Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану.




Кіріспе

Негізгі бөлім

 

1. ЯМР және ЭПР туралы түсінік

2. ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану.

3. Қазіргі кездегі МТР

4. МТР клиникалық түрде қолданылуы

5. МТР қарсы көрсеткіші

Орытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Кіріспе

Электромагниттік өрістің "бөлшектері"-фотондар-сәуле шығарушы денеден жарық порциясы немесе радиотолқын (дәлірек айтсақ-өріс энергиясынъң порциясы) ретінде өз еркімен қозғалып жүре алады. Қазіргі кванттық механикаға сай кез-келген бөлшекке толқын немесе толқынның үзілісі сәйкес келеді. Тағы да әрбір бөлшекке өзінің өрісі сәйкестендіріледі. Мұндай мағынада бөлшектер мен өрістің табиғаты бір екенін көруге болады. Алайда екеуі бір-бірінекелтірілмейді; кезінде бөлшекті өрістің бөлігі деп көрсетпекші де болған. Қазіргі кезде бұлар корпускулалык, және толқындық аспектілердің бірлігі деп қарастырылады. Өте тереңгі деңгейде қарастырғанда микрообъектілер бөлшектер де, толқындар да емес. Гравитациялық және электромагниттік өзара әсерлесулерден басқа, элементар бөлшектер әлемінде өзара әсерлердің басқа да түрлері кездеседі. Олардың, мысалы, атом бомбаларындағы және ядролық реакторлардағы жүріп жатқан ядролық реакцияларда, сәуле шығарып тұрған жұлдыздардағы термоядролық реакцияларда алатын орны үлкен, мәні зор. Табиғаттағы барлық процестерді жеке бөлшектердің, денелердің және өрістердің өзара әсерлесуінің нәтижесі деп қарастыруға болады. Бүкіләлемдік тартылыс мұның айқьн мысалы. Жоғарыда келтірілген тартылыс заңының классикалық ньютондық тұжырымы тек салыстырмалы әлсіз өрістер үшін орынды. Күшті гравитациялық өрістер үшін және тағы да үлкен жылдамдықтағы қозғалыстар үшін дәлірек сипаттаманы жалпы салыстырмалылық теориясы береді. 1925 жылы А.Эйнштейн біртұтас өріс теориясын құру туралы проблема көтерді. Жоғарғы температураларда әртүрлі өзара әсерлесулерді бір-біріне бере алатын барлық бөлшектер- фотондар және гравитондар, сонымен қатар глюондар (кварктерді байланыстыратын; күшті ядролық өзара әсерлесу) және аралықтағы векторлық бозондар (әлсіз өзара әсерлесу), осылардың барлықтары суперкүштің әсерін жеткізе отырып бірігуі қажет. Атап айтсақ, дәл осындай суперкүш сингулярлық моментте Үлкен Жарылысқа әкелген болуы керек бірақта біртұтас өріс теориясы әлі шешілген жоқ.

ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану.

ЯМР-ді 1945-1946 жылдары Ф. Блох пен Э. Персилл ашқан болатын. ЯМР деп – тұрақты магнит өрісіндегі параметрлік ядролардың электромагниттік толқын энергиясын жұтуы кенет өтетін құбылысты айтады.

Электромагниттік толқынның магнит өрісінің әсерінен атом бір энергетикалық деңгейден екінші энергетикалық деңгейге өтеді. Осы құбылысты 1944 жылы Е. К. Завойский ашқан және ол электрондық параметрлік резонанс деп аталады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных