ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Классикалық әлеуметтанудың жаратылыстық тұжырымдары1. Әлеуметтік-дарвинистік тұжырымдар Людвиг Гумплович (1838-1909). Еңбектері: «Нәсілдік күрес», «Әлеуметтану негіздері» және т.б. Оның ойынша қоғам – бұл үстемдік. Өмір сүру үшін бір-бірімен аяусыз күрес жүргізіп отыратын адамдар топтарының жиынтығы. Әлеуметтанудың орталық зерттеу объектісі әлеуметтік топтар. Гумплович барлық әлеуметтік топтарды екіге бөлді: 1) Қарапайым топтар, бұлар этникалық және антропологиялық белгілерге негізделіп құрылған топтар. Мыс.: тайпалар, ұлттар. 2) Күрделі топтар, бұлар көпқырлы, яғни саяси, экономикалық, әлеуметтік жіктелуге негізделген топтар. Мыс., таптар, мемлекеттер. Қоғам, бұл бір әлеуметтік топтың екінші бір топты жаулап алуының өнімі. Адамдарға өмірге келгеннен бір-бірін жек көру сезімі тән. Бұл тайпалардың, ұлттардың, нәсілдердің үздіксіз қақтығысына әкеледі. Қоғамның даму барысында әлеуметтік топтар арасындағы егестер жойылып кетпейді, тек басқа нысан алады. Егестің таза күш қолданудан гөрі экономикалық, әлеуметтік нысандары дамиды. Барлық қоғамдық үрдістердің негізгі себебі, адамдардың өз заттық игіліктерін көбейтуге ұмтылысы. Экономикалық тұтынысты қанағаттандыру көндіру мен күш қолдану арқылы ғана мүмкін болады. Гумпловичтің көптеген көзқарастары реакциялық (жою, жек көру) сипатта болды. Оның көзқарастары тирания, агрессия сияқты әлеуметтік жауыздықты ақтауда қолданылды. Уильям Самнер (1840-1910). Эволюция – бұл өмір сүру үшін күрес үрдісі. Бұл күрес адамдарға жаратылыстық тән. Әлеуметтік теңсіздік жаратылыстық жағдай және өркениеттің дамуы үшін өте қажет. Жаратылыстық сұрыптау әлеуметтік сұрыпталу негізі. Қоғам дамуының бастамасы оның салт-дәстүрі. Салт-дәстүр әлеуметтік топтың ойлау қабілетін, өмір үлгісін, бұқаралық мінез-құлқын қалыптастырады. Адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы бастамалары аштық, жыныстық қызығушылық, қорқыныш және басқаларды қорлауды жақсы көрушілік. Самнер «біз - топ» және «олар - топ» деген ұғымдарды енгізді. «Біз - топ» ұғымы бірлікті білдірсе, «олар - топ» ұғымы жаулықты білдіреді.
2. Психологиялық тұжырымдар Лестер Уорд (1841-1913) – американ зерттеушісі. Еңбегі: «Қолданбалы әлеуметтік ғылым». Уордтың пікірінше негізгі әлеуметтік тұтыныс адам қасіретін әлсірету болып табылады. Сондықтан бақытты болуға ұмтылу барлық әлеуметтік қозғалыстар негізі және мұны барлық діни-адамгершілік жүйелер де жақтайды. Уорд әлеуметтік ілімге «әмбебап әлеуметтік күштер» ұғымын енгізді. Бұлар мыналар: 1) жағымды күштер, мыс., рақат алуға ұмтылу; 2) жағымсыз күштер, мыс., қасірет шегуден қорқу; 3) туындатушы күштер, мыс., жыныстық немесе туыстық сезімдер. Бұл әлеуметтік күштердің барлығын негізі психикаға, яғни санаға тәуелді. Сондықтан әлеуметтік зерттеу негізі психологиялық зерттеу болуы тиіс. Жеке адам мінез-құлқы, оның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Даралықтың табиғи қажеттіліктері ең негізгі екі топ айналасына жинақталады. Бұл топтар: 1) аштық пен шөлді қанағаттандыру; 2) жыныстық тұтынысын қанағаттандыру. Бірінші топ еңбек пен алдауды тудырады. Өз дамуының басында адам хайуанаттарды алдап өзіне тамақ етсе, енді байлыққа ие болу үшін бірін бірі алдайды. Екінші топ жыныстық, ата-аналық, туыстық сезімдерді тудырды. Сонымен қатар бұлардың әрқайсысына сәйкесті жек көру сезімдері пайда болды. Уорд өркениеттің психикалық факторларын өмірге әкелді. Бұлар үш топқа бөлінеді: 1) Субъективті факторлар, бұлар сезім, ерік, мінез-құлық және т.б. 2) Объективті факторлар, бұлар ақыл, интуиция, шығармашылық рух, жаңалықтар ашу және т.б. 3) Әлеуметтік жасандылық (синтез), бұлар саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйелер. Уорд әлеуметтік билікке (социократия) сүйенген қоғамдық жүйе тұжырымын жасады. Бұл жүйе әлеуметтік күштерді ғылыми бақылауға негізделген. Уильям Мак-Дугалл (1871-1938) – Гарвард университетінің профессоры. Оның ойынша психология барлық әлеуметтік ғылымдар үшін негіз болып табылады. Мак-Дугаллдың пікірінше адам мінез-құлқының қозғаушы күші инстинкті болып табылады. Сол себепті барлық әлеуметтік ғылымдар негізі «инстинкті психологиясын» зерттеу болуы тиіс. Мак-Дугаллдың пікірінше инстинкті – бұл даралықты белгілі бір әлеуметтік объектілерге назар аударуға және соларға қатысты белгілі бір әрекеттер істеуге еріксіз көндіретін табиғи сезім. Инстинкт адам баласына мұрагерлік арқылы беріледі және екі құрамдас бөліктен тұрады. Афференттік бөлік әртүрлі заттар мен оқиғаларды қабылдауды қамтамасыз етеді. Эфференттік бөлік осыларға қатысты адамдар мінез-құлқы мен әрекетін қамтамасыз етеді. Мак-Дугалл 20 шақты негізді инстинктілерді бөліп шығарды. Мыс., қызығушылық, төбелесқұмарлық және т.б. Оның пікірінше әрбір инстинктіге сәйкесті сезім болады. Мыс., қашу инстинктісіне қорқыныш сезімі негіз болады, ал төбелесқұмарлық инстинктісіне ашу-ыза сезімі негіз болады және т.б. Адамның рухани дамуы барысында инстинктілер арасында теңсіздік сатысы (иерархиялық саты) қалыптасады. Ең жоғарғы инстинкті-эгоистік инстинкті. Бұл адамның мен, өзім деген сезімдерін қалыптастырады. Инстинктивизм тұжырымдамасы әлеуметтану ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Бұл тұжырым адамдар психологиясы мен мінез-құлқының табиғи-мұрагерлік қалыптасқан бөліктерін зерттеуге мүмкіндік берді. Гюстав Лебон (1841-1931) француз зерттеушісі. Лебон өз зерттеулерін тобыр, ұлт, халық, нәсіл психологиясына арнады. Тарихи үрдіс бірін-бірі алмастырып отыратын заңдар арқылы жүреді. Бұл заңдар ұлт, халық психологиясына негізделеді. Әрбір ұлттың тұрақты рухани құрылымы болады. Осы рухани құрылым оны басқалардан ерекшелендіреді, оның өзіне ғана тән өнерін, сенімін және т.б. тудырады. Лебонның пікірінше XIX-XX ғ. Еуропа қоғамында «тобыр дәуірі» басталды. Бұл дәуір даралықтардың саналы іс-әрекеттерін тобырдың санасыз әрекеттерімен алмастырды. Лебон тобырға тән мынадай белгілерді көрсетті: жалпы идеяның болуы, өз күшінің мықтылығына сенім, жауапкершілік сезімін жоғалту, төзімсіздік, сендіруге тез көну, қауіпті іс-әрекеттерге бейімділік, өз жетекшілері артынан санасыз ілесу. Тобыр «рухани бірлік» заңына бағынады. Бұл заң адамды санасыз құралға айналдырады. Лебон тұжырымына сай тобыр негізінен екі топқа жіктеледі: 1) әртекті тобыр, мыс., көшедегі топтар немесе парламент жиыны; 2) біртекті тобыр, мыс., діни секта, әлеуметтік каста және т.б. Нәсілді зерттеуде Лебон, олардың арасындағы айырмашылықтарды іздеді. Оның ойынша әрбір нәсіл тек қана анатомиялық емес, сонымен қатар өте үлкен психологиялық та айырмашылыққа ие. Сондықтан нәсілдер араласуы ешқандай мүмкін емес нәрсе.
3. З.Фрейдтің психосұрыптау тұжырымы Зигмунд Фрейд (1856-1939). Еңбектері: «Тотем және табу. Ерте мәдениет пен дін психологиясы», «Бұқара психологиясы және адам даралығын сұрыптау». Адам өмірінде басты мәнге сана мен әлеуметтік орта ие емес. Басты мәнге биологиялық-табиғи қажеттіліктер ие. Оның ойынша дүниеге келгеннен әрбір адамға инцеста (қан араласушылық), каннибализм (адам жеу) және кісі өлтіру негіздері салынған. Әдетте бұлар санада тығылып тұрады және қажет болғанда тез сыртқа шығады. Мыс., адам соғысқа тез үйренеді. Жеке адамның рухани дамуы адамзат дамуын қысқаша қайталайды. Сондықтан әрбір адам өз ата-бабаларының қасіретін арқалап жүреді. Адам өмірінде ең бастама болып табылатын екі ғаламдық инстинкті бар. Бұлар: Эрос (жыныстық инстинкті, өмір инстинктісі, өзін-өзі сақтау инстинктісі) және Танатос (өлім инстинктісі, жаулық инстинктісі, жою инстинктісі). Адамзат өмірі Эрос пен Танатос күресінің қорытындысы болып табылады. Эрос пен Танатос бірлігі мен күресі әртүрлі әлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер іс-әрекеттерін айқындайды. Фрейдтің ойынша адам санасының бұзылуы оның жыныстық қалауы мен қоғамдық шектеу арасындағы егестен туады. Санасы бұзылған адам өз өмірін ғана емес басқалар өмірін де бүлдіреді. Әлеуметтік өмірде санасы бұзылғандар үлкен топ. Сондықтан әлеуметтік даму жыныстық инстинктіге тәуелді болып қалады. Фрейд жыныстық тойымсыз ұмтылысты, яғни нәпсіқұмарлықты либидо деп атады. Либидо адам мінез-құлқын құрамдайтын негізгі күш. Тек нәпсіқұмарлар ғана үлкен жетістіктерге жете алады. Либидо адамның даралық, ерекшелік, талапкерлік, билікқұмарлық қасиеттерін қалыптастырады. Оның ілімі адамзат өмір сүру мүмкіндіктерін жеке адамдар нәпсіқұмарлығымен айқындады. Фрейдтің психосұрыптау тұжырымының негізін үш ұстаным құрады. Бұлар: тұрақтылық ұстанымы, рақат алу ұстанымы және шыншылдық ұстанымы. Осы ұстанымдардың жиынтық әрекеті жеке адам қалыптасуы мен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Фрейд ойынша адамның барлық сезімдері өз табиғатынан қарама-қайшы болады, яғни адам өмірі дегеніміз қайшылықтар күресі. Осыдан келіп әлеуметтік қарым-қатынастар егесі туындайды. Адамзат қалыптасуын Фрейд былай түсіндіреді. Басында әртүрлі адамдар қауымын қатал әке басқарады. Ол белгілі бір жасқа жетіп, жыныстық қарым-қатынасқа дайын болған өз ер балаларын не өлтіріп, не қуып жіберіп отырды. Соңынан ағайындылар өз әкелерін өлтірді. Бұл грек мифологиясында да бар. Мыс.: Зевс, Аид, Посейдонның өз әкелері Кронды өлтіруі. Соңынан өз әрекеттері өз бастарына келеді деп қорыққан олар инцеста мен каннибализмге тиым салды. Осыдан келіп табу және т.б. ережелер қалыптасты. Бірақ адам санасында нәпсіқұмарлық пен адам өлтіруге құмарлық сақталып қалды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|