ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кпеден қан кету, этиологиясы, клиникалық белгілері, жедел көмек көрсету.Өкпеден қан кету— тыныс жолдарына қан құюылу жағдайы. Жөтелген кезде қақырықпен аралас қан шығуы болады. Этиологиясы: өкпенің деструктивті аурулары, бронхогенды рак, туберкулез, пневмония, бронхоэктаз ауруы, өкпе инфарктысы, митралды стеноз, жүрек жетіспеушілігі. Клиникасы: алқызыл көпіршікті, ұйымайтың, реакциясы сілтілі қан жөтелмен бірге бөлінеді. Қан кетудің мөлшеріне қарай бөлінуі: - қанды қақырық – түкірікпен немесе қақырықпен бірге қанның немесе ұйындыларының бөлінуі - аз қан кету - 1-дәреже - 5-100 мл-ге дейін,тахикардия -минутына 100 дейін, систолалық АҚ -100 мм.с. б. - орташа қан кету -2 дәреже - 500 мл-ге дейін, әлсіздік, тахикардия минутына 100-н аса, систолалық АҚ -90 мм. с.б,терісі салқын, бозғылт. - көп немесе профузды қан кету —3- дәреже—500 мл ден астам- геморрагиялық шок даму мүмкін, пульс жіп тәрізді, систолалық.АҚ -90 мм. с.б -нан төмен, анурия. Көп қан кетуден геморрагиялық шок, асфиксия дамиды.
Өкпеден кеткен қанды асқазаннан кеткен қанмен салыстыру қажет.
Жедел жәрдем: . Дәрігерді шақыру - Науқасты отырғызу - Физикалық және эмоционалдықтыныштық (сөйлеспеу керек). - Мұз түйіршіктерін жұтқызу немесе аз-аздап суық су ішкізу. Дәрілерді дайындау: - Дицинон (этамзилат) 12,5% - 2 мл ертіндісі қосылған 18 мл стерильді изотоникалық натрий хлорид ертіндісін көк тамырға енгізу (гемостатикалық препарат) Промедол 1% ертіндісі 0,5-1мл (қиналып жөтелгенде, ауырсынуда) (наркотикалық анальгетик) - Отырған қалпында ауруханаға жеткізу
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|