Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ТЕРАПИЯ НЕГІЗДЕРІ




Жоғары жиілікті тербелістердің емдік әсерінің механизмі, заттарға, яғни ағза тканіндегі атомдар мен молекулаларға бастапқы әсер етуіне байланысты болады. Жоғары жиілікті тербелістер әсері – екі негізгі эффект топтарына бөлінеді: жылулық эффект және спецификалық эффект.

Бұлшық ет пен май ткань-дерінің меншікті кедергісінің жиіліктен тәуелділігі.

 

УЖЖ-терапия – электрмен емдеу әдісінің кең тараған түрі. Ауру адам денесінің тканіне (УЖЖ) ультра жоғары жиілікті электр өрісімен әсер етеді. УЖЖ-терапия кезінде (25-50МГц) иондық өткізгіш арқылы тканьде біршама шығындармен қатар, дипольдік белоктық молекулалар-дың ориентациялық тербелісі әсерінен диэлектрлік шығындарға ұшырайды.

УЖЖ-терапия кезіндегі электродтардың эквива-ленттік электрлік схемасы.

Микротолқындық және ДЦВ-терапия электромагниттік толқын ағза тканінде болатын біртекті емес диэлектрикте таралғандағы энергия-ның жылуға айналуы эффектісіне негізделген.

Микротолқындармен әсер еткен кездегі біртекті диэлектриктегі температура жоғарылауының (салыстырмалы бірлікте) таралу графиктері. 1 – 2375 МГц жиілік; 2–460 МГц жиілік. Қоршаған ортамен жылу алмасқандағы температураның жоғарылауы пунктир сызықтармен көрсетілген

МАГНИТТІ ТЕРАПИЯ

Магнитті терапия – ауру адам тканіне ауыспалы төменгі жиілікті магнит өрісімен немесе индукторлы-электромагниттердің, индукторлы-соленоидтардың көмегімен тұрақты магнит өрісімен немесе тұрақты магнитпен, сонымен қатар эластикалық магниттермен әсер ету арқылы емдеу әдісі.

Магнит өрісінің өкпеге әсері.

 

Атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерін зерттеу өрітердің, сеулеленудің немесе бөлшек ағынының анықталатын затпен әсерлесу теориясына негізделген, соған байланысты осы заттың және оны кұраушы бөлшектердің қасиеттері ашылатын ғылымныц жеке бөлімнің мақсаты болып табылады. Физикалық зерттеу әдітерінің әpбip түpi үшін өзіне арнап дамыған физикалық теориясы бар және оныц нәтижелері сол әдісті icкe асыратын аспаптардың жұмыс icтey принципін анықтайды. Физикалық зерттеу әдістерін қолдану ушін әдістердің физикалық негізін білу қажет.

Химиядағы физикалық зерттеу әдістерінің түрлері бүгінгі күнде өте көп, сондықтан ғалым-химик оларды жақсы түсініп, мүмкіндіктерін, әлсіз-күшті жағын білуі қажет, мәселелерді шешуде қолдана білуі керек.Химиктердің практикасында кең тараған эмиссиялық спектроскопия, инфрақызыл (ИҚ) спектроскопиясы, жарықтың комбинациялық шашырау (ЖКШ) спектроскопиясы, ультракүлгін (УК) спектроскопиясы, электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР) спектроскопиясы, ядролық магнитті резонанс (ЯМР) спектроскопиясы, массспектрометрия, газды хроматография сияқты физикалық зерттеу әдістері қарастырылады. Жоғарыда келтірілген әдістердің кең таралған себебі, мысалы, органикалық химия бойынша жазылған жұмыстарда алынған заттар ИҚ-спектроскопия, масс-спектрометрия немесе ЯМР-спектроскопия әдістерімен сипатталмаса, халықаралық журналдар осындай мақалаларды басылымға жібертпейді.

Химиядағы негізгі мәселелердің бірі - молекуланың химиялық құрылымын идентификациялау және анықтау. Қазіргі кезде осы мәселені шешу үшін көбінесе үлкен мүмкіндігіне, сезімталдығына және дәлдігіне байланысты, практикада қолданылу жеңілдігіне қарай (оларды қолданғанда уақыт көп ж-ұмсалмайды) физикалық зерттеу әдістері қолданылады. Алдымен зат идентификацияланады (теңестіру), яғни келесі этаптармен сапалық талдау

жасалады (егер талданатын қоспа болса, онда сандық талдау да жасалады)

Магнитрезонансты әдістер көмегімен зат және сәуленің магнит компонентасының әрекеттесуін зерттейді. Оларға радиоспектроскопияның екі әдісі жатады – мана айтып кеткендей, ядролык магниттік резонанас (ЯМР) және электрондық магниттік резонанас (ЭПР). Осындай спектрлердегі ауысуларға сәйкес келетін энергия айырымы өте кіші (жиіліктері 40 МГц- 10000 МГц радиодиапазонында жатады). Демек, бұл әдістердің бөлу қабілеті және сипаттаушы уақыттары жоғары, бірақ сезімталдықтары төмен. Бұдан басқа, әрекеттесулерге қатысатын энергия деңгейлері меншікті емес, себебі олар тек сыртқы магнит өрісінде пайда болады, бұл деңгейлер бөлшектердің химиялық құрылысына тәуелді.

Магнит резонансты әдістердің физикалық негіздерін тұрақты магнит моменті бар бөлшектер (атомдар, молекулалар, иондар) кіретін жүйемен айнымалы электромагнит өрісінің энергиясын резонансты жұту құрайды. Мұндай бөлшектер парамагнитті бөлшектер деп аталады. Эффект жүйенің сыртқы магнит өрісіндегі энергия деңгейлерінің азғындауы жойылғандықтан болатын бөлшектердің магнит моменттерінің кеңістікте әртүрлі бағытталу нәтижесінде байқалады.

Бөлінген деңгейлер арасында (Зееман деңгейлері) жұтудан пайда болатын ауысулар басталады.

Егер ауысулар атом ядроларының магнит моменттерімен байланысты деңгейлер арасында жүретін болса, құбылыс ЯМР деп аталады. Ауысулар электрондардың магнит моменттерінің әртүрлі бағытталуымен байланысты деңгейлеріне негізделген болса, құбылыс ЭПР деп аталады.

Электрондардың магнит моменттері ядролардікінен бірнеше ондық ретіне үлкен, осы себептен ЭПР сигналы ЯМР сигналынан интенсивті. Бірақ атомдардың электрон кабықшаларының толықтырылған жағдайында электрондардың магниттік және механикалық моменттері компенсацияланады. Демек, электрондардың магнит моменттерімен байланысты резонансты кұбылыстар тек жұптаспаған электрондары бар бөлшектерде байқалуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных