің гиперсекрециясынан тығындар пайда болуы

o Аурудың созылмалы және ауыр түрінде бронхтардың қабырғаларының склероздануы

Клиникасы. Үш негізгі синдром дамиды:

Ø Бронхообструкция синдромы – экспирациялық ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың ұзаруы, құрғақ ысқырық сырылдар,ФӨТС,Тиффно көрсеткішінің төмендеуі, пневмотахометрияда – тыныс шығарудағы бронхтық кедергінің күшеюі.

Ø Қабыну синдромы – қызудың көтерілуі, қақырық бөлінуі, ЭТЖ жоғарлауы, солға ығысумен лейкоцитоз, интоксикация белгілері.

Ø Аллергиялық синдром – ринопатия, есекжем, қышыну, терілік оң сынамалар, эозинофилия, қан мен несепте биологиялық белсенді заттардың болуы.

Диагностикасы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА,, қақырықтың жалпы анализі, кеуде қуысының рентгенографиясы, спирография, тері сынамалары.

Емі. Препараттар екі топқа бөлінеді: жалпы ауру белгілерің жеңілдетін дәрілер (симптоматикалық ем) және негізгі (базисті) препараттар (глюкокортикостероидтар)

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных