Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.




Бүйрек тас ауруы - бүйректерде және зәр шығару жүйесінің басқа мүшелерінде тас пайда болуымен сипатталатың ауру. Бүйрек тас аурулары урологияда жиі кездесетін ауру. Жиі 30-55 жастағы адамдарда кездеседі.

Тас көбіне сол бүйрекке қарағанда, оң бүйректе жиі байқалады.

Бүйрек тас аурының негізгі симптомдары:

· Бел аймағының ауырсынуы

· Гематурия

· Лейкоцитурия

· Дене температурасының жоғарылауы

· «Соққылау» симптомы оң

Бүйрек шаншуының себептері: бүректас ауруы, гидронефроз, нефроптоз, туберкулезде несепағардың қанмен, казеозды массалармен бітелуі, несепағардың ісікпен бітелуі, поликистоз. Бүйрек шаншуы кезінде несептің жоғарғы зәр шығару жолдарымен ағуы бұзылып (тостағанша түбекше жүйеде, несепағарда), осы жерде қысым жоғарылап, бүйрек паренхимасының ісінуі, фиброзды капсуласының керілуі пайда болады.

Себепші факторлары: ұзақ уақыт жаяу жүру, жүгіру, ауыр көтеру, мотоциклмен жүру. Кейде бүйрек шаншуы тыныштықтада пайда болуы мүмкін.

Бүйрек шаншуының клиникалық белгілері:

· бел аймағындағы ауырсыну, ауырсыну біртіндеп несепағар арқылы таралып, шапқа, жыныс мүшелеріне беріледі

· жүрек айну, құсу

· дене температурасының жоғарылауы, қалтырау

· ауырсын сезімінен науқас өзіне орын таппайды

· терісі боз

· «соққылау» белгісі оң мәнді

· кейде макрогематурия

Жедел жәрдем:

Дәрігерді шақырту

- ыңғайлы жағдай жасау.

Дәрі-дәрмектерді дайындау:

- «Плеспа» (дротаверин) 2 мл б/е (спазмолитик)

- Кеторол 1мл б/е (СЕҚҚП)

Әсері болмаса:

- 1% - 1,0 мл промедол ерітіндісін к/т енгізу (наркотикалық анальгетик)

-жылы ванна (ыстығы болмаса, су температурасы 380 тан, жайлап 400 көтеру -15-20минут)

Урология бөлімшесіне жеткізу.

 

Тақырып: Гломерулонефрит, бүйрек жетіспеушілігінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Гломерулонефрит – шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің диффузды қос жақты иммундық қабыну ауруы.

Гломерулонефриттің екі түрі бар: біріншілік – бүйректің өзіндік ауруы, екіншілік – басқа бір дерттің синдромы.

Этиологиясы:

1. Инфекциялық аурулар

2.Иммунді комплексті жүйелік аурулар (жүйелі қызыл жегі, ревматоидтық артрит, геморрагиялық васкулит ж.т.б.)

3.Эндогенді немесе экзогенді антигендерінің әсері (қанның сарысуы, өзімдік тозаңы, жәндіктердің уы, тағамдық аллергенедер, дәрілік және химиялық заттар)

Патогенезі. Даму механизмдері:

І. Иммундыкомплекстік механизм. Иммундық комплекстер шумақтың ішіне түйіршектеліп жиналады.

ІІ.Антиденелік механизм – шумақтардың базальдік мембранасының белоктарына арнайы антиденелердің түзілуі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных