Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің жеке такырыптарын оқуға, әдістемелік кеңестер және білімін жеке тексеруге арналған сұрақтар




Азақстан Республикасынын Ауыл шаруашылығы министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалык университеті

Технологиялық үрдістерді механикаландыру» кафедрасы

Кулакова Н.Ф., Халам С.Х.

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ» пәнін оқу және бақылау жұмысын орындау үшін техникалық мамандықтар бойынша

Ашықтан-сырттай оқитын студенттерге арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Астана 2009 жыл

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ «Бекітемін»
агротехникалық университетінің ОӘК төрағасы
оқу-әдістемелік ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________ А.М. Әбдіров.
кеңесінде қаралып, мақұлданды «___» _________ 2009 ж
Хаттама № «___» 2009ж.

Дайындағандар:

Кулакова Наталия Федоровна – «Технологиялық үрдістерді механикаландыру» кафедрасының аға оқытушысы.

Халам Сауле Халамқызы – «Технологиялық үрдістерді механикаландыру» кафедрасының аға оқытушысы.

 

Пікір жазған - «Техникалык сервис » кафедрасының доценті т.ғ.к. Сапаров О.С.

«Техникалық үрдістерді механикаландыру» кафедрасының мәжілісінде каралып, мақұлданды. Хаттама № 7 «28» наурыз 2009 ж.

Техникалык факультеттің әдістемелік комссиясының мәжілісінде қаралып, макұлданды. Хаттама №9 «16» сәуір 2009ж.

 

© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. 2009ж

Мазмүны

Кіріспе.................................................................................................................4

1. Пәннің жеке тақырыптарын оқуға әдістемелік кеңестер және білімін жеке
тексеруге арналған сұрақтар................................................................................6

1.1 Кіріспе...........................................................................................................6

1.2 Еңбек қорғаудың теориялық негіздері.......................................................6

1.3 Еңбек қорғаудың құқықтық негіздері........................................................7

1.4 Өндіріс санитариясы........................................................................................7

1.5 Қауіпсіздік техникасы......................................................................................8

1.6 Өрт қауіпсіздігі.........................................................................................10

1.7 Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру...............................................11

1.8 Технологияларды, машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды,

үй-жайларды жобалау, өндіріске енгізу және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарымен қамтамасыз ету............................................................................11

1.9 Зақымданғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету............................................12

2. Бақылау жұмысын орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік

нұсқаулар........................................................................................................12

2.1 Бақылау жұмысын орындауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

тізімі..............................................................................................................................................15

Әдебиеттер.......................................................................................................28

 

Кіріспе

Еңбек қорғау біздің республикада жалпы халықтық іс болып табылады. Олардың еңбек қорғау заңдарының жүйелерімен негізделген.

Еңбек қорғауда кәсіподақтар үлкен роль атқарады. Кәсіподақтар жұмысшылардың еңбек жағдайын, қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек туралы заңдардың орындалуын қадағалау, мекемедегі техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияны, жұмыс жағдайындағы шиеленістерді шешуге қатысу және де қауіпсіз техникасы мен өндірістік санитарияға талаптар қоя алады.

Еңбек қорғау - заң актілерінің жүйелерімен әлеуметтік-экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және ұйымдастыру шараларына сүйене отырып, адамның жұмыс барысындағы қауіпсіздігін, денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан еңбек қорғау пәні болашақ мамандарға төмендегідей мақсаттар қояды:

- еңбек қорғау туралы заңдарды және басқа да нормативтік кұжаттарды дұрыс түсініп, оны керек жерінде ұтымды пайдалану;

- еңбек ұжымдарында еңбек қорғау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру және жоспарлау;

- өндірістегі жарақат пен кәсіби аурулар тудыру себептерін жою және оларды болдырмайтын жолдарын ұғыну;

- технологиялық процестердің қауіпсіз әдістерін ұсынып оларды өндіріске енгізу;

- өрт қауіптілігі бар жағдайларды жою, туу себептерін талдау және өрт сөндіру кезінде ауылшаруашылық машиналарды пайдалану.

Аталған мәселелерді ойдағыдай шешу болашақ мамандардан еңбек қорғау пәнінің даму тарихын және оны дамытудағы ғалымдардың сіңірген еңбегін жақсы білуін талап етеді.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты сырттай оқитын студенттерге ауыл шаруашылығы мекемелерінде еңбек қорғауды ұйымдастыру және жоспарлауды өздігінен оқып-үйрену болып табылады.

Мамандыққа байланысты оқу жоспарына сәйкес студент сессия аралығында бір бақылау жұмысын жазып, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындап, қорытындысында емтихан тапсырады.

Оның оқылу тәртібі төмендегідей - алдында өткен сессия кезінде «Еңбек қорғау» пәнінің оқытушысы студенттерге 1-2 сағаттық түсіндірме сабағын өткізеді, ол пәннің мазмұны мен ерекшелігіне тоқталып, осы нұсқауға қосымша бақылау жұмысын дайындауға түсініктеме береді.

Оқу жоспары мен осы ұсынылып отырған нұсқауды басшылыққа ала отырып, студент көрсетілген қажетті әдебиеттерден жоспарлы түрде терең оқып, мәнді игере бастайды. Ол пәннің негізгі жерлерін дұрыс игеру мақсатында конспект жасап, өзіне түсініксіз жерін белгілеп жазып алып оқытушыдан немесе сол саладағы бас мамандар мен мекеме басшыларынан сұрап алады. Өз мекемесіндегі еңбек қорғау шараларын ұйымдастыру және жоспарлау барысымен танысады.

Пәннің барлық тарауларын оқып игерген соң, студент бақылау жұмысын жазып, кафедрадағы әдіскерге тапсырып, тіркетеді.

Сессия кезінде студент дәріс және лабораториялық-практикалық сабақтарға қатысып, жоғары оқу орнының оқу жылына бекітілген бағдарламасы бойынша сабак өтеді.

Материалды игерген соң, қолындағы бақылау жұмысын көрсету арқылы студент емтихан тапсырады.

 

Пәннің жеке такырыптарын оқуға, әдістемелік кеңестер және білімін жеке тексеруге арналған сұрақтар

Кіріспе

Әдістемелік кеңестер. Аталған тақырыпты оқу кезінде еңбек қорғаудың әлеуметтік-экономикалық мәні және оның мақсаты мен қарайтын мәселелері; МЕСТ, ЕҚСЖ - сәйкес негізгі терминдер мен анықтамаларды білу керек.

 

Әдебиеттер: 1,2,3,4.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

 

1. Еңбек жағдайын жақсартудағы кәсіподақтардың ролі қандай?

2. Еңбек қорғаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы қандай?

3. МЕСТ ЕҚСЖ-не сәйкес терминдер мен анықтамаларды атаңыздар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных