Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аңқалық(тұрақты тарту).




Тері үсті және қаңқалық тартуды ажыратады. Қаңқалық тарту кезінде тартуды тікелей сүйектен металл спицасы, шуруп немесе винтті оймасы бар стержні көмегімен жасайды.Тері үсті тартуы кезінде тартуды теріге медициналық клей, лейкопластырь, сондай- ақ арнайы жұмсақ манжетаны қолдану арқылы жасайды.(15 сурет)

 

 


Сур. 15. Тарту варианттары:

а — қаңқадан; б — липкопластырлық; в — манжеттік

 

 

Үлкен жүктерді тұрақты қолдану кезінде ересектер травматологиясында кеңінен таралған қаңқалық тарту оптимальды болып табылады.Балаларда жүктер шамасы аса үлкен емес, ал өсетін сүйекті қосымша зақымдамау үшін тері үсті тарту қолданылады.(мысалы дефармациялатын остеоартроз кезінде).

Қаңқалық тартудың қарсы көрсеткіштері аз.Қаңқадан тартудың негізгі принциптері:

· Зақымданған сегментінің бұлшықеттерін біраз босату

· Сүйек сынықшалардың орнынан таюын біртіндеп жою

· Репозицияны ұстау үшін қажетті бағыттағы тұрақты тарту арқылы

Қаңқалық тартудың артықшылықтары болып, ең алдымен зақымдану аймағына бақылау үшін қол жету кеңдігі, таңуды, емдік шараларды, зерттеулерді жүргізу мүмкіншілігі сүйек сынықшаларын ұзақ ұстауға ғана емес, содай- ақ оны түзетуге мүмкіншілік беретін кез-келген бағыттағы реттелетін тарту.

Қаңқадан тартуды салу қиын емес, алйда асептика және антисептика ережелерін дәл және қатаң сақтауды талап етеді. Сүйек арқылы спицалар мен шуруптарды өткізу орнында ісіну және инфекциялық асқыну, “спицалық остеомиелиттер” дамуына дейін баруы мүмкін.

Бұл манипуляцияны операциялық бөлмеде немесе арнайы жабдықталған стерильді таңу бөлмесінде жүргізу керек.Ірің жаралардың болуы осы аймақ та спицаларды өткізуге кері көрсеткіш болып саналады.

Ең кең таралған болып Кишнер спицасы арқылы тарту (ұзындығы 310 мм, диаметрі 2 мм), оны сүйек арқылы қол немесе электрлік дрельмен өткізіп, бекітеді және арнайы скобада тартады.(16 сурет)

 


Сур. 16. ЦИТО скобасы, Киршнер спицасымен

 

 

Қаңқадан тартумен қамтамыз етілуі керек созудың негізгі түрі болып, зақымданған сегмент осімен тарту болып табылады.Ол үшін зақымданудың локализациясына байланысты спицаларды өткізу нүктелері бар.(17 сурет)

 

Сур. 17. Сан сүйегінің айдаршық үсті аймағы арқылы спица өткізу үшін нүктелерді өлшеу (а), шынтақ сүйегі төмпегі арқылы (б), тобық үсті аймақ (в), өкше сүйек (г), шынтақ өсіндісі (д)

 

· Ұршық аймағы - санның орталық шығуы мен ұршық ойығының түбінің сынуында қолданылатын спецификалық нүкте

· Сан сүйегінің айдаршық үсті аймағы:спица ішінен сыртына қарай өткізіледі, енгізу нүктесі тізе үсті жоғары шетінен 1,5-2 см –ге жоғары (18 жасқа дейінгі балаларды өсу аймағын зақымдамас үшін, енгізу нүктесі 2 см- ге проксимальды орналасқан).

· Тобық үсті аймағы. спица балтыр сүйегінің осіне перпендикулыр проксимальды тобық үсті көбірек шығатын бөлігі жағынан 1- 1,5 см.

· өкше сүйегі: спица табан бетіне және тобықтың апикальды ұшынан балтырдың сыртқы жағынан болатын перпендикулярлары бар квадратының диоганальдарының қиылысу нүктесіне енгізіледі.(спицаны енгізудің басқа тәсілі. Табанды тік бұрышпен орнатып, сыртқы тобықтың артынан табанына дейін және осы сызықтан тобықтың үстіне дейінгі сызықты жүргізіп екіге бөлеміз).

· Балтыр сүйегінің бұдыры. Спица сыртынан ішіне қарай,негізу нүктесі бұдырдың үстінен 1 см дистальды және 1,5 см дорсальды енгізеді.

· Шынтақ өсіндісі: шынтақ буыныда бүгілген қолдың шынтақ өсіндісінен спица 2-3 см дистальды өткізіледі.

Спица әрқашан сегменттің осіне перпендикуляр енгізілуі керек.Кері жағдайда белдің миграциясы тесіп өтуіне, тартудың тиімсіздігіне әкеледі.Егер спица кортикальды қабатқа жақын өткізілсе, ол тесіп өте алады.Егер спица скобаға жеткіліксіз тартылса, ол иілуі, теріні тесіп өтуі және іріңдеуге әкелуі мүмкін.Спицаның теріден шығу нүктесі резеңке тығындармен бекітілетін спиртке батырылған дәкелі тампондармен жабылады.

Қол немесе аяқ саусақтары тырнақтарының фалангаларынан тарту кезінде осы фалангалар арқылы инемен жуан жіп немесе жіңішке сымды өткізедің одан кейін тұзақты жасап, қол немесе аяқ ұшында гипспен бекітілетін металды доғаны резеңке созғыштармен тартады.(18 сурет)

 


Сур. 18. Клапп бойынша саусақтың дистальды фалангалары арқылы қаңқадан тарту

 

 

Қаңқадан тарту үшін жүк массасын дене массасына қатысты алады.Балтыр сүйегінің сынуы кезінде жүк массасы дененің 1/7 бөлігін, ал санның 1/6, жамбас сынуы кезінде 1/5 бөлігіне тең болады.Жүк салмағының жеткіліктігін бақылау рентгенограммалар немесе клиникалық жомен сегменттің салыстырмалы немесе абсолютті ұзындығын өлшеумен анықталады.Жүк шамасы сондай- ақ сынықшалардың ұзындық бойымен ығысуын сыну уақытына, науқастың бұлшықет массасына байланысты.

Бүкіл жүкті бірден ілуге болмайды, бұлшықеттердің лезде созылуы олардың жиырылуына әкеледі.Алдымен жүктің 1/3- ½ бөлігін, одан кейін ақырындап 1 кг 1-2 сағ сайын ұлғайтады.

Аяқ және қолдарды тарту үшін, орнату жақсы нәтижеге жету үшін маңызы зор.Аяқтан тартқан езде науқасты матрацтың астына қатты шитті салады.Антогонист бұлшықеттердің тартуын теңістіру керек.Бұл Беллер шинасы арқылы жүзеге асады.(19 сурет) Эффективті тарту үшін тракция сегмен тосі бойымен жүзеге асырылуы тиіс қарсы жағдайда күштердің паралелограмм жіктелуіне сәйкес жоғалту болады.Демпферлік пружина скоба және жүк арасында орналасады және ол спица және сүйекке тікелей шина және төсектен кездейсоқ соққыларды өшіреді.Науқастық жүк әсерінен орын ауыстырмас үшін төсектің аяқ бөлігін біраз көтереді немесе сау аяққа қарсы тіректі орнатады(19 сурет)

Сур. 19. Белер шинасымен сан және балтыр сынығында демпферлі қаңқадан тарту, сау аяққа қарсы тірекпен және төсекті көтеру.

Қолды қаңқадан тарту арнайы блок жүйесі арқылы төсекте жатып және арнайы әкеткіш ЦИТО шинасында тартылған серіппе арқылы жасайды (20 сурет)

 

Сур. 20. Шынтақ өсіндісінен қаңқадан тарту: а — ЦИТО әкеткіш шинасында; б — на балканской раме с боковым пелотом

 

 

Қаңқадан тартудың емдеу кезеңдері.Алдымен сүйек сынықшалардың репозициясына қол жеткізу керек.Репозицияның негізі болып сегменттің осі бойынша тарту арқылы орнынан таюды сүйектің ұзындығы бойынша жүргізіледі.Созылуға қарсы тұратын бұлшықеттің қажуы болу үшін жүкті біртіндеп қосу арқылы тракция жүргізіледі.Ені бойынша орнына таю осы кеде жоғалу мүмкін, сынықшалардың бұлшықет футлярында қысылуына байланысты.Ротациялық және ені бойынша орнына таюды спица бекітілген скобаның жағдайын ауыстыру арқылы немесе қосымша жүкті қолдану арқылы.гипсті немесе бинтті пелоттар, тіреуі бар қосымша спицалар.Қаңқадан тартудағы репозицияны клиникалық және рентгенологиялық бақылаумен бітіндеп жүзеге асырады.Бұл кезең 7-10 тәулікке созылады.Сәтті репозиция жағдайында фиксация жасалуы керек.Жүктің салмағын біртіндеп бастапқы салмағының ½ дейін төмендетеді.(диастаздың пайда болуымен сынықшалардың шектен тыс созылуына жағдай бермеу керек).Циркулярлы таңу арқылы жүзеге асатын осындай иммобилизацияны қаңқадан тартуда жасай алмаймыз.Бірақ та сыну аймағындағы аздаған қозғалыс микрогематоманың пайда болуына,ал ол остеогенездің үдеуіне ықпал жасайды.Фиброзды сүйел пайда болғаннан кейін, қаңқадан тартуды шешіп сынықтың толық консолидациясына дейін сыртқы фиксатор солуға мүмкіндік туады.Кейбір жағдайларда сыртқы фиксатор салынбайды, онда қаңқадан тарту емдеде иммобилизацияның жалғыз әдісі болып табылады.

 

Қаңқадан тарту арқылы емдеуге негізгі көрсеткіштері:

1.Емдеудің жеке әдісі ретінде:

· Қол фалангілерінің, жауырын,өкше сүйектің, балтыр сүйегінің, йық, сан сүйегінің буын ішілік және буын сыртында орналасқан сынудың репозициясы және оны бекітіп ұстау үшін.

· Ұршық түбі ойығы сынуында жамбас-сан буынның репозициясы

· Жамбас сақинасының бүтіндігінің бұзылуы және орнына тайған жамбас сүйектерінің сынуы

2.Емдеудің қосымша әдісі ретінде:

· иық және жамбас буындарының ескі шығуын орнына салуға дайындығы ретінде

· сынулардың оперативті емге дайындығы ретінде

· Тері аурулары, айқын ісіну кезіндегі сынудың иммобилизациясы.

· Деформациялаушы остеоартроздың комплекті емі кезінде жамбас-сан және тізе буындарды босату.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных