Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эдвард Миллс Парселл




ЭПР- ді зертеуге арналған аспаты радиоспектрометр дейді. Ол біртекті күшті магнит өрісін тудыратын 1- электромагниттен, 2- электромагниттік толқын генераторларынан, 3- зерттелінетін нұсқадан, спектрді жазуға арналған 4- электрондық схемадан, 5-спектрді бақылауға арналған жүйеден тұрады.

Электрлік зарядталған денелердің қасиеттері адамзатқа қазіргі кезден 2,5 мың жылдай бұрын белгілі болған. Зарядтардьң оң және теріс деп, шартты түрде, аталынған екі түрлі болатындығы мәлім. Дененің аттас зарядтары бір- бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар-тартылады. Олардың өзара әсерлесу күші Кулон заңымен сипатталады, яғни ол зарядтардың шамаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың өзара арақашықгығыньң квадратына кері пропорционал болады. Барлык, зарядтар шамасы е~1,6*10 К кулонга тең минимал элементар зарядқа еселенеді. Дәл осындай заряд теріс зарядталған электронда болады және де барлық басқа зарядталған элементар бөлшектерде: оң протондар мен позитрондар да,оң және теріс мезондарда болады (қос элементар зарядтары болатын кейбір резонан бөлшектерден басқа).

Максвелл теңдеулер жүйесінің ерекшелігі-оның электрлік және магниттік шамаларға қатысты симметриялы еместігі. Теңдеулерге магниттік зарядтарды енгізгенде ғана симметриялылыққа ие болуы мүмкін. Бұл жөнінде атақты ағылшын физигі П.Дирак магниттік зарядтардьң да болуы мүмкін деген болжам айтып, монопольдар (бір полюсты) теориясын ұсынған болатын, бірақ та олар "табылып" дәлелденген жоқ.

Табиғатта оң және теріс электр зарядтары бар бөлшектер тұрақты түрде бақыланады, ал бір "таңбалы" (монопольды) магниттік "зарядтар" ешуақытта жеке әлі кездескен емес. Магниттің екі ұшы әркашан да, әсер ету шамасы бойынша тендей, екі полюске ие боладьі; ол қанша ұсақ бөлікке бөлінсе де ұштарында бәрібір екі түрлі полюс қалады. Магниттік монополъдардың тіптен болмауы да мүмкін.

 

Қазіргі физикамагниттік күштерді электр күштерінің релятивистілік қасиеттерінің көрінуі деп есептейді. Қозғалмайтын электр заряды барлық бағыт бойында бірдей күш өрісін туғызады Ал қозғалыстағы зарядтың, оньң қозғалыс бағытындағы электрлік өзара әсерлесу күші, қозғалмайтын санақ жүйесінде өлшеулер жүргізгенде, релятивистік эффектілерге байланысты оньң көлденең бағыттағы мәнінен аз болады; осы көлденең құраушысы магниттік құраушысы деп аталды да, бұл, шаманың зарядтың қозғалыс жылдамдығымен (немесе электр тогыньң күшімен) байланысы дұрыс табылды. Сондықтан оны өзгертудің ешқандай мағьнасы жоқ. Магниттік монопольдар эксперимент жүзінде ашылмаса да электромагниттік әсерлесудің зандылықтары әрдайым орынды және процестерді дұрыс сипаттайды.

 

Магниттік өрістің әсерлесуі әр алуан және өте көп. Электр тоғының, тұрақты магниттердің, Жердің магнит өрісі-барлығы магнит өрісінің айқын көріністері болып табылады.

Қозғалыстағы космостық сәулелердің зарядталған бөлшектерінің Жер магнит өрісіндегі ауытқуына байланысты, сол бөлшектер үшін тосқауылдар-радиациялық белдеулер- пайда болады. Бұл бөлшектер Жердің радиациялық белдеуінде өзінің энергиясын жоғалтқанша айнала қозғалады, циркуляция жасайды; яғни олардың әсері мүлдем төмендеп Жер бетіндегі тірі табиғат сақталады.

Электромагниттік өзара әсерлесуге реал өмірде бақыланатын көптеген күштер жатады, олар-серпімділік күші,үйкеліс күші, сұйықтардың беттік тартылыс күші; осылармен заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерінің қасиеттері, қатты денелердің бүтінділігі, химиялық түзілістер, көптеген оптикалық құбылыстар және т.т. түсіндіріледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных