Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Фиксацияның оперативті әдістері.




Оперативті емдеу туралы көзқарас медицинаның жаму дәрежесіне байланысты өзгеріп отыратын. Адекватты анестезияның пайда болуын байланысты оперативті емдеуге көрсеткіштерің спектрі кеңейтілді.

Сүйек тіннің регенерациясы туралы көзқарас кеңейтілді.Имплантанттардың жаңа түрлері шығарылды.

Дегенмен де, оперативі әдіс емдеудің жалғыз әдісіболып табылмайды, оның артықшылықтары мен кемшіліктері бар және ол қатаң көрсеткіштері бойынша тағайындалу керек.

Оперативті емдеу тәсілінің артықшылықтары:

· Сүйек сынықшаларының максимальды дәл репозицияны орындау мүмкіндігі(ол әсіресе буын ішілік сынуларды маңызды,себебі буын беттерін сәкес болуына байланысты оның функциясының қалпына келуі байланысты болады)

· Сүйек тіннің дефектісі кезінде сүйек реконструкцияның мүмкіншілігі

· Сүйек сынықшалардың тұрақты фиксацияны қамтамасыз ету мүмкіншілігі

· Бұлшықет, байлам, сіңірлердің берік қалпына келу мүмкіншілігі

· Науқастың ерте активизациясы мен зақымдалған сегметке ерте күш түсіру мүмкіншілігі

· Үнемдеу эффективтілігі. Емдеудің барлық компонентерін(стационарда болуы, амбулаторлы емі, реабилитацияны өткізу, жұмысқа қабілетінің мерзімі) ескере отырып, ерте оперативті ем консервативті емге қарағанда шығынның аз ьолатыны көрсетті

· Науқас үшін емнің қолайлығы

Оперативті емдеу тәсілінің кемшіліктері:

· Қосымша оперативті жарақат жаса қажеттілігі, әртүрлі анестезия түрлерін жүргізу

· Инфекциялық асқынулардың даму қаупі

· Ке жағдайларда фиксаторларды алу үшін екінші операцияның қажеттілігі

· Инфекциялық асқыну кезінде оперативті ем арзаннан ең қымбат ем түріне айналады.

Сынуды оперативті емдеуге көрсеткіштер:

· Жабық әдіспен қанағаттанарлық репозицияға жету мүмкін еместігі(жарақат локализациясына және жұмсақ тіндер немесе сүйек сынықшалардың интерпозициясына байланысты)

· Зақымдалу зонасының анатомиялық ерекшеліктері,операциясыз сынудың бітуі мүмкін емес(шынтақ өсіндісінің сынығы, мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қырының жұлынуы)

· Орнынан тайған сүйек сынықшаларының тамырлы-нерв шоғырын зақымдану қаупі және теріні тесіп өту қаупі болса

· Ашық сынулар(инфекциялық аурулар профилактикасы үшін сүйек жараның хирургиялық өңдеу мен сынықшалардың максимальды иммобилизация қажеттілігі)

· Тамыр және нервтердің зақымдауымен асқынған сынықтар

· Сынықшалардың орнына таюымен сегментарлы сынықтар

· Жұмсақ тіндердің интерпозициясы

Оперативті араласуға көрсеткіштер спектрі кеңейеді:

· Буын ішілік сыну кезінде

· Қарт және әлсіреген науқастардың ерте мобилизациялау қажеттілігі

· Консервативті ем кезіндегі сынықтың баяу консолидациясы кезінде

 

 

Остеосинтездің жалпы принциптері:

Сынықтың бітуіне негіз болып- сүйек сынықшаларының қанмен қамтамасыз етілуінің сақталыу болып табылады.Онсыз идеальды репозиция да абсолютті фиксация сынықтың бітуіне әкелмейді.Бірақ та кез-келген оперативті араласу онсыз да бұзылған сүйектің қанмен қамтамасыз етілуін бұзады.Сонымен қатар сыну кезінде зақымдалатын жұмсақ тіндерді де еске сақтау керек.Операция барысында жұмсақ тіндерге қосымша жарақат жасау, олардың өмірге қабілеттілігін төмендетіп, жарлы инфекцияға және ригидті тыртықтың пайда болуына қолайлы жағдай жасайды.

Сынық фиксациясына 2 негізгі принцип қолданады- шина салу және компрессиялық.

Шина салу сүйек сынығының қозғалысын азайтып, шинаға күш түсіреді. Сынықтың консервативті емінде шина ретінде гипстік таңу пайдаланады, сүйек пен гипс аралығында көп мөлшерде жұмсақ мата тұрақтылықты сақтайды. Оперативті шина салуда имплантант ретінде пластина және штифтер, ошақтан тыс фиксациялық аппаратарға біздер және стержендер қолданады.Бір фиксаторлар (интрамедуллярлы штифтер) имплантатқа дейін сынықтардың жылжуын босатса, басқа (сүйек үсті) фиксаторлар жылжымай барлық күшті өзі көтереді. Фиксаторлар тәртіп бойынша тат баспайтын арнайы маркасы бар болаттан және титаннан дайындалады.Фиксацияға тағы да ауто- және гомосүйек, көміртегі, арнайы сорғыш қасиеті бар полимерлер және материалдар қолданады. Қазір металл имплантаттар кең тараған. Шиналық имплантат сынық біткенше функциональды күшті көтеріп жүруі керек.Компрессия беткей тығыз қатынас жағдайда тұрақты әсер етеді. Бірақ қате түсінікте компрессия көп болған сайын сынық жазылуы жақсара түседі. Сүйек – бұл тірі тін, артық компрессияда аваскулярлы некроз және резорбция процесі дамиды. Компрессия мақсаты сынықты ұстап тұру. Компрессияда сынықтың перпендикулярлы бетінен арнайы шүріптермен біріктіре отырып, жүзеге асырады. Компрессиялық пластинка салар алдында кернеу салып, сонымен қатар «тартпалы ілмек» әдісі қолданады.Компрессия жасауда ошақтан тыс фиксация аппараты көп мүмкіндік береді.

Барлық имплантат бөөгде зат ретінде инфекциялық асқынудың көзі болып табылады. Сондықтан остеосинтез орындау барысында асепика және антисептика жағдайын тиянақты сақтау қажет. Имплантат аймағының іріңдеуі көп жағдайда жедел алып тасталынады, қолайсыз операция науқас кемтарлығына алып келеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных