Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, синкопе және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.




Жедел тамыр жеткіліксіздігі –естен тану, коллапс, шок.

Естен тану (синкопе) жедел тамыр жетіспеушілік, бас миының өтпелі ишемиясынан туындатқан кенеттен қысқа мерзімге есін жоғалтумен сипатталады.

Себептері:

· Қарыншалық тахикардия

· Аорталды стеноз

· Вазовагальды (артериалды гипотензия, ыстық бөлмеде болу, қорқу, психоэмоционалдық жағдайлар, ауырсыну синдромы)

· Ортостатикалық гипотензия - горизонталды жағдайдан тез тік жағдайға ауысқанда кездеседі.Себептері: ұзақ төсек режимі, дене температурасының жоғарылауы, қоршаған ортаның температурасының жоғарылауы, жүктілік, ағзаның тез дегидратациясы, ОЖЖ ісіктері)

· Жағдайлық естен тану (зәр бөлуде, дефекация актінде, ж.өтелу ұстамасында ж.т.б.)

Себепші факторлар: қорқу, үрей, қаннан қорқу, интенсивті ауырсыну синдромы, алкоголь қолдану, ұйқы қанбау, ыстық бөлмеде болу.

Клиникалық белгілері: Естен тану бірнеше секундтан 3 – 5 минутқа созылады.

Әлсіздік, көз алдында қарауыту, құлағында шу, жүрек айну, ауа жетпеу сезімі.

Қарағанда: терісі боз, салқын тер, әлсіз тамыр соққысы, гипотония, беткей сирек тыныс.

Жедел жәрдем:

- Науқасты көлденен,жастықсыз жатқызып, керуеттың аяқ бөлігін көтеру

- Қысып тұрған киімдерін босату

- Таза ауамен қамтамасыз ету

- Науқастың бетіне және кеудесіне су бүркіп, суық суға батырылған алақандармен (сүлгімен) бетінен шапалақтау.

- науқастың мұрнына мүсәтір спирті сіңген мақтаны иіскету.

АҚ төмендеген жағдайда:

Мезатона 1% раствор 0,5 - 1 мл в/м немесе т/а

Брадикардияда: атропин 0,1% - 0,5 – 1мл т/а

Коллапс- Коллапс жедел тамырлық жеткіліксіздігі, тамыр тонусының төмендеуімен, бас ми гипоксия белгілерімен және организмнің өмірге маңызды қызметтерінің төмендеуімен сипатталатын ауру.

Коллапс кез келген жағдайда әр түрлі инфекция (вирус, бактерия), улану (әсіресе сусызданумен байқалатын) гипер және гипогликемиялық комалар, бүйрек үсті безі қызметі жеткіліксіздігінен, пневмония, әртүрлі аурудың, уланудың терминальды сатысында пайда болады.

Коллапс кезінде АҚҚ төмендейді.

Клиникалық көрінісі. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды, бозарады, суық тер басады, еріннің көгеруі, дене температурасы төмендейді, есі кейде сопорозды күйде, кей жағдайда естен тану байқалады, тынысы жиілейді, тахикардия, жүректе күшейген шапалақ тондарын, веналық қан қысымы төмендейді, АҚҚ төмендейді осыдан аурудың ауырлық дәрежесін анықтауға болады.

Жедел жәрдем:

- Науқасты көлденен,жастықсыз жатқызып, керуеттың аяқ бөлігін көтеру

- Қысып тұрған киімдерін босату

- Таза ауамен қамтамасыз ету

- Науқасты жылыту: айналасына ыстық мұйық қою

- Мезатон 1% раствор 0,5 - 1 мл в/м немесе т/а(адреномиметик – тамырларды тарылтады)

Ауруханаға жеткізу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных