Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Нормативтік талаптар




Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және олар қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рәсімдерден және өлшемдерден тұруға тиіс. [24]

Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуі мен бекітуінің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

1) Төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл министрлік өндірістік кәсіп орынның техникалық қауіпсіздігін қадағалайды. Бұлар кәсіп орындарды тексеріп кемшілік немесе заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісінше шаралар қолданады. [24]

Оған кіреді:

-қауіп жағдайларын алдын алу және қалпына келтіру жөнінен мемлекеттік инспекцияның басқармасы;

- қауіп жұмыс ошақтағы орын алған жағдайға тергеу жүргізу;

-қауіпті жерлерден немесе опасыз жағдай болған орындардан қызметкерлермен тұрғындарды ликвидациялау, егер бұл заңды шаралар өндіріс құжаттарындағы тәртіпке сай келмесе;

- қауіпті өндіріс ошақтар санағын жүргізеді;

-қауіп төндіріп тұрған немесе сол опасыз жағдайларға әкеліп соқтыратын ақауларды жойымайынша, сол өндіріс ошағынын жұмысын толық тоқтатуға құқылы;

‑ салынып жатқан, жұмыс істеп тұрған немесе жөндеуден шығарылған өндіріс ошағының немесе құрылыстың зияндылық деңгейін анықтау;

- әрбір қауіпті жағдайдың қорытындысына және мамандық аурудың пайда болу себептеріне тергеу жүргізу, зиянды өндіріс ошақтарын құжат түрінде бекіту және жұмысшыларға мәлімет түрінде тарату, мамандық аурудың алдын алу шараларын жүзеге асыру және еңбек қорғау шарттарын жақсарту. [24]

2) Денсаулық сақтау министрлігі. Кәсіп орындағы санитар гигиениялық жағдайларды қадағалайды.

Ол маманнын жұмысқа түру кезінде медециналық тексерістерін өткізу және міндетті түрдегі медециналық тексеруге мерзімін орнату және жүзеге асыру.

3) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Кәсіп орындағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің жұмыс барысындағы құқықтарының бұзылмауын қадағалайды және қажетті жағдайда шаралар қолданады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігіне кіреді:

- Жұмысшының қызмет бабы кезінде түрлі жағдайлар туып жатады. Егер жұмыскер опасыз жағдайлар кесірінен немесе жұмыс орының зиянды болу әсерінен жұмыс істеу қабілетінен айрылса, онда жауапты жақ, сол қызметкерге жұмыс беруші немесе заң түріндегі жұмысшының жауаптысы кінәлі болады. Ол толығымен кеткен шығындарды төлеп және моральдық зақымға қатысты төлемді түгел өтейді. Алайда опасыз жағдай, жұмысшының өнімі әкелініп соқтырса, онда бұл жағдай заң түрінде тіркеліп, жауаптыға басқаша шаралар қолданылады, егер жауапты кінәлі болса.

- Жұмыскерлердің жылдық немесе заңды түрде орнатылған медециналық тексеріс периодтарына байланысты кеткен жұмысшының осы заңдылықтарды өту барысындағы жұмыс орнынан тыс өткізген күндері, жұмыс берушімен толық төленеді және кеткен шығындардың барлығы толығымен заңға сүйене төленеді. Алайда мұндай міндетті бос күндердің төлеуіне, көмек ретінде қан өткізген жұмыскерлерге де таралады.

- Екі қабат немесе туу үйінен баланы асырап алуға алған әйелді немесе ер азаматқа міндетті түрде социалдық көмекақы төленеді. Бұл социалдық көмекақының төлену мерзімі баланы туғаннан немесе баланы асырап алған уақыттан бастап елу саты күнге дейін бекітіледі.

- Арнайы киімнің болуы және меншік иесінің толық қамтамассыз етумен сауықтыру – профилактикалық шара өткізу (дұрыс тамақтану, тазартқыш медикаменттердің берілуі т.с.с).

- Жұмыс бабында жүріп зақым алған жұмысшыға және мамандық ауру таққан адамға социалдық көмекақы төленуін қарастыру.

- Жұмыс орының қоршаған ортасы және шарты, еңбек қорғау заңдылықтарына және нормативтік стандарттарына толық сәйкес болуы тиіс.

4) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі зиянды өндірістік шығарыстар мен тұрмыс – шаруашылық қалдықтарымен қоршаған ортаны – суқоймасын, жердің және ауа атмосферасының – ластауын ескерту шараларының жүргізілуін қадағалайды. [24]

Оның міндетіне кіреді:

- зиянды қалдықтарды тастау нормативтерді ұстану. Атмосфераға тасталатын заттарды шектету немесе қоршаған ортаға зиян келтіретін әрекеттерді болдырмау;

- тазартқыш қондырғыларын эксплуатацияға жолын қадағалайды және құжаттық жақтары белгілейді;

- қоршаған ортаға зиян келтіргіш тасымалдау құрылғылары, оның ішінде шығынды газ мөлшерінін нормативтен тыс болған көніс түрлерін және қатты деңгейдегі шу туғызатын қондырғылары қолданылуын тоқтатуға толық құқылы;

- қалдықтарды тастау және қалдық суларды төгу тәртіптерін орнату.

5)_Бас прокуратура бұл ең жоғары тұрған заң органы болып табылады. Кәсіп орында заң бұзушылықтар орын алса немесе жұмыскерлер мен қызметкерлердің арыз шағымы бойынша тексерулер жүргізеді және тиісінше шаралар қолданады.

Осы бағытта жұмыс істеу административтік ережелер мен ұйымдар әрдайым еңбек қорғау мәселесіне байланысты жұмыскерлер инструктажы мен техникалық қауыпсіздік және өндірістік тазалығын қамтамасыз етіп, осыған сай бағдарламаларды қаржыландырып отыруы керек. Мемлекеттік басқарудан тыс іске асырушы техникалық, құқықтық және еңбек инспекциясы, мекемедегі жұмысшылардан, қызметкерлерден сайланған профгрупп инспекторы, профбюро, профком және еңбек қорғау комиссиясы жүзеге асырады. /5-21 адам/

Еңбек қорғау заңына сәйкес келісімдерін бұзған азаматтар тиесілі түрде Қазақстан Республикасының заңдарына сай жауапкершілікке тартылады.

Азаматтарға тартылған тәртіп жауапкершілік мына түрде болады: айып беру, қатал айып беру, төменгі жалақылы жұмысқа ауыстыру, 3 айға дейін жұмыстан босату.

Әкімшілік жауапкершілікке қадағалауға бекітілген мекемелер кінәлілерге ақшалай айып салуды қолданады. Материалдық жауапкершілікке жатады: кінәлі азаматтардан жартылай не толық ақша алуы, өйткені бұл қаражат мекеме атынан зардап шеккен азаматқа немесе сәтсіздік жағдайға ұшырап, кәсіптік ауруға шалдыққан және заңсыз жұмыстан шығарылғаны үшін төленеді.

Ал, егер ереже немесе норма бұзушылығы әсерінен кейін соңғы шешімдер одан да күрделі жағдай туғызса, онда ол құқықтық жауапкершілікке тартылады (қайғылы оқиғаға, кәсіби сырқатқа шалдыққанда т.б. әсері).

Уәкілетті органдар: Мемлекеттік, ведомствовалық және қоғамдық басқару және бақылыу органдары болып табылады.

Жоғарғы бақылау министрлік және ведомствалық, өндірістегі жауапты жұмыскерлер мен азаматтардағы нақты еңбек қорғау заңы іске асырылуы Қазақстан Республикасының генерал прокурорымен негізделеді.

Мемлекеттік тұрғыдан еңбек қорғау күйін мемлекеттік бақылау анықтайды. Мемлекеттік бақылау еңбек қорғау күйін анықтайды, онымен қатар өндірістік және таукен бақылауында қауыпсіз жұмыс атқаруын Қазақстан Республикасы Министрімен анықтайды. [24]

 

Уәкілетті органның қызметтері:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде мониторинг өткізеді;

- басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы салааралық нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер бұл мақсатқа шығыстар шығармайды.

Жұмыс беруші жыл сайын еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қажетті қаражат бөледі. Қаражат көлемі жеке және (немесе) ұжымдық шарттарда белгіленеді.

- Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері;

- Жұмысқа қабылдау кезіндегі еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктері;

- Жеке еңбек шарттарының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативті құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Азаматтарды олардың денсаулық жағдайына теріс әсер ететін жұмысқа қабылдауға тыйым салынады.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды қоса алғанда, жеке еңбек шартында жұмыс орнының шынайы сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайларда жұмыс істегені үшін берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар көрсетілуге тиіс. [24]

Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезінде жұмыс беруші қызметкерді кәсіби аурудың туындау мүмкіндігі туралы ескертуге міндетті.

- Қызметкердің еңбек қызметі процесіндегі еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктері;

- Ұйымдардағы әрбір жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмысые тоқтатқан уақытқа қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

Қызметкердің өзінің немесе айналадағы адамдардың өмірі мен дансаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және материалдық жауапқа тартуға әкеп соқтырмайды.

Ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда әйелдердің және жасы он сегізге толмаған адамдардың, сондай-ақ бұл жұмыстар денсаулық жағдайына теріс әсер ететін адамдардың еңбегін пайдалануға тыйым салынады.

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді, білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудың, нұсқаулық берудің, білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

Қызметкердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтары

Қызметкердің:

-еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

- жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы, өмірге және денсаулыққа төнетін қаіп туралы, сондай-ақ зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен оны қорғау жөніндегі шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;

Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға;

- арнаулы киімді, жеке және ұжымдық құралдарын өз мақсатында пайдалануға;

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары:

- өз өқілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға;

- қызметкерлердің қауіпсіздік нормаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларды сақтауға талап етуге;

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері:

- қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

- еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға;

- қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етуге;

- еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру;

- ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі;

- Қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құруға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өзінің мәртебесі жағынан негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі. [24]

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ұйымының қызметі тоқтатылған жағдайда ғана таратылады.

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталуын бақылау.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Осы заң мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес уәкілетті органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапты болады.

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарын бұзуға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

Осы заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерелердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбектң қорғау саласындағы мемелекеттің саясаттың негізгі принциптерін белгілейді. [24]

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных