Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сынықтарды емдеудің негізгі принциптері




I. Алғашқы дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және транспорттық иммобилизация.

II. Жансыздандыру.

III. Орнына келтіру(Репозиция).

IV. Фиксация.

V. Функцияны қалыпқа келтіру.

Бірінші принцип -Алғашқы дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және транспорттық иммобилизация.

Кез келген жарақат кезінде медициналық көмек неғұрлым жедел жасалу керек. Ең дұрысы жарақат алған адамды сол мезетте арнайы стационарға жеткізу.Дегенмен,алғашқы көмекті жарақат алған жерде көрсетуге тура келеді, сондай-ақ ол жерде көбінесе медициналық қызметкер де, емдік-диагностикалық манипуляцияға қажет жағдай да болмайды.

Егер жарақат пен апаттың жағдайларын ескермесек, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді екі кезеңге бөледі— ауруханаға дейінгі және ауруханалық.

Ауруханаға дейінгі кезеңге стационардан тысемдік-профилактикалық мекемелерде көрсетілетін барлық медициналық көмек түрлері кіреді: тікелей проишес орнында, жарақат алушының үйінде, “жедел медициналық көмек ” машинасында,амбулаторлық медицина мекемесінде. Алғашқы көмекті оқиға орнында қолда бар материалдарды қолдану арқылы жасайды. Ол кезде симтоматикалық медициналық көмек көрсетеді.

Алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті медбике не фельдшер,арнайы құралдары бар, сонымен қатар дайындықтан өткен адамдар: құтқарушылар, пожарники, ГИБДД қызметкерлері көрсете алады, себебі олар арнайы медициналық көрсету дағдыларын меңгерген.Диагноз қоймайды, өмірге қауіп төндіретін бұзылыстарды айқындап алады.Медициналық көмекті синдромға байланысты жүргізеді.

Алғашқы дәрігерлік көмекті жалпы профиль дәрігерлері көрсетеді — «жедел медициналық көмек» көрсету бригадасы дәрігерлері, жанұялық дәрігерлер, үлескелік дәрігерлер, аудандық поликлиниканың үлескелік дәрігерлері.Бұл көмек түрі кезінде ешқандай операция, сүйек жарғақшаларын орнына келтіру манипуляциялары, қосымша зерттеулер(соның ішінде рентгендік) жасалмайды, бірақ қарау барысында болжам диагноз жасалу керек.

Арнайы медицинскую көмекті жалпы профиль хирургі амбулаторлық мекеме жағдайында қөрсетеді, мысалы, поликлиниканың хирургиялық кабинетінде. Ол жарақатталған жұмсақ тіндердің БХӨ жасай алады, бірақ үлкен қалаларда травматологиялық пункттер бар, онда дәрігер-травматологтар жұмыс істейді және кез келген жарақатпен науқастар сол жерге барады.

 

Травматологиялық пунктерде шұғыл арнайыланған медициналық көмек көрсетіледі,сонымен қатар жеңіл жарақаттарда емдік шаралар жүргізіледі.Дәрігер-травматолог қосымша зерттеу жүргізе алады,яғни науқас диагнозын нақтылап,оған арнайыланған стационарға жолдама қажеттігін не амбулаторлы түрде емдеуге болатындығын анықтау үшін. Травматологиялық пунктта операция жасалынбайды,бірақ дәрігер гипсті таңу жасап, ем барысын қадағалап, реабилитациялық шаралар жасайды.

Медициналық көмек түрі,сол жерде және уақытта көмектің мүмкіндігі мен мақсатына байланысты.Медициналық көмек көлеміне тәуелді негізгі факторлар:медициналық жабдықтар, тасымалдау мүмкіндігі, медициналық қызметкердің квалификациясы, зардап шеккендер саны.Яғни тәжірибелі дәрігер де керекті жабдықтары жоқ болса, тек біріншілік медициналық не дәрігерге дейінгі көмек көрсете алады. Сонымен қатар қалалық жағдайдағы поликлиника хирургі маман-травматологтың дайындығын өтпегендіктен науқасты лезде арнайыланған стационарға жібереді(тек біріншілік дәрігерлік көмек көрсетеді). Ал аудандық амбулатория жағдайында, жедел эвакуация мүмкіндігі жоқ кезде дәрігер квалифицирленген деңгейде клиникалық диагноз қою шараларын,қол жеткізімді емдік шараларды және де кейбір шұғыл арнайыланған көмек шараларын жүргізеді.

Ауруханалық кезең– стационарлық емдік мекемедегі медициналық көмек,оған квалифицирленген медициналық көмек(оны жалпы профиль хирургы анестезиолог-реаниматологтың қатысуымен көрсетеді),арнайыланған медициналық көмек(дәрігер-маман-травматолог, комбустиолог, нейрохирург қатысуымен).

Арнайыланған көмек өзі екіге бөлінеді: шұғыл арнайыланған көмек (шұғыл, жедел көрсеткіштер бойынша манипуляциялар мен операциялар) және арнайыланған ем(ірі медицина орталықтарында жасалады және оған көрсеткіш болса қосымша тексерулер,кезеңдік арнайыланған емдеу, реабилитациялық шаралар жатады.)

Ауруханаға дейінгі кезеңнің негізгі мәселелері: науқас өмірін сақтау,ағзаның өмірлік маңызды функцияларын сақтау,өмір мен денсаулыққа қауіпті асқынулардың алдын алу, емдік мекемеге науқасты тасымалдау.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных