ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Алғашқы медициналық көмекЖараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңу керек, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған дұрыс, таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиспеңіз, егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,2 г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады [37]. Алғашқы көмек көрсету кезінде жараны спиртпен, сумен, йодтың ерітіндісімен жууға, ұнтақ дәрілер себуге және май жағуға, жараны мақтамен жабуға, жарадан құм, топырақты сүртуге, басқада заттарды жараны ластайтын жолмен алуға болмайды. Қанның ағуы жарақаттың ушығуы адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қанның ағуы күретамырлық, ұсақ тамырлық және үлпершек болып бөлінеді. Күре тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мерзімде ағзадан өте көп қан кетеді. Қан ал қызыл түсті, баяу ағады немесе атқылайды. Көк тамырдан аққан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қан дүмпусіз үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің ұсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ішкі органдардағы ұсақ қан тамырларының қанның ағуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады. Саусақпен қанды тоқтату. Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жұлынынан қысады. Бұдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын таңғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканның, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нығыз кесіндісін салып орайды. Аяқ-қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату: сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шұңқырындағы күре тамырды қысады, сол үшін үлкен саусақтарды тізе буынның алдыңғы жағының үстіне қояды, ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады. Күйдіргі және бұрау қою арқылы қанды тоқтату. Көк тамырдан және ұсақ тамырлардан қан аққан кезде әдетте қатты тазартылған таңғышты қолданады, зақымдалған жерді қатты байлап тастайды, аяқ-қолды көтеріп қояды. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек. Алғашқы көмек көрсеткен сәттердің бірі зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, мұхият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбекті токтан ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұхият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиялық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады. Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайындағы адамға «ауыздан-ауызға» және «мұрынға-ауыз» әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет [34]. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|