Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Екінші принцип - жансыздандыру




Жансыздандыру (анестезия)–

1. жергілікті – а) сынық орнының блокадасы (сур.10.а),

- б) өткізгіш анестезия (жүйкенің блокадасы) (сур.10.г),

- в) жұлынның блокадасы (эпидуральды, жұлындық анестезия)

2. жалпы (наркоз) – ингаляциялық емес -көктамыр ішілік,

- ингаляциялық – а) маскалық (маска көмегімен),

- б) интубациялық

Стационар, травмпункт, поликлиникалардың арнайы бөлімшелерінде ТҚА-ның жекеленген жарақаттарында бір мезетті репозиция не қаңқадан тарту алдында жергілікті анестезия жасалады.

Кең таралған жергілікті анестетик — новокаин.Сынық орнының блокадасы үшін 2% (20,0 мл) не 1% (40,0-50,0 мл) новокаин ерітіндісі, ал жамбас ішілік, вагосимпатикалық, паранефральдық блокадаларда — 0,25 % новокаин ерітіндісі (300,0 — 400,0 мл).

Сур. 10.Новокаинды блокадалардың негізгі түрлері:

а – сынық аймағы; б -циркулярлы; в —Школьников бойынша жамбас ішілік; г –қабырғааралық жүйкелерді; д – вaгосимпатикалық

 

 


 

Сыну аймағының блакадасы тамыр шоғырының проекциясынан тыс,сыну аймағына парафрактурлы гематомаға жасалынады(10.а.сурет).Новокаиннің дұрыс енгізілгенін дәлелдейтін белгісі поршеньді кері тартқан кезде шприцте қанның болуы.

Ашық сынулар кезінде А.В. Вишневский бойынша футлярлы анестезия қолданылады – сүйекке дейін барлық тіндер инфильтрациясымен 0,25% новокаин ерітіндісін жарақат алған жерден жоғары, бұлшықет футлярларына жіберу.Жамбас сүйектің сынуларында жамбас ішілік анестезия қолданылады.Школьников-Селиванов бойынша 0,25% новокаинмен 200-300 мл(10.в. сурет).Омыртқа денелерінің сынуында Шнек бойынша 1% 10 мл ерітіндімен анестезия қолданылады.

Қабырғалардың көптеген сынықтарында қабырғааралық нервтердің паравертебральды анестезиясы қолданылады,0,5% 10 мл новокаин ерітіндісін әрбір қабырғааралыққа.Қабырғалардың көптеген сынықтары мен гемоторакс кезінде паравертебральды анестезиямен қоса 0,25 %л новокаин ерітіндісімен Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада жасалынады.Артериялық қысым төмен болғанда (70-75 мм.сын. бағ.), анестезияны аса сақтықпен қолдану керек.Артериялық қысым 100 мм сын.бағ. жоғарлағанға дейін оны кейінгіге қалдырған жөн. Артериялық қысым төмен болғанда новокаин тамыр қозғалтқыш орталыққа тежеуші әсер етеді.

Жергілікті жансыздандыруға уақытша кері көрсеткіштер: гиповолемия, III –IV дәрежелі геморрагиялық және травматикалық шок,политравма болып табылады.

Новокаинды блокадаларды жасау асептика және антисептика ережелерін сақтауды талап етеді.Стерильді таңғыштау бөлмесіне сай жағдай болмаса(далада, үйде,жедел жәрдем көлігінде) сыну аймағына инені енгізу ауыр инфекциялық асқынуларға әкелуі мүмкін.Сондықтан да новокаинді блокадаларды жүргізуге көрсеткіштер сақтықпен қойылу керек, тек қана айқын ауырсыну синдромы кезінде және шоктың дамуының профилактикасы үшін абсолютті қажет болу.

Жалпы жансыздандыру мектепке дейінгі жастағы балаларда сынуды немесе буынның шығуын бір сәтті репозицияда қолданады.Ересек адамдарда, әсіресе ”ескі” буынның шығуын орнына салғанда жалпы жансыздандыру(көбінесе қысқа көктамыр ішілік наркоз) тиімді,себебі бұлшықеттердің постравматикалықгипертонусы жақсышешіледі де, буынды орнына салу жеңіл және атравматикалық болады. Политравмамен науқастарда сынуларды бір сәтті репозициямен емдеген кезінде, себебі жергілікті жансыздандыру анестетиктің көп мөлшерін қажет етеді.Әсіресе бұл гиповолемия жағдайында және тұркақсыз гемодинамикада(шок, қан жоғалту) қауіпті, резобтивті әсері мен қысымның вазодилятациясына байланысты.

Сонымен, сынықтар мен буынның шығуында жергіліктіжәне жалпы жансыздандыру кең қолданылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных