ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Созылу кезіндегі кернеулі және деформациялық күйлерСырықтың көлденең қимасымен α бұрышын жасайтын көлбеу қимала-рындағы кернеулерді қарастырайық (8.6, а сурет). Егер көлденең қимасының ауданы A болса, онда көлбеу қимасының ауданы A/cosα болады. 8.6, б суреттен p∙Aα = F және F=σ∙A болатыны көрінеді, сондықтан р = F/ Aα = σ∙cosα. (8.15)
р кернеуін σ α және τ α құраушыларына жіктеп (8.5, в сурет), келесіні аламыз σα= р∙cosα = σ∙cos2α, (8.16) τ α = р∙sinα = σ∙sin2α. (8.17) Осыдан келесі орын алады: а) α=0 болғанда (көлденең қималарында) σ α= σ , τ α =0; б) α=90 ْ(бойлық қималарында) σ α= 0 , τ α =0, яғни бойлық қабаттар өзара әрекеттеспейді; в) α=45 ْболғанда τ кернеуі ең жоғары мәніне ие болады τ max = σ / 2; г) α және (α+90 ْ) бұрыштарымен орналасқан қималарда τ шамасының абсолют мәні бірдей; бұл жанама кернеулердің жұптылық заңы, ол әрқашанда орындалады. Созылу кезіндегі деформацияларды қарас-тырайық. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір шек-терде сырықтың бойлық ұзаруымен қатар бір-жолы оған пропорционал көлденең жіңішкеру болады (8.7 сурет). Көлденең деформациясы ε´=∆а/а және ε´=- µ∙ε (8.18) мұндағы µ - көлденең деформациясының коэффициенті (Пуассон коэф-фициенті); оның мәні металлдар үшін 0,25… 0,35 шектерінде жатады. Сырықта осымен қатар γα бұрыштық деформациялар орын алады (8.8 сурет). Сонда γα ығысу бұрышы сәйкес аудандағы τ α жанама кернеуіне пропор-ционал болатынын дәлелдеуге болады. Бұл – ығысу кезіндегі Гук заңы τ=G∙γ (8.19) мұнда G – ығысу модулі немесе II ретті серпімділік модулі. Материал серпімділігінің Е, G және µ параметрлері арасында келесі өзара тәуелдігі орын алады . (8.29) Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|