Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ауіпсіздік техникасы. Қауіпсіздік техникасының міндеті еңбекшілердің жарақаттануын болдырмайтын шаралар мен құралдарды жете зерттеп




Қауіпсіздік техникасының міндеті еңбекшілердің жарақаттануын болдырмайтын шаралар мен құралдарды жете зерттеп жетілдіру болып табылады. Жарақаттануды болдырмаудың шаралары деп оның себептерін жою шараларын,яғни ұйымдастыру, ұйымдастыру-техникалық, техникалық, санитарлық-техникалық себептерді және жұмысшының жеке басының психикалық-физиологиялық факторларына байланысты себептерді жоюдың шараларын айтады.

Жарақаттанудың ұйымдастыру себептеріне еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауы, еңбек қорғауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрықтың болмауы, еңбек тәртібінің төмен болуы, жұмысшылардың еңбек қорғауға оқытылмауы, жұмысшыларды жұмысқа қосу тәртібінің дұрыс болмауы, т.с.с. жатады.

Ұйымдастыру-техникалық себептерге жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің, су қыздырғыштары мен бу қазандарының мерзімді байқаудан өткізілмеуі, машиналарға техникалық күтім жасау мен оларды жөндеудің нашар ұйымдастырылуы, электр жабдықтары мен қондырғыларының жүйелі түрде тексерілмеуі, т.с.с. жатады.

Жарақаттанудың техникалық себептеріне техникалар мен құралдардың аулықтары, машиналар мен механизмдердің құрылымының кемшіліктері жатады. Мысалы, тракторлар тежеуішінің әлсіздігі, рульдік басқарудың ауырлығы, орындықтың ыңғайсыздығы, бұрылыстарда және еңкіш жерлерде трактордың орнықсыздығы, тракторлардың аспа механизмі мен тіркеу жабдықтарының жетілдірілмеуі, т.с.с. жарақаттанудың техникалық себептерін тудырады.

Жарақаттанудың техникалық себептеріне еңбек жағдайының жайсыздығы, жұмысшыны тез шаршататын қауіпті жағдайларды байқап одан тез қорғану қабілетін жоятын жағымсыз еңбек жағдайы жатады. Ауаның газдануы жоғары шу, жұмыс орнының қоқырсып жатуы, жылудың және ауа алмастырудың жеткіліксіздігі, демалыс бөлмесінің болмауы, т.с.с. санитарлық-техникалық себептері жатады.

Жұмысшының жеке басының себептеріне адам бойындағы психикалық - физиологиялық факторлар, яғни есте сақтау қабілетінің нашарлығы, ұқыпсыздығы, сақсыздығы және басқа жеке бастың қасиеттері мен ерекшеліктері жатады.

Қауіпті аймақтар деп жұмыс орнындағы адамның жарақат алуына ыңғайлы жерлерді айтамыз. Мысалы, машиналардың қозғалыстағы бөлшектері, ток жүріп тұрған ашық электр сымдары, жүк көтергіш крандар жұмыс істейтін жерлер, тіпті мал шаруашылығында – күтімдегі малдар.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных