ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Иілу мен бұралудың біріккен әсеріКөлденең қимасы дөңгелек, иілу мен бұралудың біріккен әсері жағдайындағы сырықты қарастырайық. Сырықтың көлденең қималарында июші моментпен байланысқан тік кернеулер және бұраушы моментпен байланысқан жанама кернеулер орын алады (көлденең күштен пайда болатын жанама кернеулерді ескермейміз). Ең үлкен кернеулер A және B нүктелерінде пайда болады (12.8, а сурет) , , (12.16) Сонда күрделі кернеулі күйдің дербес жағдайы болады – ол қарапайым-далған жазық кернеулі күй (12.8, б сурет). Күрделі кернеулі күй жағдайында материалдың беріктігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіншілік болу үшін эквивалент кернеу ұғымы енгізіледі, ол бағаланатын кернеулік күймен бірдей қауіпті (беріктік кепілдігі бірдей) созылған үлгіде пайда болатын кернеу. Қарастырылатын жағдайда 3 және 4 беріктік теориялары бойынша эквивалент кернеу келесі формулалармен анықталады , . (12.17) Осыған (12.17) қойып және дөңгелек қима үшін Wp=2Wx болатынын ескеріп, көлденең қимасы дөңгелек сырық үшін иілу мен бұралудың біріккен әсері кезіндегі беріктік шартын келесі түрде жазады , . (12.18)
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|