ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
II. «Көкшетау» МҰТП аумағында экологиялық туризмнің даму перспективасы2.1. «Көкшетау» МҰТП-де экологиялық туризмді дамыту жолдары
Қоршаған ортаға туризм дамуына байланысты кері әсерлердің пайда болуы әртүрлі сипатта және олардың кейбір түрлері қоршаған ортаға өте зиян болып келеді. Негізгі кері ықпал етулерге келесілерді жатқызуға болады: · Туристік шаруашылықтың және оған ілгермелі базалардың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбанизациялануы; · Туризм жүйесіндегі ұйымдар мен кәсіпорындармен ауаның ластануы, әсіресе транспорттық құралдар әсерінен; · Туристік кәсіпорын және туристік су транспорты құралдары негізінде судың ластануы; · Эстетиканың және ландшафттардың жойылуы, мысалы, әсем жерлердің нашарлауы, туристік кәсіпорындардың дұрыс орналаспауы және дұрыс проектіленбеуі; · Табиғи ортада туристерден қалатын қоқыстарды жинау проблемалары және оларды туристік обьектілерден дұрыс жолмен алынбауы; · Табиғи зоналар экологиясының бұзылуы; · Туристермен археологиялық және тарихи ескерткіштерді қолдану нәтижесінде оларға зиян келтіру;
Сондықтан мұндай іс - әрекеттерді алдын алу үшін қазіргі уақытта көптеген зерттеулер өздерінің бағдарламаларын дайындауда. Көптеген елдерде туристік қозғалысты жоспарлы аумақтық ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта процестің даму қарқыны барысында барлық континенттерде туристік көлемділік және сыйымдылық түсінік терең зеттеу қажеттілігі пайда болды. Бұл елде белсенді критериларды анықтау және оларды жоспарлау қызметтерін іске асыру барысында тәжірибелік қолдану табиғи ортаға туризмнің кері әсер етуін минимумға дейін әкелуге қажетті шарт болып табылады. Рекреациялық іс - әрекеттер облысындағы міндеттер рекреациялық ресурстарды сақтау және жақсартуға, оларды басқаруға бағытталған саясатты анықтау қажет. Рекреациялық география мен туризм географиясының қолданбалы міндеті рекреациялық табиғатты қолдану негізін дайындау болып табылады. Табиғатты қолданудың жалпы жүйесі қоршаған ортаны қорғаудың 3 механизімін қамтамасыз етуде: 1. Табиғатты қолдануды шектеу жүйесін қосатын әкімшілік – құқықтықө механизмдер; 2. Әкімшілік – құқықтық механизмдерді толықтыратын және көпмақсатты табиғатты қолданудың мүмкін нұсқауларының ішінен оптималды нұсқауды таңдауды болжайтын жоспарлы – экологиялық механизмдер; 3. Ақылы түрде табиғатты қолданудың шаруашылық есеп беру механизімі, яғни табиғатты қолдану барысында кеткен шығындар орнын толтыру; Экологиялық көзқарас бойынша туризм дамуын жоспарлау үшін қоршаған ортаға туристердің потенциалды әсер етуін түсіну қажет. Егер туризм белгіленген тәртіпте жоспарланса, дамыса және басқарылса ол маңызды позитивті экологиялық әрекеттер жасауы мүмкін: · Маңызды табиғи аумақтарды және фауналарды қорғауды жүзеге асыруға және қаржыландыруға мүмкіндік береді; · Туристер үшін құндылық сипат ретінде археологиялық және тарихи обьектілерді сақтауды қаржыландыруға көмектесу; · Қоршаған орта сапасын жақсартуға көмектесу және т.б. Ұлттық парк үшін аумақты рекреациялық және туристік мақсатта ұйымдастыру мен қолдану мәселе болып тұр. Осылардың бастысы – туризм инфрақұрылымын дамытуға қаражаттың жетіспеушілігі, қазіргі заманға сай нарық жарнамасын қамтамасыз ету, материалды-техникалық базаны қалыптастыру. Мақсаттар мен тапсырмаларды өңдеудегі қаржылық тұтынушылықты қанағаттандыру үшін бюджеттік қаржыландырудан басқа да бастауларды іздеу қажет, олар келесі есеппен шешілуі тиіс: - туристік қызметке инвестиция тарту; - Юридикалық және жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер мен аумақты пайдаланғандары үшін төлемдер; - пайдалы қаржылық келісімшарт негізінде басқа туристік фирмалармен және ұйымдармен ұлттық парк кооперациясы; - жарнамалық және басылым өнімдерді өндіру; - ұлттық парк рәмізін пайдаланғаны үшін төлем. Ауа өндіріс аудандардан және сол жердің қоқыстарынан ластанады. Ластанған ауа массасы негізінен европейлік шекара жағынан және Орал- 32% және Қарағанды-Теміртау 28% жағынан, 20% Павлодар-Екібастұздан, 20% Омск-Түменнен келеді. Ауаның ластануының көп бөлігін Көкшетау және Щучинск қалаларының мекемелері құрайды. Қоршаған ортаны ластайтындардың негізгілері өндіріс мекемелері, жылу жүйелері, пеш жағатын жеке үйлер және автокөлік болып табылады. 1.01.2007 ж. жағдай бойынша 16008 автокөлік тіркелген. Ауаны ластайтын орташа жылдық көлем 8,0 тонна шамасында. 2006 жылы МҰТП-де ауаны ластағаны 22120,79 тонна көлемінде, соның ішінде 11 702,39 тоннасын стационарлы бастаулар және 10418,4 тоннаны жылжымалы көлік құрап отыр. Ауаның ластануы негізінен жаз мезгілдерінде, массалық демалыс кезінде байқалады. Аймақта ауа бассейнінің ластануын және ауаны ластайтын концентрацияны төмендету үшін келесі іс-шаралар қажет: · өндіріс мекемелерінде шаңды тазалайтын құрылғыны орналастыру; · Көкшетау қаласы мен басқа да аудандарда газқұбырлары мен жылу жүйесін салу; · өндіріс объектілері мен жеке секторларды электржылуға ауыстыру; · автокөліктен қоқысты лақтыруды бақылайтын орындардың санын арттыру және «Көкшетау» МҰТП аумағы бойынша автокөлікпен жүру қозғалысын шектеу (өткізу жүйесі). Көлді ластаушы негізінен екі бастау болып отыр: табиғи және антропогендік. Су ортасына өз әсерін тигізетін негізінен ауылшаруашылық өндіріс болып табылады. Ластайтын құрам судың беткі жағын жауып, ондағы балықтар мен фито биомассасының және зоопланктондардың азаюына әкеледі. Осының нәтижесінде қысым көтеріледі және су балдырларының өсуіне әкеліп соғады, сондықтан судың сапасы нашарлайды. Сулар мен жер асты сулардың жағдайы мен сапасына молниторинг жасалмағандықтан су объектілерінің жағдайы жақсармауда. Парктің негізгі байлығы орман болып табылады. Әр жыл сайын ағаш егу іс-шаралары жүргізіледі. Орманның санитарлық жағдайының жақсаруы үшін санитарлық кесулер жүргізіледі. Орманды қорғау бойынша басты назар орман өртіне бөлінеді. Орман инспекторлық қызметкерлермен қорғалады. «Көкшетау» МҰТП-і экологиялық туризмді дамыту бойынша өз алдына келесі мақсаттарды көздеуде: Ұзақмерзімді мақсат: Экожүйе мен биологиялық түрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін Ерекше қорғалатын табиғи аумақты тұрақты басқару. Ортажедел мақсаттар: 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нақты экожүйесін сақтау және қалпына келтіру. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шегінде және одан тыс жерде экологиялық тепе-теңдікті ұстау. 3. Табиғи кешендерді және олардың компоненттерінің даму заңдылықтарын оқу. «Көкшетау»ұлттық паркі экологиялық туризмді дамытуды тану арқылы және туристік потенциал бойынша бағдарламаларды өңдеу, туристік нарыққа туристік өнімді ұсыну, маршруттарды құру, рекреация инфрақұрылымын дамыту және туристерді қабылдауды ұйымдастыру арқылы дамытуды көздеп отыр. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық парктің қызметкерлерімен туризмді дамыту үшін жұмыстар жүргізілген: Табиғат шартында туризм және демалу ұйымын жетілдіру, біркүндік экскурсияларды, демалыс күндердің экскурсиялары сияқты туристік маршруттарды проектілеу. * Ұлттық парктің бастапқы жұмыстарында туристік маршруттар өңделіп бекітілген. * Ең қажет экологиялық – туристік маршруттар әрекет етуде. * Барлық туристік фирмалармен, сауықтандыру орталықтарымен, санаторлы мекемелермен іскерлік қарым – қатынаста. Туризм және рекреация бөлімі маршруттық қағаз береді, осыған туристердің келулернің қорытындысын және рекреациялық ауыртпалық жазылады. * Жыл сайын қалашықтарды, автокөліктерді қою орындары, ақылы жағажайларды ұйымдастыру жүргізіледі. * Жарнамалық – ақпараттық материал жүйелі түрде өңделіп шығарылады. Астана, Көкшетау, Алматы қалаларында өткізілетін туристік жәрмеңкелерге қатысады. Қазіргі уақытта «Көкшетау» Ұлттық паркінің туристік потенциалы 10% шамасында, демалу базаларының дамуымен демалушы туристердің саны алдыңғы жылдары артады деген болжам бар. Қазіргі уақытта МҰТП «Көкшетау» аймағында совет уақыты кезінде қалыптасқан инфрақұрылым. 1 санаторий-профилакторий, 9 демалу үйлері мен пансионат, 14 демалу базасы, оқушыларға аранлған 6 демалу лагерлері, бір уақытта 2805 адамды қабылдай алатын 1 демалу зонасы қызмет етуде. Зерендінің өзінде жыл бойы бір уақытта 533 адамға қызмет етеді. Демалу мекемелері аймақтық бөлімшелерге тең бөлінбеген. Олардың көбісі Шалқар аймақтық бөлімшеде орналасқан, содан кейін Зеренді және Арықбалық аймақтық бөлімшелерінде, ал Айыртау аймақтық бөлімшесінде ондай мекемелер мүлдем жоқ. Барлық демалу мекемелері МҰТП-нің ірі көлдеріне- Шалқар, Зеренді және Имантау жақын орналасқан, тек қана Зерендіде орналасқан аңшы үйі көлден алыс орманда тұр. Ұлттық паркте бір уақытта 302 орын сыйымдылығымен 6 юдемалу мекемесі бар («Имантау», «Восточная», «Ақ қайын» және «Тұрпан» демалу базалары - барлығы мезгілдік пайдалануда, орманшы үйі және аңшы үйі), сонымен қоғамдық тамақтандырудың екі объектісі («Имантау» және «Тұрпан» демалу базаларында). 7 бақылау-өткізу пунктлері бар, онда ерекше қорғалатын табиғи аймақты пайдаланғаны үшін төлем қабылданады. 3 пунктен Зеренді және Шалқар филиалдарында және бір пункт Орманды-бұлақ филиалында жұмыс істейді. «Көкшетау» МҰТП сондықтан жаңа визит-орталықтарын құруды ойластыруда. Яғни визит-орталықтар арқылы келушілерге ұлттық парктің туристік және басқа да мүмкіндіктері жөнінде ақпарат беруге, сонымен қатар келушілердің кейбіреулеріне маршруттың бастауы болуға мүмкіндік болады. Осы жағдайда өздерінде бар дәстүрлі маршруттар қызмет етеді. Кейбір жағдайда олар жинақталған автобусты-жаяу болуы мүмкін, өйткені келушілерді жаяу жүретін жерге дейін автокөлікпен жеткізу қажет. Аттардың тұратын орнын қалыптастырғаннан кейін атпен жүру жолдарын таңдауға, сонымен қатар палаткаларда түнеумен бірнеше күндік маршруттар пайда болуына мүмкіндік бар. Велосипедтерді жалға беретін пунктердің пайда болуынан кейін демалушыларға түрлі қиындық деңгейіндегі маршруттарда велосипедпен жүруге болады. Кейбір кордондарда көрікті жерлерде орналасқан кіші қонақ үйлерден бастап балалары бар жанұяларға және қарт адамдарға арналған жеңіл біркүндік маршруттарды қалыптастыру қарастырылуда. Ұлттық парк басшылығын бас директор жүзеге асырады. Ол заңды түрде бекітілген және өңделген «Көкшетау» МҰТП Паспортына сәйкес қызмет атқарады. Ол парктің қорғау тәртібін дамыту мен жүзеге асыру жауапкершілігін иеленеді. МҰТП-мен паркті басқару жүйесі ретінде ұсынылғын Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) құрылады. ҒТК құрамына ғылыми орталықтардың мамандары, қызығушылық танытқан мемлекеттік және қоғам ұйымдары кіреді. ҒТК ғылыми зерттеулермен айналысады, парк қызметінің басты сұрақтарын қарастырады, парк аумағының табиғи және мәдени-тарихи ортасына әсерін тигізетін экологиялық экспертиза жобалары мен шаруашылық жоспарларды ұйымдастырады, табиғатты қолдану және қорғау тәжірибесіне технологияны енгізу сұрақтарын қарастырады. Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңына сәйкес ұлттық парк аумағында табиғатты қорғау тәртібін сақтау МҰТП штатындағы қорғау қызметінің мемлекеттік инспекторларына жүктелген. Парк инфрақұрылымының дамуы бекітілген бас жоспарға сәйкес келесілердің есебінен жүзеге асырылады: · Шетелдік капиталды тарту; · Қоғам және инвестициялық қор; · Мемлекеттік және халықаралық грант бойынша жобалар; · Қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік-мәдени іс-шараларға бөлінетін МҰТП-нің арнайы қоры, сонымен қатар ұйымдардың өз еркімен салған салымдары; · МҰТП жерін пайдаланушылар мен жалға алушылар қаражаты, құрылыс, қайта жөндеу және объектілерді салуға бөлінген қаражат; · Ұлттық парк аумағына кіруге алынатан және онда болғаны үшін алынатын төлем; · Рекреациялық ұйымдардың төлемдері және демалушы жеке және заңды тұлғалардың маршрут құралдарын, демалу орындарын және табиғат мұражайына және басқа да объектілерге барғандары үшін төлем; · Паркта жидек, бопа жинауға және балық пен аң аулауға лицензиясы бар тұлғаларға рұқсат беру үшін ақылы төлем; · Басқа да түсімдер мен төлемдер (соның ішінде, табиғатты қорғау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, жануарларды ату және реттеу және т.б.). Ұсынылатын іс-шаралар. Көптеген құрылыстар жүргізу қажет, ол өзіне келесілерді қосады: · Персоналға арналған кеңсе құрылысы. · 2 қабатты визит-орталығын салу (20 адамға арналған кішкентай қонақ үй номерлері, конференц-зал және дәмханасы, мамандарға арналған кабинеттер бар) · Өндіріс базасын толық қайта жөндеу. · Тарихи ескерткіштерді қайта жөндеу, онда мұражай жасау. · Автокөлік жуу орындарын құру. · МҰТП қызметкерлері үшін қызмет үйлерін салу (2 пәтерлі 5 коттедж). · Бұлаққа баратын жол салу және оның жанына беседка құру. · Жаз мезгілдеріне арналған палатка лагерлеріне стационарлық алаң салу (орман шаруашылығы, биолог студенттеріне практика өткізу, оқушылар экскурсиялары және т.б.). Визит-орталық. Көкшетауда визит-орталығын салу жоспарланып отыр. Визит-орталық МҰТП-ке ғылыми және қызметтік мақсатпен келетін мамандарды, туристерді қабылдау үшін қажет. Бұл қазіргіә заманға стилде 500 м.кв. кем болмайтын 2 қабатты мекеме. Онда келесілерді салу жоспарлануда: 15-20 орынға арналған қонақ үй номерлері, келушілердің ғылыми жұмыстары үшін кабинеттер, Интернетке шығуға болтын кітапхана, конференц және кино зал, 50 орынға арналған дәмхана, сауна, спортзал. Жылына 100 мың келушіні қабылдайтын визит-орталық «Көкшетау» МҰТП-нің визит карточкасы болады деп айтуға болады, онда келушілерге ұлттық парктің пайда болу тарихы жөнінде ақпарат алуларына, туристік маршруттармен танысуға, табиғи ерекшеліктерін білуге және т.б. ақпарат алуларына мүмкіндік туады. Визит-орталық мақсаты мен тапсырмалары: · Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өсімдік және жануарлар әлемінің түрлілігі жайлы халықты ақпараттандыру мен білімдерінің кеңейуін жоғарлату. · Балалар мен жастарға экологиялық ағарту жүйесін ұйымдастыру. · Ерекше қорғалатын табиғи аумақты сақтау мен дұрыс пайдалану патриоттылығына және жауапкершіліккке тәрбиелеу. · Халықтың мәдени деңгейінің жоғарлауы. Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. · Халықты, әсіресе жастарда табиғатты қорғау бойынша іс-шараларға тарту. · Тұрақты экологиялық туризмді ұйымдастыру арқылы ауданның экономикалық дамуына әрекет ету. Орманшылар үйі. Ұлттық парк тек жеті орманшы үйінен тұрады. Олардың кеңселері Ақылбай және Қотыркөлде бар және олар 2 пәтерлі үйде орналасқан, ал қалған орманшы үйлерінің өздерінің арнайы өндірістік мекемелері жоқ. Орманшы үйлері орналасқан ғимараттар техникалық және өндірістік талаптарға сәйкес келмейді, осының әсерінен ұйымдастырушылық және басқа да жұмыстарды қиындатуда. Жеті орманшы үйіін салу жоспарлануда. Бұл табиғи материалдардан жасалынған бөлек бірқабатты ғимарат болуы тиіс. Осыдан басқа Бармашинскида, Приозерныйда және Золотоборск орманшылығында өрт қауіпсіздігі үшін бақылау вышкаларын салу жоспарда. Кордондар. МҰТП аумағында 18 кордон бар, олардың көбі 60-80 жылдары салынған және содан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Кордондар МҰТП-нің қызметтік бөлмелері болып табылады, онда күзет инспекторлары тұрады. Жаңа 6 кордон салу жоспарда. Бақылау-өткізу пунктлері (БӨП). Қазіргі уақытта МҰТП 5 жақсы БӨП иеленуде. Олар Ақылбай (2), Мирный (1), Боровском (2) және Бармашина (1) орманшылықтарында орналасқан. МҰТП ерекшеліктерін есепке ала отырып және ол арқылы республикалық және мемлекетаралық (Щучинс-Омск) автожолдар өтетіндіктен парк аумағында Золотоборск, Қотыркөл және Мирный орманшылығының жағынан тағы да 3 БӨП салу ұсынылуда. Жануарларды тамақтандыруға арналған алаң. Қазіргі уақытта табиғи паркте жануарларды тамақтандыратын алаңдар жеткілікті, бірақ олардың саны жеткілікті көлемдегі биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз. Мирный және Золотоборск орманшылықтарында 7 тамақтандыру алаңдарын салу жоспарлануда. Олардың барлығы шаруашылық шектеулі зонада және бір-бірінен алыс орналасады. Питомникті қайта жөндеу. Орманды қалпына келтіру іс-шараларына, аумақтағы құрылыс жұмыстарына байланысты питомник қажет. МҰТП барлық питомниктерге толық қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|