ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Т жолына тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бауырдың шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.Өт тас ауруы өт айдайтын жолдарының немесе өт қапшығы мойыны аймағының қабыну өзгерістерімен байқалатын жедел бұзылысты симтомакомплекс. Негізгі себебі: өт тас ауруы, сирек жағдайда - тассыз холецистит болып табылады. Шаншуды пайда болуы:і өт шығуына кедергі болатын тастар, немесе өт қапшығының және жолдарының жедел созылуы. Өт шаншуына әкелетін себепші факторлар: 1. теріс эмоциялар 2. шамадан артық майлы, қуырылған, ашты тағамдарды қабылдау; 3. ішімдік ішу 4. физикалық күштеме 5. нашар жолда жүру 6. еңкейіп физикалық еңбегімен айналысқан жағдай
Кейде шаншудан бұрын оң жақ қабырға астының ауырсынуы, жүрек айну ертерек байқалады, бұл қабынудың белгісі. Клиникалық белгілері: Оң жақ қабырға астының бірден жиі түнгі уақытта шаншып ауырсынуы. Таралуы: оң жақ иыққа, жауырынға, мойынға, кейде бүкіл іш аймағына. Ауырсыну сирек жағдайда жүрек тұсына (стенокардия ұстамасына ұқсас) беріледі. Шаншу үнемі және ұстама түрінде болуы мүмкін. Ауырсыну пайда болуы өт қапшығы ішіндегі қысымының жоғарылауымен, бұлшық ет қабатының түйілуімен, немесе өт қапшығының созылуымен байланысты. Өт тас шаншуы кезінде жеңілдік әкелмейтін құсу анықталады. Ұстамалы ауырсыну бірнеше минуттан, сағатқа, кейбір науқастарда 2 тәулікке дейін созылады. Науқаста қозу, қалтырау, бозару, тершеңдік байқалады, өзіне ыңғайлы жағдай жасауға әрекеттенеді. Ұстамалы шаншып ауырсыну кезінде іш кебуі, іш астары керілуі байқалады. Оң жақ қабырға астына пальпация жасағанда ауырсыну сезімі анықталады. Ауырсыну кезінде бауыр ұлғаяды, өт қапшығы кеңейеді. Өт шаншуы кезінде дене температурасы жоғарылайды, қалтырау ұзаққа созылмайды, кейде сарғаю пайда болады.
Жедел жәрдем: Дәрігерді шақырту - Ыңғайлы жағдай жасау - Дәрілерді дайындау: - 2% - 2 мл «Плеспа» (дротаверин) ерітіндісін б/е; немесе 0,2% - 2 мл Платифиллин гидротартраты б/е -Жағдайын бақылау. Аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізу.
Тақырып: Гепатит, бауыр циррозында,жедел бауыр жетіспеушілігінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Созылмалы гепатит – көбінесе шамалы фиброзбен, бауырдың бөліктік құрылымы сақталуымен өтетін, қабыну – дистрофиялық, көп себепті созылмалы зақымдалу. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары созылмалы гепатитке – 6 айдан кем емес уақытқа созылған бауыр қабынуын жатқызады. Жіктемесі: Этиологиясы байланысты түрлері: 1. Вирустық (В,С,Д, G, белгісіз вируспен туылған) 2. Алкогольдік 3. Дәрілік 4. Аутоиммундық 5. Холестатикалық 6. Криптогенді
Патогенезі: Созылмалы гепатиттің патогенезінің ортақ схемасы мынадай: әртүрлі этиологиялық факторлармен (вирус, алкоголь, дәрі) бауыр тінінің зақымдалуы, иммунды жауап – клеткалық және гуморалды, аутоиммундыагрессия механизмінің қосылуынан бауыр тініндегі созылмалы қабынудың әрі қарай үдеуі. Созылмалы белсенді гепатит қалыптасып, бауыр циррозына ауысады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|