Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кванттық теориядағы күй түсінігі және оны толқындық функция арқылы бейнелеу




Классикалық физикада бөлшектің күйі деген ұғымның анықтамасы былай беріледі. Егер берілген уақыт мезетінде бөлшектің x, y, z координаттары және жылдамдығының , , құраушылары белгілі болса, онда анықталған делінеді.Яғни классикалық бөлшек күйі берілген уақыт мезетінде бөлшектің радиус – векторы және жылдамдығымен анықталыды.

Кванттық механикада бөлшек күйінің берілуі классикалық механикаға қарағанда өзгеше болуға тиіс. Микробөлшектер үшін анықталмағандық қатынастарының болуынан бөлшектің күйін координаттар мен импульс арқылы классикалық анықтау жалпы алғанда мағынасын жояды. Корпускулалық – толқындық дуализмге сәйкес кванттық теорияда бөлшектің күйі функциямен беріледі,ол комплекс шама және формальды түрде толқындық қасиеттерге ие.

Толқындық функцияның мағынасын ұғыну микробөлшектердің интерцеренциясында бөлшектер жүйесі емес, жеке бөлшектің толқындық қысиеттері білінетіндегі анықталғаннан кейін мүмкін болды. Осы қозғалысты сипаттайтын ықтималдықтардың үлестірілуі бөлшектердің жеткілікті көп саны тіркелгеннен кейін ғана білінеді.Осы үлестірілу толқын интенсивтілігінің үлестірілуі қандай болса,дәл сондай болып шығады екен: толқын интенсивтілігі үлкен болатын жерлерде бөлшек көп тіркеледі,ал интенсивтілік аз жерге бөлшек те аз түседі.

Кванттық жүйелердің статистикалық қасиеттеріне байланысты осы жүйелерде өтетін көптеген оқиғаларды дәл болжау мүмкін болмайды. Сондықтан кванттық теорияда ақиқат болжам айтуға болмайтын оқиғалардың ықтималдықтары анықталады. Ықтималдықтары бойынша физикалық шамалардың кездейсоқ орташасын мәндерінің, яғни тәжірибе зерттелетін параметрлерді есептеп табуға болады (r, t) толқындық функция міне осы барлық ықтималдықтарды табуға мүмкіндік беретін шама болып табылады.

Барлық кванттық ықтималдықтар ішінен бөлшектердің координаттарының үлестірілуі бейнелейтін ықтималдықты қарастырайық. Бір өлшемді қозғалыс үшін бөлшектің t уақыт мезетінде және d нүктелері аралығында болу ықтималдығы 2 d - қа тең, мұндағы 2 толқындық функция модулінің квадраты, комплекс түйіндес функция

(, t) (4.1)

 

шамасы ықтималдық тығыздығы, немесе болшек координаттарының үлестірілуі тығыздығы. Ықтималдық тығыздығы тәжірибеде бақыланатын физикалық шама болып табылады, ал толқындық функцияның өзі, комплексті болғандықтан, бақылауғв келмейтін шама. Бұл кванттық механикада күйлерді бейнелеудің классикалық механикаға қарағанда тағы бір өзгешелігі, классикалық механикада күйді бейнелейтін шамалар бақыланады.

Ықтималдық тығыздығы нормалар шартына бағынады:

 

4.2)

 

бұл шарт бөлшектің осінде болуы ақиқат екендігі өрнектейді.

(, t) толқындық функция көмегімен координаттың орташа мәні былай анықталады.

 

(4.3)

 

Координаттың орташа мәнінің уақытқа тәуелділігін толқындық функция береді.

Ал бөлшектің кеңістіктегі (үш өлшемді) қозғалысы үшін бөлшек күйі әрбір t уақыт мезетінде бөлшектің x, y, z координаттарының (x, y, z, ) немесе r радиус – векторының (x, y, z, ) комплекс толқындық функциясымен беріледі.

толқындық функцияның физикалық мағынасы бір өлшемді жағдайға толығынан ұқсас тағайындалады.

Толқындық функция, оның физикалық мағынасынан келіп шығатын белгілі шарттарды қанағаттандыруға тиіс. Ол координат пен уақыттың үздіксіз функциясы болуы тиіс. Толқындық функция бір мәнді және шектелген болуға тиіс. Осы математикалық талаптар жиынтығы үлгі шарттар деп аталады және нақты физикалық шарттарға сәйкес келеді: бөлшектің берілген орында болу ықтималдығы бір нүктеден келесі нүктеге біртіндеп өзгеруге, берілген нүкте үшін нақты шектелген болуға тиіс.

Егер бөлшектің кеңістіктің көлемі V белгілі аймағында ғана қозғалатыны белгілі болса, онда осы аймақта оның табылу ықтималдығы 1 – ге тең болады. Белгілі аймақта бөлшектің табылу ықтималдығы толқындық функция модулі квадратының аймақ көлемі бойынша алынған интегралы. Демек, бөлшекті табуға болатын аймақтың бүкіл көлемі бойынша алынған (4.3) интегралы 1 – ге тең болуға тиіс.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных