Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көкшетау» МҰТП туралы қысқаша мәлімет




Мемлекеттік ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

МҰТП «Көкшетау» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996 жылдың сәуір айында таулы – орманды және көл жүйесін, табиғат ескерткіштерін, Қазақстан Республикасының халқы және басқа елдер үшін маңызды экологиялық, археологиялық және рекреациялық мәндегі Солтүстік Қазақстанның археологиясы мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру мен сақтау мақсатында қалыптасқан.

1 қаңтардың 2007 жылы инвентаризациялық тізімге құстардың 222 түрі, олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына 48 түрі, табиғатты қорғаудың Халықаралық Одағына – 48түрі кірген. Қосмекенділер 50 түрді құрайды, көлдерде балықтардың 19 түрі және рептилияның 5 түрі бар. Жоғары өсімдіктер флорасының 263 түрі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен, Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің ходатайствасы бойынша 1999 жылы 46234 га жалпы көлемі бар Бурлук және Айыртау орман шаруашылығының жерлері біріктірілді. Қазақстан Республикасының Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, ауылшаруашылығы министрлігі сияқты - өкілетті органдардың бұйрығы бойынша – резервті зонаның 57282 га орманы «Кокшетау» МҰТП аумағына енгізілді. 1998 жылы «Целингипрозем» институтымен шаруааралық құрылыс өткізілді.

Үкіметтің Қаулысымен 2003 жылы «Көкшетау» МҰТП балансына Зерендінің балық өсіретін питомнигі берілді. 2002-2003 жылдары ұлттық парктің барлық филиалдары жерге деген құқылы куәліктерін алды және бекітті (мемлекеттік акт). Осылайша, ұлттық парктің аумағын кеңейту бойынша барлық жұмыстар орындалды. Ұлттық парк екі облыс аралығында орналасқан: Солтүстік Қазақстан және Ақмола, әкімшіліктің қаулысы бойынша сыртқы шекараға(1998 жылғы шарашылықаралық құрылыс негізінде) 2 км күзет зонасы бекітілген. Жалпы көлемі 1076 км.кв.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парки «Көкшетау» Орталық Қазақстанның ұсақ шоқысының солтүстік доғасының батыс бөлігінде орналасқан. Ұлттық парктің географиялық координаттары:

Солтүстік - 5308504411 солтүстік ендік 670 931 0311 шығыс бойлық

Оңтүстік - 5300914411 солтүстік ендік 6807319611 шығыс бойлық

Батыс - 5304014411 солтүстік ендік 6802714911 шығыс бойлық

Шығыс - 5205312811 солтүстік ендік 6901912511 шығыс бойлық

Әкімшілік жағынан ұлттық парк Ақмола облысының Зеренді ауданында және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының аумағында орналасқан. Бас дирекция кеңсесі Көкшетау қаласында – Ақмола облысының облыстық әкімшілік орталығында орналасқан. Ұлттық парктің жалпы аумағы - 182076 гектар. «Көкшетау» ұлттық паркі алты құрылымдық бөлімшелерден тұрады. Зеренді ауданында орналасқандары: Зеренді филиалы, «Орманды булақ» қайта өңделген учаскесі және Зеренді балық орталығы. «Зеренді» аудандық орталығы Көкшетау қаласынан оңтүстік жағында, қаладан 50 км жерде, «Атбасар-Көкшетау» республикалық мәндегі автожолда орналасқан.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында орналасқан: Шалқар, Арықбалық және Айыртау филиалдары, олар Көкшетау қаласының батыс бөлігінде 90 және 100 км жерде, «Көкшетау-Костанай» республикалық мәндегі автожолда орналасқан. Ұлттық парктің барлық құрылымдық бөлімшелері өзара және бас дирекциямен телефон және радиожелісі арқылы байланысқан. Көліктік байланыс теміржол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. «Көкшетау» ұлттық паркінің аумағы, табиғи физика – географиялық аудандастыруға сәйкес, Көкшетаудың далалы, ормандыдалалы, ұсақшоқы провинция құрамына кіреді. Климаты континентальды, жазы ыстық, ал қыста қары аз.

Ұлттық парк туристік потенциалды рационалды қолдану үшін басқа туристік фирмалар және жеке тұлғалармен өзара әрекет ету принципін бекітуі қажет.

Сервистік қызметтерге келесілер жатады: экскурсовод, гид және аудармашылардың қызметі, көлік тұрағына төлем, кемпингтер, палата лагерлері, қонақ үйлер, туристік базалар, ЕҚТА басқармасындағы мәдени – тұрмыстық мәндегі объектілер,

Әрбір сәтті бизнестің негізінде маркетингтік зерттеу жатады. Маркетингтегі бастау концепциясы – бұл барлық нарықты сегментке бөлетін «сегментация» болып табылады. Сегмент – бұл жалпы мінезді тұтынушылар тобы. «Жастар» нарық сегменті бола алады, сонымен қатар «құстарды ұнатушылар» да нарық сегменті бола алады.

«Көкшетау» МҰТП аумағындағы келушілер туралы мәліметті МҰТП бойынша турларды ұйымдастырушы серіктес туристік фирмалардан, сонымен қатар келушілерден анкета немесе шақырылған мамандар арқылы алуға болады. «Ерекеше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңда жеке және заңды тұлғалардың табиғи аумақтарда болу ережесі көрсетілген.

Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi

1. Жеке тұлғалар:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мәселелер бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;

3) табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

4) қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметіне қатысуға;

5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желілердің жай-күйі мен олардың жұмыс істеу мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

2. Жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi

1. Заңды тұлғалар:

1) уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбелерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту бағдарламаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер саласындағы бағдарламалар мен жобаларға қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге;

3) табиғат қорғау ұйымдарымен жасалған шарт бойынша мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін қызметі өтеусіз қаржылай көмек көрсетуге бағытталған қорлар құруға және олардың қызметі мен оларды басқаруға қатысуға;

5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілердің жұмыс істеуі, оларды күзету, қорғау және пайдалану мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми-техникалық кеңестерінің жұмысына қатысуға құқылы.

2. Қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін гранттар, қаржылай және техникалық көмек беруге маманданған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын гранттар беретін үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесіне енгізіледі.

3. Заңды тұлғалар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

«Көкшетау» МҰТП – нің аумағында ғылыми зерттеулер XIX ғ. аяғында басталған, содан бері XX ғ. ғылыми зерттеу күштерімен түрлі мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жалғастырылды. Осы зерттеулердің нәтижесі табиғи кешендерді және қазіргі уақыттағы олардың жеке компоненттерін тануға салынады.

МҰТП – де ғылыми зерттеу жұмыстары табиғи кешендерді білу стационарлық бақылау жүйесі ұйымының және табиғи – қорық қоры объектілерінің жолымен қорықтарда да жүзеге асырылады. (Қ.Р – ның «Ерекше қорғалатын табиғат аумағы туралы» заңы 41 бап)

«Көкшетау» ұлттық парктің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – ғылыми – методикалық базаның қалыптасуы үшін табиғи кешендер туралы мәліметтер жинау және оның негізінде ресурстарды басқару және құнды объектілерді қорғау бойынша практикалық тапсырмаларды шешу.

Парк аумағында жүргізілетін ғылыми жұмыстар жануарлардың өліміне, өсімдіктердің жойылуына әсер ететін зерттеулер болмауы тиіс.

Ғылыми зерттеу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен бекітілген Ұлттық жоспар әрекеті және БҰҰ – ның табиғатты қорғау конвенциясының ұлттық стратегиясына сәйкес болуы қажет. Бұл БҰҰ конвенциясының мақсаттары мен тапсырмалары глобальды деңгейінің мәселесіне әкеледі және ЕҚТА өз үлесін олардың шешілуіне қосады. Сонымен қатар тек қана ЕҚТА – та ландшафты және биологиялық түрлілік сақталады.

«Көкшетау» МҰТП – нің аумағы кең (182076 га) және екі облыстың құрамына кіреді – Ақмола және Солтүстік Қазақстан. Оның ерекшелігі жалпы бірегей аумағының болмауы, ол 5 ірі (Зеренді, Орманды – бұлақ, Арықбалық, Шалқар және Айыртау орман массивтері) және бір – бірінен алшақ орналасқан көптеген ұсақ учаскелер. Көкшетау облысы орталығы жақын жерде орналасқан. Зеренді филиалынан 60 км жерде Петропавлға дейін МҰТП – нің солтүстік шекарасынан 200 км жерде орналасқан. Филиалдар мен жеке участіктер аралығында қатты жамылғы автожолдар өтеді.

Қазіргі уақытта МҰТП «Көкшетау» аймағында совет уақыты кезінде қалыптасқан инфрақұрылым. 1 санаторий-профилакторий, 9 демалу үйлері мен пансионат, 14 демалу базасы, оқушыларға аранлған 6 демалу лагерлері, бір уақытта 2805 адамды қабылдай алатын 1 демалу зонасы қызмет етуде. Зерендінің өзінде жыл бойы бір уақытта 533 адамға қызмет етеді. Демалу мекемелері аймақтық бөлімшелерге тең бөлінбеген. Олардың көбісі Шалқар аймақтық бөлімшеде орналасқан, содан кейін Зеренді және Арықбалық аймақтық бөлімшелерінде, ал Айыртау аймақтық бөлімшесінде ондай мекемелер мүлдем жоқ. Барлық демалу мекемелері МҰТП-нің ірі көлдеріне- Шалқар, Зеренді және Имантау жақын орналасқан, тек қана Зерендіде орналасқан аңшы үйі көлден алыс орманда тұр. Ұлттық паркте бір уақытта 302 орын сыйымдылығымен 6 юдемалу мекемесі бар («Имантау», «Восточная», «Ақ қайын» және «Тұрпан» демалу базалары - барлығы мезгілдік пайдалануда, орманшы үйі және аңшы үйі), сонымен қоғамдық тамақтандырудың екі объектісі («Имантау» және «Тұрпан» демалу базаларында). 7 бақылау-өткізу пунктлері бар, онда ерекше қорғалатын табиғи аймақты пайдаланғаны үшін төлем қабылданады. 3 пунктен Зеренді және Шалқар филиалдарында және бір пункт Орманды-бұлақ филиалында жұмыс істейді.

Климаты тез континенталды, жазы қысқа және ұзақ суық қыс болады. МҰТП аумағында көптеген көлдер бар, олардың ең ірілері – Зеренді, Шалқар және Имантау. Аумақтың көркемдігі көлдің түрлілігіне, орман массивтеріне және ашық кеңістіктің болуына байланысты. Көптеген археологиялық және тарихи ескерткіштер бар. Аумақ бопа, жидек сияқты көптеген түрліліктер бар және балық пен аң аулау мүмкін. Осыған байланысты МҰТП жақсы экотуристік потенциалды иеленуде.

«Көкшетау» МҰТП-нің басты мақсаты - маңызды экологиялық, тарихи, эстетикалық және рекреациялық құндылықты иеленетін табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру.

Мекеменің негізгі тапсырмалары:

1.Қорғалатын экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру.

2.Аймақта экологиялық тепе-теңдікті ұстау.

4.Табиғатты қорғау негізін өңдеу мен рационалды табиғатты пайдалануды өңдеу.

5. Экологиялық ағарту

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағы:

1) қорық режимі;

2) экологиялық тұрақтандыру;

3) туристік және рекреациялық қызмет;

4) шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарына бөлінеді.

1. Қорық режимі аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында аталған мемлекеттік табиғи қорық режимінің түрлеріне сәйкес келетін қорықтық күзет режимі белгіленеді.

2. Реттелмелі экологиялық туризмді және мемлекеттік табиғи-қорық қорының бүлінген табиғи кешендері мен объектілерін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуді қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынып, қорықтық күзет режимі белгіленеді.

3. Туристік және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттік ұлттық табиғи паркке келушілердің реттелмелі қысқа мерзімді демалысы мен ұзақ мерзімді демалысы учаскелеріне бөлінеді.

Туристік және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін сақтауды қамтамасыз ететін тапсырыстық күзет режимі белгіленеді, оның аумағында реттелмелі туристік және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), соның ішінде рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып туристік маршруттар, соқпақтар, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын құруды ұйымдастыруға жол беріледі.

4. Шектеулі шаруашылық қызмет аймағында әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы объектілер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттік ұлттық табиғи паркті күзету және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оған келушілерге қызмет көрсету үшін қажетті шаруашылық қызмет жүргізіледі, рекреациялық орталықтар, қонақ үйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудің басқа да объектілерін салу және оларды пайдалану жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің барлық аймақтарында оны басқару жоспарында көзделген күзету, қорғау және қалпына келтіру іс-шаралары жүргізіледі.

7. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде ғылыми және экологиялық-ағартушылық қызмет осы Заңның 41 және 42-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Заң тәртібімен бекітілген мекеме келесі қызметтерді жүзеге асырады:

– Биологиялық түрлілікті сақтау және қалпына келтіру мақсатында ұлттық парк аумағын қорғау

– Ғылыми зерттеулер жүргізу, табиғи кешенді сақтау әдістерін өңдеу

– Қоршаған ортаға экологиялық мониторинг жүргізу

– Экологиялық ағартуды ұйымдастыру, оқыту экскурсияларын өткізу.

– Мәдени - ағартушылық және туристік іс - шараларды өткізу.

– Қоршаған ортаны қорғау облысында ғылыми кадрлар мен мамандарды дайындауға әрекет жасау.

«Көкшетау» МҰТП-де 2007 - 2008 жылдарға «Мемлекеттік мекемені дамыту бағдарламасы» өңделген. Күтілетін нәтижелер:

– Биотүрлілік бойынша сапалы және сандық көрсеткіштердің жақсаруы;

– Аймақта экологиялық жағдайдың жақсаруы;

– Өз үлестерін қосушы тұрғылықты халық, оқушылар және студент жастар санының көбейуі және т.б.

Ұлттық парктің юридикалық адресі:

Индекс:020000 Көкшетау қ-сы

Темірбеков көшесі,54 үй

МҰТП «Көкшетау»

8-7162-269550, 269454, 269551.

Электрон адресі: park@mail.kz.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных