Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Орғау туралы заңы




Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген Республикалық референдумда қабылданған Конституцияда айтылады:

- Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

- Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай – ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

- Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

- Әркімнің тынығы құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

- Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде, әлеуметтік қамсыздандыруына кепілдік беріледі.

- Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.

- Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

- Республика азаматтары заңмен белгіленген медециналық көмектің кепілді көлемен тегін алуға хақылы.

- Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай – ақ жеке медециналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медециналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

- Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

- Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. [23]

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

өндірістік объектілерді өндірістік жағдай бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;

еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

еңбек қауіпсіздігі жағдайлары – қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;

өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтардың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің норматиытік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

зиянды өндірістік фактор – оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуінге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

зиянды (ерекше) еңбек жағдайы – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

еңбек гигиенасы – қызметкердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;

еңбекқауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістік еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбектң қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау;

өндірістегі жасатайын оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері; [23]

Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бәрі орындауға міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемелекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Еңбекшілердің еңбек қауіпсіздік шарттарына жағдай жасау Қазақстан Республика үкіметі, кәсіп одақтық ұйымдар және адам құқығын қорғау комитеттерінің үнемі тұрақты қамқорлығында болады. [23]

2007 жылғы 15 мамырда бекітілген «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» ҚР еңбек қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, және қауіпсіздік, қызметкерлердің еңбек ету барысында өмірі мен деңсаулығын сақтауын қамтамасыз етуінені бағытталған, сонымен қатар, еңбек қорғау және қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттінің негізгі принциптерін белгілейді.Толық зиянсыз және қауіпсіз өндіріс болмайды. [24]

Жұмысшылардың ауруы немесе зақымдануын минимумға келтіру және бір уақытта, ең жоғары еңбек өнімділігі кезіңде жабдықталғандықпен қамтамасыз ету -еңбек сақтау мақсаты.

Еңбек жағдайын жақсарыту, онын қауіпсіздігін көтеру- өндіріс нәтижесіне, еңбек өнімділігіне, шығарылатын өнім сапасы мен өзіндік құнына әсер етеді.

Еңбек жағдайын жақсарыту және оның қауіпсіздігі өндіріс травматизм, кәсіпшілік аурулардың төмендеуіне ертіп әкеледі, сол арқылы еңбекшілердің деңсаулығы сақталады және бір мезгілде жеңілдіктерге және қолайсыз еңбек жағдайындағы жұмыс үшін өтемдер есесін қайтаруына жұмсалатың шығындардың азаюына, емделуге, еңбек жағдайындағы тұрақсыздыққа байланысты өндіріс жұмысшыларды қайта дайындаудан өтуіне әкеледі, еңбек қанағаттанушылық дәрежелері жоғарылайды, өндірістік және қоғамдық белсенділік арттыруы, басқа да көрсеткіштер қатарының жақсаруына әкеледі. [24]

Дамып жатқан нарық экономика жағдайында ерекше маңызға өнеркәсіп әртүрлі саласында, оның ішінде машинажасау кәсібі, жұмыс істейтіндердің әлеуметтік қорғанушылық сұрақтары ие болады.

«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» талабына сәйкес КР-ның барлық ұйымдарында бас техникалық жетекші басқаруымен еңбек қорғау бөлімдері ашылуға тиіс, олардың жұмысы еңбек қорғау нормативті актілеріне сәйкес ұйымдастырылады. Сонымен қатар, еңбек қорғау кабинеттері, жабдықталған еңбек қорғау және техника қауіпсіздік оқу бөлмелері ашылады, онда барлық техникалық құжаттнама болады: көрнекті құралдар, электрондық оқу құралдары.

Барлық ұйымдарда кіріспе нұсқау бағдарламалары дайындалу тиіс. Жаңа қызметкерлерге кіріспе нұсқау және жұмыс орында алғашқы нұсқау өткізілмесе жұмысқа кірісуге рұқсат етілмейді. Нұсқау өткізу мерзімі МЕСТ 12.0.004-9.0. «Еңбек кодексіне» сәйкес жасалады. [24]






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных