Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру




Әдістемелік кеңестер. Еңбек қорғауды ұйымдастыру тақырыбын қарастырған кезде еңбек қорғау жөніндегі заңдардың негіздері мен еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйелерімен (ЕҚСЖ) және аграрлық сектордағы, мекемелердегі еңбекті қорғауға жауапты адамдардың міндеттерімен танысу керек.

Тақырыпты оқу кезінде жарақат пен ауруды болдырмаудың алдын алу шаралары, жоспарлау мен қаржыландыру, ұжымдық келісімшарт, әлеуметтік шаралар жөніндегі ұжымдык келісімдер, еңбек қорғауды оқытудың түрлері қарастырылады.

Еңбекті қорғауды ұйымдастыруды оқыту кезінде еңбек қауіпсіздігіне оқытуға, ауыл шаруашылығы мекемелеріндегі жұмысшыларға нұсқаулар өткізуге көңіл аудару керек. Жарақат алудың себептерін оқу әдістері жарақат көрсеткіштерін, жарақаттың экономикалық әсері, қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайын ендірудегі тиімділіктер мен еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруы керек.

Әдебиеттер: 2,3,4,6.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Еңбек корғау жұмыстарына жауапты тұлғалардың міндеттері.

2. Еңбек қорғауды жоспарлау мен қаржыландыру қалай іске асады?

3. Еңбек қорғау келісімдері мен ұжымдық келісімшарт қай кезде
жасалады?

4. Қауіпсіз еңбек жағдайын жасаудың қандай әдістері бар?

5. Жарақаттанудың қандай көрсеткіштері бар?

6. Нусқаулықтардың қандай түрлерін білесіздер?

7. Жұмысқа жаңадан қабылданған адамды оқыту қалай іске асады?

 

Технологияларды, машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, үй-жайларды жобалау, өндіріске енгізу және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарымен қамтамасыз ету

Әдістемелік кеңестер. Бұл тақырыпты оқу кезінде технологиялардың, машиналардың, жабдықтардың, үй-жайлардың қауіпсіздік талаптарына сай келмегендігі экономикалық әсері мен олардың туындау себептерін оқу керек.

Жаңа технологиялық процестерді, оның жағдайы мен еңбек қауіпсіздігін алдын ала болжау кезінде қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға көшудің жолын экономикалық тұрғыдан бағалау керек.

Бұл тақырыпты қарастыру кезінде, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық шараларды, оларды ұйымдастыруды, ойластыруды және іске асыруды, жетілдіруді және материалды ынталандыруды үйрену керек.

 

Әдебиеттер: 2,3,4,5,6,7.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

 

1. Технологиялардың, машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігінің экономикалық әсері қандай?

2. Техника қауіпсіздігінен қауіпсіз техникаға өтудің экономикалық болжамдары қандай?

3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық шараларды атаңыз?

4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін санитарлық – гигиеналық шараларды атаңыз?

5. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларын атаңыз?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных