ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Көкшетау» МҰТП-де экологиялық туризмді дамыту бойынша өндірістік ұсыныстар
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық паркі – Орталық Қазақстанның шексіз таулы – орманды табиғи оазис және керемет табиғи – климаттық шарттары бар: тамаша тасты таулары, қарағайлы орманы және жағажайлы көлдері бар емдеушілік климатты иеленуде. Мұнда өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері бар. Географиялық орналасуы ыңғайлы болып келеді. Ал Астана қаласына жақын орналасуы бұл ауданды сыртқы инвестиция үшін тартымды етуде. «Көкшетау» МҰТП-нің аумағын рекреациялық пайдаланудың рационалды дамуы үшін демалушылардың массалық демалысы мен стационарлы мекемелерде демалу үшін инфрақұрылымды қалыптастыру қажет. Осыны жүзеге асыру үшін «Көкшетау» ұлттық паркінің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары болуы қажет, осы мақсатқа жоба, ғылыми, зерттеу институттары мен бюджеттік қаржыландыру есебінің ұйымдарын тарту керек. «Көкшетау» МҰТП-де туризмді дамыту перспективалары көп, бірақ қазіргі уақытта туристік қызметтің дамуы тек туризм инфрақұрылымы қалыптасқанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін – туристік базалар мен кемпингтердің құрылысы, туристік маршруттарды құру және т.б. Қажетті құрылғылар, көлік, байланыс құралдары, персоналдарды оқыту мен дайындау және т.б. ұзақ уақыт пен шығындарды талап етеді «Көкшетау» МҰТП-нің туризм инфрақұрылымы қайта жөндеу мен келушілердің түрлі тұтынуларын қанағаттандыратын көптеген жаңа объектілерді қалыптастыруды қажет етуде. Туризм инфрақұрылымын дамытудың кешендік жүйесін қалыптастыру мақсатында ұлттық парк аумағында туризм объектілерін орналастыруды тек ерекше қорғалатын табиғи аумақта ғана емес, сонымен қатар рекреациялық жүктеме норма есебімен жерді пайдаланушылар мен жер иелерінің жер учаскелерінде де жүзеге асыру қажет. Ұлттық парктің табиғи кешендерін қорғауға байланысты Зеренді көлі суының толығуы үшін су құбырын құру, демалу мекемелерін қамтамасыз ету үшін Зеренді, Шалқар және Имантау көлдерінің маңайында құрылыстар жасау, көлік жолдарын жөндеу және электрэнергиямен қамтамасыз ету қарастырылуы қажет. Басты назарды сауықтыруды қамтамасыз ететін спорттық көңіл көтеру объектілерін қалыптастыруға аудару қажет. Осындай объектілерді орналастыру орындарын ең алдымен лагерді құрғаннан кейін анықтау қажет. Жыл бойы қызмет ететін қонақ үйлердің пайда болуынан кейін шаңғы тебетін маршруттарды қарастыру қажет. Сонымен қатар мұз басқан көлдерде жарыстар өткізуге болады. Балаларға арналған палатка лагерларінің жанынан қиын емес біркүндік маршрут желісін қарастыру керек. Жоғарыда аталып өткен туризм бағыттарын жүзеге асыру үшін ұлттық паркте сәйкесті штат пен инфрақұрылым болу қажет. Жаңа инфрақұрыламды қалыптастыру кезінде ұлттық парк аумағындағы туристік маршруттардың схемасы мен саны кейбір өзгерістерді қалыптастырады. Бұл өзгерістер негізінен инфрақұрылымның жаңа объектілерін қалыптастырумен байланысты. Биолог мамандарын шақырып ұлттық парк аумағында арнайы зерттеу жүргізу қажет, яғни өсімдік және жануарлар әлемінің объектілерінің локализация орындарын анықтау, мамандардың көмегімен болашақта болатын көрсетілім объектілері мен маршруттарды анықтау. Көп назарды адамдар пайдаланатын демалу орындарын құруға аудару қажет. Осы орындарда от жағатын орындар мен мангалдар орны, үстел мен орындықтар болу қажет, сонымен қатар дәретхана мен қоқыс жинайтын орындар міндетті тәртіппен құрылулары керек. Ұлттық парк аумағы парктік немесе орман паркі типінде құрылуы қажет, яғни онда жүретін жолдар, отыратын орындықтар болу қажет, ағаштарды сақтау қажет жерлер қоршаулы болу керек. Келушілер саны әрбір нақты аумақтың рекреациялық сыйымдылығына сәйкес болу қажет. Сонымен қатар, «Көкшетау» МҰТП аймақтың қолайлы экологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға, флора, фауна және табиғаттың тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтауға, тұрғылықты жердің өмір сүрудің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық шартын жақсартуға өз үлесін қосу тиіс. Келесі ережелер 1. МҰТП аумағында қызметтің түрлі түрлері табиғатты қорғау үшін арнайы тәртіппен жүргізілуі қажет. 2. Ұлттық парк аумағы мен оның қорғау зонасындағы халықтың материалды және мәдени деңгейі демалу индустриясын дамыту негізінде жүзеге асырылуы қажет. 3. Әлеуметтік бағдарлама ең алдымен өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі жан дүниесінің дамуына, мәдени-тарихи дәстүрлердің тууына, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын бағытталуы тиіс. 4. Ұлттық паркте демалудың басымды түрлері танушылық және экологиялық туризмнің, балық аулау, жағажай демалысы және т.б. түрлі формалары болуы тиіс. Рекреациялық табиғатты қолданудың барлық түрлеріне демалушылардың барлықтарына ақылы болу қажет. 5. Ұлттық парк аумағында көп функционалды туристік-сауықтыру кешендері мен экологиялық туризмді дамыту перспективті. Барлық рекреациялық мекемелер ыңғайлылықты жоғарлату мақсатында құрылулары тиіс және табиғи ортаға әсер етпеу қажет. 6. Рекреациялық қызметтің дамуы ең алдымен ұлттық парктің өзіне және маманданған ұйымдарға бағытталуы қажет. Осыған байланысты туристік және рекреациялық қызмет қатал түрде аумақтың экологиялық сыйымдылығына және функционалды шектеулігіне сәйкес болу керек. 7. Мемлекеттік орман күзетінің жұмысшылары орман өртінің алдын-алу бойынша іс-шаралары жеткіліксіз деңгейде жүргізіледі. Орманшаруашылығы іс-шараларында осындай жұмыстарды ұсыныстарға, бұйрықтарға және басқа да нормативті құжаттарға сәйкес жүргізу қажет. Ұлттық парктің сәтті дамуы қаржыландыруға да байланысты. Қазіргі уақытта «Көкшетау» МҰТП Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Ауылшаруашылығы Министрлігінің қоластында.
Орытынды «Көкшетау» МҰТП - нің қалыптасқан кезінен бастап көптеген жұмыстар атқарылды. Ең алдымен ұлттық парктің табиғатты қорғау іс - әрекетін Солтүстік Қазақстанның табиғи ландшафтыларын қорғауға бағытталған. «Көкшетау» ұлттық паркінің басты құндылықтарының бірі орман болып табылады, ұлттық парк аумағының 74% - ын алып жатыр. Орманды сақтау және қалпына келтіру үшін көптеген жұмыстар атқарылды. 80 гектар аумақ жерде ағаштарды отырғызу жұмыстары жүргізілген. 1997-2006 жылдар арлығында ағаштар 799 га. аумағында отырғызылды. Сонымен қатар ұлттық парк «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарады. Орманды сақтау мақсатында көптеген өртке қарсы іс - шаралар өткізілді. Ұлттық паркті материалды - техникалық базамен жабдықтау өткізіліп отырады және инспекторлық құрам саны нормалы деңгейге дейін жеткен. Аймақтық мекемелермен өртті алдын - алу іс - шаралары өтеді. Аймақ бөлімшелерінен жиналған анализ бойынша 1991 - 2001 жылмен салыстырғанда ағашты заңсыз кесу көлемі азайған. Яғни ол ұлттық парктің күзет қызметінің жақсарғанын көрсетеді. Мемлекет ұлттық парктің табиғатты қорғаудағы рөлін түсіне қаржыландыруды көбейтті. Жұмысшылардың жалақысы қосылды. Егерде «Көкшетау» МҰТП рекреациялық қызметтерден 1996 жылы 907 мың тенге алған болса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 6846 мың тенгеге өскен. Соңғы уақыттарда «Көкшетау» МҰТП - нің туризмін дамыту бойынша кластерді құру жұмыстары жүргізілуде.Зеренді, Шалқар және Имантаудың тазалығы мен сауықтандыру эффекті әлемдік курорттармен бәсекеге түсе алады. Ұлттық парктегі бай тарихи мұра тек шетелдіктер үшін ғана емес, Қазақстан тұрғындары үшін жаңа туристік маршруттарды қалыптастыруды қарастыруды. Ұлттық парктің аумағында мемлекеттік ұлттық табиғи парктің объектілерін тану және оған инвентаризация жасау мақсатында кең көлемде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Экологиялық - ағартушылық іс - әрекеттер келесі негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырылуда және жүзеге асырылуды: массалық ақпарат құралдарымен, мұражай ісімен, экологиялық туризм мен танушылық туризм, жоғары оқу орындарымен және білім беру мекемелерімен жұмыс атқару. Ботай мәдениетінің тарихи - мәдени мұрасын сақтап қалу бойынша жұмыстар өткізілді. Шалқар көлінің жағажайында ботай мәдениеті негізінде мұражай салынған. Жыл сайын биотүрлілікті сақтауға қоғамды назар аудартатын Парктер шеруі ұйымдастырылады және өткізіледі. Ең алдымен өз еліміздің экологиясын жақсартсақ бізге басқа жақтан да демалушылар тартылатын болады. Қазіргі кезде Қазақстан бойынша экологияны жақсартуға байланысты көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Мысалға, Жасыл ел бағдарламасы, мұнда әр азамат табиғатты жақсарту үшін өз үлесін қосуда, жыл сайын ағаштар отырғызылады және қаланың тазалығын сақтауға байланысты жұмыстар жүргізіледі. Туризм арқылы әр адам өзінің биік тасты тауларды, көгілдір аққан көлдерді, қарағайлы орманды тамашалай алады. Сондықтан әрбір адамның борышы осы күнге дейін сақталып келген әсем табиғатты әрі қарай ұрпақтарға сақтап қалдыру.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|