Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оршаған ортаны қорғау негізі




Адамдардың шаруашылық қимылының дамуы жалғыз бір елдің ғана емес барлық жер шарына әсер етеді.

Өнеркәсіптің, транспорттық және ауыл шаруашылық кешендерінің дамуы энергия шығынының күрт өсуіне және табиғатқа өсіп келе жатқан ауырлық туғызып отыр. Адам қимылының интенсивті дамуының нәтижесінде климаттың, ауа және бассейндерінің өзгеруіне, флора мен фаунаның даму үрдісіне кері әсер етеді. Егер осындай кері құбылыстар әрі қарай дамитын болса, адамзат өміріне қауіп туғызатын экологиялық апаттарға әкелуі мүмкін.

Сондықтан Қазақстан Республикасының алдында тұрған негізгі мәселенің бірі – қоршаған ортаны қорғау және сақтау болып табылады. Осыған сәйкес 2007 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексі» қабылданды. Қоршаған ортаны қорғау адамдар мен табиғаттың гармониялық өзара әсер етуіне, табиғаттық ресурстарды рационалды пайдаланып дамытуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.Осында Қазақстан Республикасында орнықты дамуының экологиялық негіздері:

Адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізу.

Қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау.

ҚР өз табиғи ресурстарын өңдіруге құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғау.

Қазіргі және болашақ ұрпақтардың сұранысын әділ қанағаттандыру.

Өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін дамыту.

Қоршаған ортаның жай-күйін есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтік және экономикалық даму талаптарына сай келуі.

Әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін шешуге жан-жақты қатысуы;

Қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

Жердің экожүйесінің салауатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтіру мақсатындағы жаһандық әріптестік;

Қоршаған ортаға залал келтіргені үшін жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

Қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін немесе адам денсаулығы үшін зиянды деп есептелетін қызмет пен заттардың кез келген түрлерін басқа мемлекеттерге көшіру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулі немесе орны толмайтын залал қатері төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексінің» мәселесі қоғам мен табиғат сферасындағы қатынастарды, экологиялық жағдайды жақсарту бағытында реттеу, табиғи ресурстарды рационалды және жоспарлы түрде пайдалану, қоршаған ортаға зиян келтірген адамдарды жауапкершілікке тарту заңын кіргізу.

Нарықтық қатынасқа көшкен, экологиялық тұрақсыздық, өнеркәсіптік тоқырау және бюджеттік тапшылық уақытында экологиялық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған заңды қабылдау өте маңызды және қажет.

Қоршаған ортаны қорғау адамдар мен табиғаттың гармониялық өзара әсер етуіне, табиғаттық ресурстарды рационалды пайдаланып дамытуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.

Қоршаған ортаны қорғау заңның негізгі мақсаттары:

қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтау,

- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,

- табиғи экологиялық жүйелерге шаруашылық қызметтердің кері әсерін қайтару,

- табиғат пайдалануды рационалды ұйымдастыру және биологиялық түрлерді сақтау.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңының мәселесі қоғам мен табиғат сферасындағы қатынастарды, экологиялық жағдайды жақсарту бағытында реттеу, табиғи ресурстарды рационалды және жоспарлы түрде пайдалану, қоршаған ортаға зиян келтірген адамдарды жауапкершілікке тарту заңын кіргізу.

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының - өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуы мен әл - ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

Қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым - қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай - ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы.

Қоршаған ортаны қорғау табиғат байлығын сақтаумен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қоршаған табиғи орта және адам жұмыстары арасындағы іс - әрекетін демеуге бағытталған жүйелік шама.

Қазақстан Респуликасының Экологиялы кодексі 2007 жылғы 9 – қаңтардағы 212-ІІІ нөмірімен қабылданды. Қазақстан Респуликасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының міндеттері қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.

Қоршаған ортаны өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтары, автомобильдерден шыққан газдар ғана емес, сонымен қатар егін шаруашылығында пайдаланылатын тыңайтқыштар, гербицидтер, пестицидтерқалдықтары да тікелей ластауға ықпалын тигізеді.

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Соңғы жылдары табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша орын алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.

Өткен кезендердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшырататынын алдын-ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.

Негізінен қоршаған ортаны қорғау жалғыз біздің республикамыздың алдына тұрған мақсаты емес, қоршаған ортаны қорғау бүкіл жер бетіндегі адамзаттың мақсаты және де міндеті.

Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін табиғат пайдаланудың көптеген шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамдық тіршілікке әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның санасын оның қолдау қабілетіне жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.

ҚР 2007. 9.01 қабылданған экологиялық кодексте жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарға:

1.Санитарлық –эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларының қолданылуы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеуі, қол жетімді озық технологияларды енгізуі.

2.Топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлығының төмендеуіне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшін оны алдын алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында.

3.Қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзіреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімімен айқындалатын жерде жүргізу талаптарын сақтауы тиіс.

4.Жерді су және жел эрозиясынан, селдерден, субасудан, батпақтанудан, қайта тұзданудан, құрғап кетуден, тығызданудан, радиоактивті және химиялық тұтыну қалдықтарымен ластанудан, оның ішінде биогендік ластанудан, сондай-ақ басқа да теріс әсерлерден сақтау.

5.Ауыл шаруашылығы алқаптарын және басқа да жерді бактериялық-паразиттік және карантиндік зиянкестермен және өсімдіктер ауруларымен зақымданудан, арамшөптер, бұталар, және шіліктер басып кетуден, жердің жай күйінің өзге де ластану түрлерімен қорғау.

Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзгеде де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңының мақсаттары келесідей:

- адамның өмір сүруі үшін жақсы қоршаған ортаны қамтамасыз ету;

-қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша қоғамдық қатынастарды реттеу, республикадағы табиғи ресурстарды ұзақ уақытқа сақтау және қайта -өңдеу;

Қоршаған ортаны жақсарту мен түзету жауапсыз және басқа істердің кері жерін болдырмау;

табиғат қорғау заңдылығын бұзушылыққа әсерлі жауапкершілік шамасын бекіту.

Біздің республикамызда айналадағы табиғи ортаны қорғау және табиғи қорларды өте тиімді пайдалану әр уақытта маңызды саяси экономикалық және әлеуметтік міндеттердің бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта табиғатты қорғау жөнінде көптеген жұмыстар жасалуда. Оған қазіргі ғалымдар да көп көңіл бөлуде.

Негізінен қоршаған ортаны қорғау жалғыз біздің республикамыздың алдында тұрған мақсат емес, қоршаған ортаны қорғау бүкіл жер бетіндегі адамзаттың мақсаты және міндеті.

Ауаның, топырақтың, судың ластануы тек қана адамның индустриялдық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауыл шаруашылық өндірісінің нәтижесіеде де жүреді. Мәселен топырақ эрозиясы, топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы нәтижесінде құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады.Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инж. құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Т. э-ның қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен шатқалдардың тіп-тігіне және су жиналатын алқаптың аум-на қарай әр түрлі болады. Т. э. көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын-шашын көп түсетін және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. Т. э. күштірек болғанда топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, а. ш-ның жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы а. ш-на орасан зиян келтіреді. Т. э-ның алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі.

Қазіргі кезде шаруашылықтарда 15-20 жылдан асқан тозған техника қолдануда, тозған техника топырақты мұнай заттарымен көп ластайды, мұнай заттары жоғары токсикалық құрамында ауыр метал, қорғасын және басқа зиянды қосылыстар. Қажеті бақылау болмағандықтан трактор, комбайн, автомобиль түтіндері атмосфераға үлкен мөлшерде көмірқышқылдар, көмірсулар, күкірт, қорғасын аэрозольдерін зиянды заттарды бөледі. Себу не жинау науқаны кезінде комбайндар мен тракторларды техникалық қамту кезінде не бұзылған техниканы танап бетінде жуу, жөндеу жұмыстары жүргізіледі, онда жабдықталмаған жерде техниканы жуу мен бірге майларын ауыстыру, сондай-ақ кір майлы сулар топырақ бетімен көп жылдық шөптеріне үстіне өсімдік пен топыраққа ағып кетеді, ол үлкен зиян келтіреді.

Машина-трактор паркі көктем-далалы және жинау жұмыстары кең алымды агрегат қолдануына аз көңіл бөліп отыр. Ол танап бетінде көп жүрісті қамтамасыз етеді, сондықтан топырақ жоғары тығыздалады, сондай–ақ трактор және комбайн жүру бағдарлары жоқ. Жөндеу қызмет көрсету алаңдарында жасыл желектер аздығы оттегі тапшылығы көрінісі байқалады

Жобада қарастырылып отырған "Есіл-Агро" шаруашылығында қоршаған ортаны қорғау мәселесінде менің ұсынарым мына шараларды жиі орындау:

- жұмыскерлер, механизаторлар және тағы басқалар арасында қоршаған ортаны қорғау туралы әңгімелер жүргізу, бос уақыттарының бірінде қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралар жүргізу;

- өздері жұмыс істейтін, техникалары тұратын жерлерді тазарту шараларын ұйымдастыру;

- техникаларын өз уақытында техникалық қамтулардан, жөндеулерден өткізіп тұру, себебі жөнделмеген техникалардың әр - бір жерлерінен жанар - жағармай қалдықтары ағып, қоршаған ортаны ластайды. Сол себепті мен мына шараларды ұсынып отырмын:

Ауылшаруашылық машиналарын сақтау паркін талаптарға сай ұйымдастыру. Яғни парктегі машиналар тұратын орын асфальтпен төселінуі тиіс, себебі ұзақ уақыт тұрған техника май жіберуі мүмкін. Ал май топыраққа өте көп зиян келтіреді.

2)Машиналарды сынау кезінде олардан улы газ шығатындықтан арнайы фильтрлер қойылуы тиіс.

3)Машина жөндеу орталықтарында пайда болған зиян қалдықтарды пайдалану. Мысалы қарапайым суды бірнеше рет пайдалану және кез-келген жерге төкпеу; кәсіпорындағы қалдық темір, қаңылтыр, сымдарды қараусыз тастамай, оларды арнайы жерлерге тапсыру;

4)Жанар-жағармайларын сақтап, оларды дұрыс пайдалану. Яғни оларды жолда немесе егістік жиегінде тастамай, жабық және қауіпсіз жерде сақтау.

5) Жұмыс барысында машинаны қараусыз, от алған күйде ұзақ уақыт қалдырмау.

Қазақстан Республикасы заңдары мен басқа нормативтік актілер мен құжаттар негізінде экологиялық қауіпсіздікті,бағытталған мемлекеттік саясат тактикасын анықтады:

табиғат пайдаланушы және ластаушы төлейді және келтірген зиян үшін міндетті компенсация төлеу принципін кіргізу,

қоршаған ортаға мемлекет қабылдаған әсер деңгейін сақтау,

адамдар мен аймақтардың экология қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шаруашылық қызметті тексеріп рұқсат беру, құрылыс жобалары мен бағдарламасына кез келген өнім шығаруына мемлекеттік экологиялық және санитарлық эпидемиялық сараптамаларды міндетті түрде өткізу,

Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен халықаралық келісімдері мен халықаралық заңдарды сақтау.

Қоршаған ортаны сақтау және қорғаудың 2030 жылға бағытталған негізгі приоритеттері:

қоршаған ортаны ластауды азайту,

табиғатты тиімді пайдалануды реттейтін экономикалық механизмдерді құру,

дүниежүзілік экологиялық саясатта Қазақстанның қатысуын кеңейту,

су ресурстарын қорғау,

ресурс пайдалануды тиімді басқару жүйесін құрау,

экологиялық қауіпсіздік технологиясына көшу,

экономикалық ағартуды құрау және дамыту.

Қазіргі кезде Қазақстандағы келесі негізгі экологиялық мәселелерді айыруға болады:

1. атмосфералық ауаны ластау,

2. тұщы судың жеткіліксіз болуы,

адамдардың шаруашылық қимылының, жел және су эрозиясының әсерінен топырақ құнарлығының төмендеуі.

Халықаралық сферада Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты келесі бағытта жүргізіледі:

Қазақстан Республикасының сәйкес халықаралық концепцияларға қосылуы және оларды іске асыруға бағытталған шаралар,

халықаралық масштабта келісілген саясат пен ортақ бағдарламаны жасау,

өндіріске экологиялық тиімді шетелдік технологияларды кіргізу,

қоршаған ортаны қорғаудағы мәселелерді шешуді халықаралық тәжірибелерді кең қолдану,

нақты мәселелерді шешуге қаржылық қаражатты толық пайдалану.

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында "Қазақстан 2030" Қазақстан - таза ауалы және мөлдір сулы таза және көк ел болуы керек".

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных