Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бақылау жұмысын орындауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі




1. «Еңбек қорғау дегеніміз» не? (анықтамасын беріңіздер)

2. Еңбек қорғау заң актілерінің негізі.

3. Ауыл шаруашылық жұмыстарының қауырт кезеңінде ауыл
шаруашылық және басқа да мемлекеттік кәсіпорындар
қызметкерлерінің жұмыс уақытының режимі қандай қаулымен және
қалай реттеледі?

4. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты қалай ретке
келтіреді?

5. Әйелдердің еңбегін қорғаудағы Қазақстан Республикасының заң
негіздері.

6. «Әйелдерді ауыл шаруашылығының мамандандырылған жұмыстарына пайдалану жөніндегі» қаулының маңызын түсіндіріңіз.

7. Жасөспірімдердің еңбегін қорғаудағы Қазақстан Республикасының заң
негіздері.

8. 18 жастан кіші жұмысшылар мен қызметкерлерді түнгі және
мерзімінен тыс жұмыстарға жіберуге бола ма? Түнгі аусымның
уақыты деп тәуліктің қай мезгілін айтады?

9. 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің жұмыста көтеретін салмағының
шегі қандай?

10. Ауыл шаруашылығы мекемелерінде нормаланбаған жұмыс күнімен істейтіндерге қосымша демалыс берудің реті қалай?

11. 18-ге толмаған жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысының ұзақтылығы қандай?

12. Зиянды жұмыс жағдайында істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге қосымша демалыс берудің реті қандай?

13. Жұмысшылар мен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ
киіммен және басқа да қорғаныс құралдарымен жабдықтау.

14. Салауатты қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етудегі әкімшіліктің міндеттері туралы заңдар.

15. Қорғаныс жабдықтары, арнайы киім және арнайы аяқ киім берудегі
нұскаулардың мазмұны.

16. Жылы арнайы киімді пайдалану уақыты қалай белгіленеді және оны
берудің тәртібі қалай?

17. Мекемеде салауатты және зиянсыз жұмыс жағдайын орнатуды қандай мемлекеттік бақылау орындары іске асырады?

18. Мемлекеттік кентехника қадағалау бақылау органының мақсаты және қызметі не?

19. Энергетика бақылау органының мақсаты және қызметі не?

20. Мемлекеттік өртті бақылау инспекциясының мақсаты және қызметі
не?

21.Мемлекеттік санитарлық бақылау органының мақсаты не?

22. Кәсіподақ техникалық бақылау органының мақсаты не?

23. Мекемедегі еңбек қорғауды кандай қоғамдық бақылау органдары іске
асырады?

24. Техникалық еңбек инспекторының мақсаттары мен құқықтары.

25. Кәсіподақ комитетіндегі еңбек қорғау комиссиясы. Коммисия
жұмысының мазмұны. Қоғамдық инспектордың міндеттері.

26. Еңбек қорғау қауіпсіздігін, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік
техникасын бұзғаны үшін лауазымды адамдардың қылмыстық
жауапкершілігі.

27. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің мақсаты. Стандарттарды
квалификациялық топтау.

28. Еңбек қорғауды жобалау мен қаржыландыру тәртібі қандай?

29. Жұмыс істеп жүрген мекемеңіздегі еңбек қорғаудың номенклатуралық шараларының жобасын алып оған талдау жасаңыз. Еңбек қорғаудағы келісімдер жасаудың тәртібін жазыңыз.

30. Ауыл шаруашылығында еңбек қорғауға оқыту мен нұсқау өткізу
тәртібі. Нұсқауларды тіркейтін құжаттар.

31. Кіріспе нұсқаудың мазмұны (негізгі сұрақтары). Оны қай уақытта, кім өткізеді және қайда тіркеледі?

32. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұны (негізгі сұрақтары). Оны қай уақытта, кім өткізеді және қайда тіркеледі?

33. Қайталанған нұсқаудың мазмұны (негізгі сұрактары). Оны қай
уақытта, кім өткізеді және қайда тіркеледі?

34. Жоспардан тыс нұсқаудың мазмұны (негізгі сұрақтары). Оны қай
уақытта, кім өткізеді және қайда тіркеледі?

35. Нұсқаудың мазмұны (негізгі сұрақтары). Оны қай уақытта, кім
өткізеді және қайда тіркеледі?

36. Зардабы аз өндірісте болған жазатайым оқиғаны кім тексереді?

37. Топпен болған зардабы ауыр, кісі өлімімен аяқталған өндірістегі
жазатайым оқиғаны кім тексереді?

38. Өндірістік практика өтіп жүрген студенттер жазатайым оқиғаға душар болса, оларды кім тексеріп, есепке алады?

39. Өндіріске қатысты емес деп танылған, өндірістегі жазатайым оқиғалар мекемедегі жарақат есебіне кіре ме?

40. Бас маманмен бекітілген Н-1 нысанындағы акт қайда және кімдерге
жіберіледі? Өліммен аяқталған өндірістегі жазатайым оқиға туралы мекеме басшысы кімге хабарлауы керек және оларды тексеру тәртібі қалай?

41. Басқа мекемеден іссапарға келген қызметкер жазатайым жағдайға ұшырағанда, қандай тәртіппен тексеріліп, есепке алынады?

42. Өндірістегі жазатайым оқиғаның актісінің көшірмесін түсіріңіз.
Олардың дұрыс толтырылғанын талдаңыз. Талдау кезінде 14,15,16 тармақтарға көңіл аударыңыз.

43. Өз шаруашылығыңыздағы өткен жылдың (9 форма) еңбек қорғауға
арналған қаржыларын пайдалану және жазатайым жағдайға
ұшырағандар есебінің көшірмесін түсіріңіз.

44. Ауру мен жазатайым оқиғаға душар болу себебінен жұмысқа
жарамсыз қағазы бойынша соңғы 2 жылда төленген жәрдемақы жөнінде мәлімдеме беріңіз.

45. Еңбек қорғауды ұйымдастыруда мекеме басшыларының, бас мамандардың және өндірістік бөлім басшыларының лауазымдық
міндеттері қандай?

46. Ауыл шаруашылығы мекемелеріндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженердің қандай міндеттері бар? Олардың мазмұнын атаңыз?

47. Жұмысқа байланысты жазатайым оқиғаның анықтамасын беріңіз.
Жұмысқа бара жатқанда және келе жатқанда душар болған жазатайым
жағдайларға қандай құжаттар дайындалады? Оларды кімдер тексереді?

48. Мас күйінде жазатайым жағдайға душар болғандарға анықтама беру және еңбекке жарамсыздығы жөніндегі ауру қағазын есепке алу тәртібі
туралы қаулының мазмұнын ашыңыз.

49. «Өндірістік санитария», «зиянды өндірістік фактор» терминдеріне
анықтама беріңіздер. Ауыл шаруашылығындағы өндірістің бір
техникалық процесін мысалға келтіріңіз және ондағы зиянды өндірістік
факторларды сипаттаңыздар. Шаңның, газдың кауіпсіз шоғырлану
шегі деп нені түсінесіз?

50. Кремний бар шаңдар аймағындағы жұмыс істейтіндер қандай кәсіби
ауруға ұшырауы мүмкін? Зиянды шаңдардың қауіпсіз шоғырлануы
шегін мысалға келтіріңіз.

51. Уландырғыш газдың, аммиак буының, бензиннің адам организміне
әсері қандай? Жұмыс аймағындағы ауа құрамындағы аталған
газдардың қауіпсіздік шегі. УГ-2 құралының көмегімен ауа
кұрамындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау әдісін жазыңыз.

52. Жұмыс аймағындағы метеорологиялық жағдай және оның адам
организміне әсері. СН-245-81 талаптарына сәйкес метеорологиялық
жағдай қалай қалыптастырылады?

53. Психрометр көмегімен жұмыс орнындағы ауаның салыстырмалы
ылғалдылығын анықтау әдісін жазыңыз.

54. Жұмыс орнындағы ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау әдісін
жазыңыз.

55. Көру қиындылығына байланысты жұмыстар қанша разрядтарға
бөлінеді? Аталған себеп бойынша разрядты бөлу үшін нені білу керек?

56. Көру қиындылығына байланысты шағын разрядтарды қалай
анықтайды? Мысалдар келтіріңіз.

57. Жалпы және аралас жүйедегі жасанды жарық деп нені түсінеміз?
Бесінші разрядты, «а», «в» шағын разрядты жұмыс орындау кезінде
аралас жарықтандыру міндетті ме?

58. Газ генераторлары орналасқан жерді жарықтандыру қалай
ұйымдастырылады?

59. Бүйірден, жоғарыдан және аралас табиғи жарықтандыру қалай
нормаланады? Мысал келтіріңіздер.

60. Жасанды және табиғи жарықтандыруды күту шаралары дегеніміз не?

61. Ауа ортасының қысымы қандай диапазонда өзгергенде, дыбыс ретінде қабылданады? Инфра және ультра дыбыстар дегеніміз не?

62. Дыбыс қысымының шектік мөлшері деген термин нені білдіреді?
Оның мәні неге тең?

63. Ауа қысымы максимум кандай жиілікте орналасқан, атап айтқанда
төменгі жиілік, орташа жиілікте ме, әлде жоғары жиілік шу спектрінде
ме?

64. Шудын адамға әсері. Шуды нормалау. Жеке қорғаныс жабдықтары.

65. Діріл қандай параметрлермен сипатталады? «Дірілік жылдамдық»,
«дірілдік үдеу» анықтамалары.

66. Үй-жайдың ауасын жалпы алмастыру желдеткішінің құрылысын
жазыңыз. Бөлінген шаңды шығару үшін қажетті ауаның мөлшері қалай
есептеледі?

67.Жергілікті сору желдеткішінің құрылысын жазыңыздар. Олардың
схемеларын келтіріңіз. Жергілікті сору желдеткіші қандай жағдайларда
қолданылады?

68. Іштен жану моторынан бөлініп шығатын зиянды заттардың көміртек
тотығы, азот тотығының мөлшерлері қалай анықталады?

69. Артық жылуды шығарып тастауға кететін ауаның мөлшері қалай
анықталады?

70. Үй-жайлардан бөлінетін газдарды шығару үшін қажетті ауаның
мөлшері қалай анықталады?

71. Үй-жайдан бөлініп шығатын артық ылғалды шығарып тастауға қажетті ауаның мөлшері қалай анықталады?

72. Ауа алмастыру коэффициенті деп нені түсінесіз?

73. Желдеткіштер қалай жіктеледі?

74. Дефлекторлардың пайдаланылатын орны, құрылысы және оны
есептеу.

75. Дірілдің адам организміне әсері. Дірілді нормалау. Жеке қорғаныс
жабдықтары. Діріл ауруларының алдын-алудың профилактикалық
шаралары.

76. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезіндегі негізгі өндірістік
факторларды сипаттаңыздар. Олармен жұмыс істеу кезінде қандай
еңбек қорғау талаптары орындалуы керек?

77. Электромагнитті сәулелену жұмыстары кезіндегі алынатын негізгі
зиянды өндірістерді сипаттаңыз. Олармен жұмыс кезінде қандай еңбек
қорғау шараларын сақтау керек?

78. Жеке және топтық қорғаныс құралдары.

79. «Қауіпсіздік техникасы» тақырыбында қандай сұрақтар оқытылады? «Қауіпті өндірістік фактор», «қауіпті аймақ» терминдері нені білдіреді?

80. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар. Қауіпті аймақтарды қоршау.

81. Белгі беру түрлерінің ролі және жазатайым оқиғаның алдын-алу
белгілері.

82. Шеберханада тұрған жөнделіп жатқан машиналардың, жабдықтар
бөлшектерінің ең жақын ара қашықтығы қандай болу керек?

83. Адам организміне және жануарларға электр тоғының әсерлерін
жазыңыз.

84. Қорғаныс мақсатында электр тоғының жерге тұйықталуын, нөльге
қосу және ажырату схемаларын сызыңыз және олардың жұмыс
принциптерін жазыңыз.

85. Электр тогы қауіптілігі бар үй-жайлар қалай жіктеледі?

86. Адымдық кернеу мен жанасу кернеуіне түсінік беріңіз?

87. Цехтың жерге тұйықтау жабдықтарына қойылатан талаптар. Жерге
тұйықтау жабдықтарының құрылысы мен оларды есептеу.

88. Потенциалдарды теңестіру жөніндегі түсініктер. Мал қораларында
потенциалдарды теңестіру құрылысы (схемаларды келтіріңіз).

89. Әртүрлі топырақтың меншікті кедергілерінің мәндерін келтіріңіз.

90. Техника қауіпсіздігі бойынша I, II, III арнайы мамандалған топтағы
электр жабдықтарын күтіп жүрген адамдарға қойылатын талаптар.

91. Жерге тұйықтағыштың кедергісін тексеру тәртібі мен оған пайдаланылатын құралдар.

92. Электр жабдықтарын айыру жағдайларына қойылатын талаптар,
айыру кедергі мөлшерін тексеретін құралдар.

93. Статикалық электр тоғы. Статикалық электр тоғы пайда болған кездегі
қауіптілік, олармен күресу жолдары.

94.Тікелей найзағай шакпағын және екінші найзағайдан қорғану
конструкцияларының (өзекті кезіндегі адамдардың қорғану ережелері).

95. Техқадағалау органдарында қандай жүк көтергіш машиналар
тіркелмейді.

96. Жүк көтергіш машиналарды техникалық байқау уақыты және ондағы
жасалынатын операциялардың мазмұны.

97. Болат арқандардың, шынжырлардың траверстердің, жүк иіндерінің
жарамсыздануын анықтау.

98. Жүк көтергіш машиналарды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру.

99. Бу қазандарының жарылуының негізгі себептері не?

100. Су қыздыратын қазандар қандай бақылау-өлшеу құралдарымен, арматурамен жабдықталуы керек.

101. Қысымы 0,07МПа (0,7кг/см2) төмен бу қазандары қандай
бақылау-өлшеу құралдарымен, арматурамен жабдықталуы керек?

102. Бу қазандары мен су қыздыратын қазандарды техникалық
байқаудан өткізу. Техникалық байқаудан өткізуге кіретін операциялар.

103. Қазандар тұратын жайларға қойылатын талаптар, оларға
жабдықтар орналастыру.

104. Бу мен су қыздыру қазандарын пайдалануға қауіпсіздікті
ұйымдастыру.

105. Электр су қыздырғыштарын пайдалану кезінде қандай қауіпті
өндірістік факторлар болуы мүмкін? Су қыздырғыштарды қауіпсіз
пайдалану ережелері.

106. Жылу генераторларын пайдалану кезінде қандай қауіпті
өндірістік факторлар болуы мүмкін?

107. Тракторлардың, комбайндардың электр желілерінің жанында жұмыс істеу кезінде қандай қауіпті өндірістік факторлар болуы
мүмкін? Электр желілерінің астында машинаның ең биік нүктесі мен
арақашықтығы.

108. Өндірісте қайта жабдықталған немесе өнертапкыштың
нәтижесінде жасалған машина, механизмдерді пайдалануға іске
қосудың реті қалай?

109. Топ болып жұмыс істеп жүргендердің ең аз саны қанша болғанда,
ішінен басқарушы бөлінеді?

110. Дөңгелекті тракторлардың тегістегіштеріне қандай талаптар
қойылады?

111. Дөңгелекті тракторлардың рульнің люфтісінің қауіпсіз мөлшері
қандай?

112. Дөңгелекті тракторлардың тежегіштеріне қандай талаптар
қойылады?

113. Машиналарды өткізуді ұйымдастыру?

114. Трактор мен комбайндар төбенің қандай келбеуінде жріысты
қауіпсіз істей алады?

115. Аммиак, бензин тасымалдаушылар неге міндетті түрде жерге
өткізіледі? Жеңіл тұтынатын сұйықтарды төгу кезіндегі қауіпсіздік
шаралары.

116. Егін егу агрегаттарында жұмыс кезінде пайда болатын қауіпті
және зиянды факторларды сипаттаңыз. Егін егу агрегатын күтушінің
сақтайтын қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияның
талаптары.

117. Қандай жағдайда сепкішке себуші отырған жақтан тіреуіш
қойылады?

118. Бір себуші қанша сепкіште жұмыс істей алады?

119. Сабанды үю кезіндегі негізгі қауіпті жағдайлар. Қауіпсіздік
шаралары. Болат арқанды үйгіштің ең аз диаметрі қанша болу керек?

120. Азықты сүрлеу кезіндегі негізгі қауіпті жағдайлар. Сүрлеу
кезіндегі қауіпсіздік шаралар. Массаны сүрлеу кезінде трактордың
кабинасын неге ашық ұстау керек?

121. Жер қазу жұмыстары кезіндегі негізгі қауіпті жағдайлар
бульдозердің топырақты итеру кезінде жоғарыға, төменге түсу және
көлденең жүргенде бұрыштың мәні қандай болу керек?

122. Қатып қалған су қоймаларынан тракторлар мен автомобильдерді
қауіпсіз алып өтуді ұйымдастыру. Ауаның температурасы 6 градус,
массасы 12т. К-700 тракторын алып өту үшін мұздың ең аз қалыңдығы
қанша болу керек?

123. Дала қостары қандай санитарлық бөлмелерімен қамтамасыз
етілуі керек? Санитарлық бөлмелерге қойылатын талаптар.

124. Электр желісі төбесінен өткен егіс алқабы мен жолдарға қандай
жағдайда жұмыс істеуге, машиналарға етуге рұқсат етіледі?

125. Механикаландырылған қырманда астықты тазалау кезіндегі
қауіпті және зиянды өндірістік факторларды сипаттаңыз.
Механикаландырылған қырмандарға қойылатын еңбек қорғау
талаптарын анықтаңыздар.

126. Жергілікті, республикалық мәні бар жолдардың тасымалдау
жұмыстарына бөлінген тракторист-машинисттерге қойылатын
талаптар.

127. Тасымалдау жұмыстарына арналған тракторлардың техникалық
жағдайларына қойылатын техника қауіпсіздігінің талаптары.

128. Адамдарды, малдарды және қауіпті жүктерді тасымалдауға
қандай қауіпсіздік ережелерін сактау керек?

129. Тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды буксирлеудегі
қауіпсіздік талаптарын жазыңыз.

130. Тиеу-түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

131. Мекеменің жөндеу шеберханасында еңбек қорғау талаптарын
қамтамасыз етуге кім жауапты? Оны қорғаудың лауазымдық міндеті
қандай?

132. Жөндеу шеберханасы қандай санитарлық бөлмелермен
қамтамасыз етілуі керек? Санитарлық бөлмелердің жағдайына
қойылатын талаптар.

133. Темір өңдейтін станоктарда жұмыс істеу кезіндегі жарақат
қауіптіліктерін сипаттаңыз, қауіпсіз жұмыс істеу ережесін жазыңыз.

134. Жұлу-ажарлау станоктарында жұмыс істеу кезіндегі
зиянды және қауіпті өндірістік факторлар. Қауіпті және зиянды
факторлар болдырмаудың алдын-алу шараларын анықтаңыз.

135. Бояу бөліміндегі жұмыс кезінде пайда болатын қауіпті және
зиянды факторлар. Еңбек қорғау талаптарын камтамасыз ету
шараларын анықтаңыз.

136. Моторды сынау бөліміндегі қауіпті және зиянды өндірістік
факторлар. Аталған бөлмеде еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ету
шараларын анықтаңыз.

137. Ұстаханадағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Онда
еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ететін шараларды атаңыз.

138. Резеңке жөндейтін бөлмедегі кауіпті және зиянды өндірістік
факторлар. Резеңке жөндейтін белмеде еңбек қорғауға қойылатын
талаптарды атаңыз.

139. Дискілі арамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпті және зиянды
өндірістік факторлар. Дискілі арамен жұмыс кезіндегі еңбек қорғауға
қойылатын талаптарды атаңыз.

140. Электрмен дәнекерлеу жұмысындағы қауіпті және өндірістік
факторлар. Электрмен дәнекерлеу кезіндегі еңбек қорғауға қойылатын
талаптарды атаңыз.

141. Газбен дәнекерлеу кезіндегі пайда болуы мүмкін қауіпті және
зиянды өндірістік факторлар. Газгенераторлармен, оттегі және
ацетилен баллондарымен, кальций карбиді барабанымен жұмыс
кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

142. Аккумулятор бөлмесіндегі пайда болатын негізгі қауіпті және
зиянды факторлар. Аккумулятор бөлмесіндегі қауіпсіздік техникасын
қамтамасыз ететін шаралар.

143. Қаңылтыр және мыспен жұмыс істеу кезіндегі негізгі зиянды
және қауіпті факторлар.

144. Мал шаруашылғындағы машиналарды дұрыс пайдалану мен
ұқыптылығына кім жауап береді?

145. Мал азығын дайындау машиналарын пайдалану кезіндегі зиянды
және кауіпті факторлар (2-3 машинаны мысалға келтіріңіз). Аталған
машиналарды дұрыс пайдалану кезіндегі еңбек қорғау талаптарын
қамтамасыз ету шаралары.

146. Өгіз-бұқаларды қарауға бөлінген адамдарға қойылатын талаптар.

147. Мал шаруашылығында пайдаланылатын мұздатқыш
қондырғыларға пайда болатын зиянды және қауіпті факторлар.
Оларды пайдалану кезінде жұмыстарды қауіпсіздендіруге қойылатын
талаптар.

148. Улы химикаттармен жұмыс істейтін жұмысқа жіберу тәртібі. Улы
химикаттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Тыныс
органдарының қорғаныс құралдары.

149. Тұқымдық материалдарды уландыру кезіндегі зиянды және
қауіпті өндірістік факторлар. Аталған жұмысты істеу кезіндегі
қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ету.

150. Денесі жарақаттанған, сынған, шыққан адамдарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету.

151. Электр тоғымен жарақаттанған, күйген, жаураған және уланған
адамдарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету.

152. СНмЕ ІІ-М: 2-27 сәйкес өрт қауіптілігі жөнінен өндіріс
категорияларының жіктелуі. Ағаш ұсталық жұмыстар, механикалық
өңдеу, токарлық ажарлау және фрезерлік жұмыстар (ацетилен алу
мақсатындағы газгенератор бөлмесінің өрт қауіптілік өндіріс
категорияларын анықтау.

152. Жанар-жағар май коймаларын пайдалану және оларды құру
кезіндегі өрт профилактикалық шаралары.

153. Өрт жарылыс қауіптілігі бойынша шаңдардың топ пен кластарға
жіктелуі.

154. СНмЕ-ге сәйкес өртке тұрақты дәрежесі бойынша үйлер мен
өндіріс орындарының жіктелуі. Үйлер мен өндіріс орындарының өртке
тұрақтылық дәрежесі бойынша жіктеу қандай принципке жүктелген?

155. Өртті автоматты түрде өшіру жүйелері жөнінде түсінік (спринклерлі және дренчерлі қондырғылар).

156. Үйлер мен өндіріс орнының бір-біріне өртке қауіпсіз ара
қашықтық қандай талаптар бойынша есептелінеді?

157. Мал шаруашылығында өрт болдырмау шараларына жалпы
талаптар. Конструктивтік жобалау талаптарына (қажетті өртке қарсы
тұру дәрежелері, оттың шарбақтың үстінен тарауынан қорғану,
қақпаларды қою, найзағайдан қорғану жабдықтары және
технологиялық, электротехникалық жабдықтарды (жылу генераторларын, электр су қыздырғыштарын, вакуумдық
қондырғыларды) пайдалану кезіндегі қажетті өрт қауіпсіздігі
режимдерін ұстап тұру.

158. Ауыл шаруашылығындағы елді мекендерге, объектілерде өртке
қарсы қажетті сумен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

159. Витаминді шөп ұнын өндіру және сақтау кезіндегі өрт
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар.

160. Мал қораларының өрт қауіпсіздігіне койылатын жалпы талаптар.

161. Астық өнімдерін жинау кезінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар.

162. Улы химикаттарды, минералды тыңайтқыштарды сақтау кезінде
олардың өрт, қопарылыс қасиеттерін ескере отырып, өрт қауіпсіздігіне
қойылатын жалпы талаптар және оларды сақтау объектілерінде өртті
өшіруге қойылатын қауіпсіздік шаралары.

163. ОП-5, ОУ-2 өрт сөндіргіштерінің құрылысы, схемалары.

164. Ауыл шаруашылығы мекемелерін өрттен корғануды
ұйымдастыру. Профилактикалық жұмыстар.

165. Жөндеу шеберханасындағы негізгі өрт қауіптілігі бар өндірістер.
Осы өндірістегі өрт қауіпсіздігі саласына қойылатын талаптар.

166. Жанар-жағар май қоймаларындағы өрт қауіптілігі және олардың
өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

167. Алғашқы өрт сөндіру жабдықтары.

168. Өрттен қорғау қызметі бастығының және олардың мүшелерінің
міндеттері.

169. Карбюраторлы моторларды оталдандырып жаттықтыру
бөлмесінде уландырғыш (СО) газының зиянсыз мөлшерін сақтап тұру
үшін бөлмеден сорылып шығатын ауаның мөлшерін есептеңіз.

170. Бөлмеде 4 моторды оталдырып жаттықтырылуда, жанар майдың
қосынды бір сағаттағы жұмсалуы 3 г/с, бөлініп шыққан газдардың
құрамындағы уландырғыш (СО) мөлшері 0,04%, ал газ шығару
жүйелерінен бөлменің ішіне кіріп кететін СО мөлшері жанатын
өнімнің құрамындағы уландырғыш газдың 0,05% құрайды.

171. Бөлмеде КДУ-2 балғалы ұнтақтағышы жұмыс істеп тұрған кезде
жем қалдыктарының усыз шаңы тесіктерден шығуы 0,2г/с мөлшерінде
кремний қос тотығымен (SіО2) қосындысы 2% құрайды. Бөлмеден
сорылып шығатын ауаның мөлшері L=0,5м3/с. Осы кезде бөлмедегі
шоғырланған шаңның дәл мөлшерін анықтаңыз. Анықталған дәл
мелшер қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды
қанағаттандыра ала ма және де оның жарылыс қауіптілігі қандай?

172. Моторды оталдырып жаттықтыру бөлмесіндегі бөлініп шыққан
артық барлық жылулардың түрін қамтамасыз етуге қажетті сорылатын
ауаның температура мөлшерінің қанша болатынын анықтаңыз.
Бөлмеде бөлініп шығатын артық жылудың мөлшері 120000 кДж/сағ,
сору желдеткішінің өнімділігі 120000 м3/сағ, ал сорылатын ауаның
температурасы +30 С°-қа тең.

173. Тетіктерді жуу бөлімінің сыртқы ортаға шығатын су буының
мөлшері 0,7 г/с. Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын
(ылғалдығын 60%) ұстап тұру үшін бөлмеден сыртқа шығарылатын ауаның
мөлшерін есептеңіз. Ішке енетін ауаның ылғалдығын 50%, температурасы 15
градус, ал шығарылатын ауаның температурасы 25 градус.

174. Дизельдің жанар май аппаратурасын жөндейтін бөлме жасанды
жарықтанудың жалпы жүйесімен жабдықталған. Жұмыс орындарын
жарықтандыру жүйесі қуаты 150Вт төрт қыздыру шамымен іске асады,
жарық қондырғыларының пайдалану коэффициенті Һ=0,47, бөлменің
ауданы Sб=40 м2. Жұмыс орындарының жарықтандырылуын есептеңіз.
Жетпейтін параметрлерді алдын ала дәлелдеп кіргізіңіз. Есептелген
жарық нәтижесін СНмЕ-мен салыстырыңыз.

175. Дизельдің жанар май аппаратурасын жөндейтін бөлме жанынан
өтетін саңылаулар (терезелер) арқылы жарықтанады. Бөлменің ауданы
37,5м2 (ұзындығы-7,5м, ені-5м); жарық өтетін саңылаудың (терезенің)
ауданы 9м2, жұмыс орнынан терезенің жоғарғы жақ биіктігі Һ=2,5м;
қабырғаның, төбенің, еденнің орталандырылған шағылу коэффициенті
г=0,4. Табиғи жарықтандыру коэффициентінің ең аз мөлшерін
есептеңіз. Есептелген мәнді ұсынылған нормалармен салыстырыңыз, қорытынды жасаңыз (жетіспеген параметрлерді алдын ала дәлелдеп кіргізіңіз).

176. Моторды оталдырып жаттықтыратын бөлмедегі дыбыс қысымының деңгейі 110 дБ. Моторды оталдырып жаттықтыратын бөлмедегі 4 мотор қатар жаттықтырылуда, олардың шуларының деңгейлері 105, 103,100, 97. Бөлмедегі шудың орташа деңгейін анықтаңыз.

177. Жерге терең тріықталған электр желісіндегі электр жабдықтары
ережелері (ЭЖЕ) қатты бұзьш (ауытқып) жерге терең тұйыкталған
жабдықтың бір бөлігі нөлге жалғанған, бір бөлігі жерге жалғанған.
Трансформатордың нөлдік нүктесіндегі кедергісі жабдықтың нөлге
қосылмаған жердегі кедергісіне тең де, оның мәні 40м. Жүйедегі
сызықтық кернеудің мөлшері 380В, фазалық және нөлдік сымдағы
кедергіні есепке алынбайды. Жерге тршқталған жабдықтың қорғау
қабілеті бұзылған жеріне жанасқан адам денесінен өтетін токтың
мөлшерін есептеңіз. Адам кедергісі 1000 Ом. Қауіптілік деңгейін
бағалаңыз.

178. Құмдауыт топырақтағы орнатылған жерге тұйықтағыштардың
санын есептеңіз. Жерге тұйықтағыш контурындағы тоқтың таралу
кедергісі 10 Ом-нан кем болмау керек. Топырақтың меншікті кедергісі
4000 Ом-см. Аталған жабдықты жасау үшін ұзындығы 250 м, диаметрі
5 см металл құбыр қажет.

179. Бір өзекті биіктігі 10 м найзағай өткізгіштің 4, 6, 8м
биіктіктеріндегі қорғау радиусын есептеңіз. Есептеу схемасын
келтіріңіз.

180. Атмосфералық электр тоғынан корғайтын объектінің өлшемдері:
объектінің ұзындығы а=6м, объектінің ені в=4м, объектінің биіктігі
һх=3м. Объектінің шатырындағы диагональдары қиылысатын
жазықтықтағы жоғарғы өзекті найзағай өткізгіштің биіктігін есептеңіз.

181. Объектінің діріл жылдамдығының деңгейі Lү=140дБ (децибел).
Жылдамдықтың салыстырмалы мәнін анықтаңыз.

182. Жем цехының тарататын бөлімінде 1 сағатта 12г ұн шаңы
бөлінеді. Шаңның артық бөлінбеуі үшін қажетті желдеткіштің
өнімділігін есептеу қажет.

183. Есеп мәліметтері бойынша кәсіпорнындағы жұмыскерлердің
орташа саны 1300 адам. Жыл бойы 12 адам жазатайым оқиғаға
ұшыраған. Еңбекке жарамсыздық күндерінің саны 62 күн.

185. Мал қорасы қиындысы τ 0,7х0,7м және биіктігі 3,5м алты сору
шахтасымен жабдықталған. Онда шахта ауданын өзгертіп тұруға
мүмкіндік беретін жылытқышмен жабдықталған. Мөлшері 2,7м3
жылдамдықпен ауаны сыртқа шығаруға қажетті шахтаның ауданын
табыңыз. Шығарылатын ауаның температурасы tс= 8 градус, ол кездегі
шахтадағы ауа қозғалысы жылдамдығының азаюын есептейтін
коэффициентінің мөлшері М=0,6.

186. Азық дайындайтын цехтың шамдарының минимальды қуатын
анықтау. Бөлме ауданы 42х20м, бөлме биіктігі-5м, шамдардың аралығы-1,8м. Аппақ қоңырландырылған «Универсал» шамы қолданылған.

187. Дәріс аудиториясының ауданы Р=7х14=98м2, бөлме биіктігі 4м.
Аудиторияда 14 «Люцетта» шамдары екі қатарға симметриялы
орналасқан. Шамдар аралығы 3,5м. Шамның минимальды қуатын
есептеу қажет.

188. Жұмыс ғимаратының жарықтылығын есептеу. «Ақшыл түсті
әйнекті шар» светильнигін қолданып, жарық ағыны әдісімен
жарықтылықты есептеу қажет. Ғимараттың ұзындығы -14м, ені-9м,
биіктігі-3,9м, ең төменгі жарықтылық-100 лк, желі кернеуі-220В.

189. Адамдарды құтқару санын есептеу. 3 минутта, 1000 адамды
құтқаруға тиісті, көру залы үшін шығатын есігінің санын анықтау
қажет.

190. Ғимараттың көлемі V=160м, бір каналдың қимасы τ 0,7x0,7 метр,
ауа қозғалысының жылдамдығы υ=14 м/сек, ауа алмасуының азаю
коэффиценті К=3. Ғимараттың табиғи-сорғыш желдеткіштің
каналдарын санын есептеу қажет.

191. Арифмометрде үнемі 8 адам жүмыс істейтін ғимараттағы шудың
қосындысын анықтау қажет. Бір арифмометрдағы шудың деңгейі - 50
децибел.

192. Автотұраққа табиғи жарықты жобалау қажет. Автотұрақ
ғимаратыньщ өлшемі 60х 18.

193. Ғимараттағы терезе санын анықтау қажет. Ғимарат ауданы 72x18.

194. Шаруашылықта 15 сәтсіз оқиға болды (біреуі өлімді жазатайым
оқиға), жалпы еңбекке жарамсыздық күндер саны 260 болды. Жазатайым
оқиғаның ауырлық коэффицентін (Ка) анықтау қажет.

195. Шаруашылықта жыл бойы өлімді екі жазатайым оқиға болды.
Өндірісте жарақат алған жұмыскерлердің үшеуі I және II топ мүгедегі
болды. Жазатайым оқиға болған күні зардап шеккендердің біреуі 20
жасқа, екіншісі 32 жасқа толған. Жарақаттың салдарынан мүгедек
болғандар-20, 25, 45 жаста. Зардап шеккендердің барлығы ер адамдар.
Жұмыскерлердің орташа саны 75 адам. Есеп беру кезіндегі жазатайым
оқиға бойынша еңбекке жарамсыздық кұндерінің саны 25 күн. Жыл бойы
жұмыс істеген күндердің орташа саны 290 күн. Талдау мерзіміндегі бір
адамның нақты жұмыс істеген күні 306 күн. Ер адамдардың зейнетақы
жасы 60. Жазатайым оқиғаның негізгі көрсеткіштерін анықтаңыз.

196. МТЗ-50 трактордың тегіс жолмен жүріп бара жатқанда радиусы 5м жолмен бұрылғандағы аударылып кету мүмкіндігі бар теориялық жылдамдығын анықтаңыз. Трактордың көлденең базасы 1400м, ауырлық орталығының биіктігі Һ=1000мм.

197. Тегіс жолмен жүріп бара жатқан трактордың бұрылыстағы тайып кету мүмкіндігі бар теориялық жылдамдығын анықтаңыз. Жолдың бұрылу радиусы Rб=5м, дөңгелек резинасының топыраққа жанымен жанасу коэффициентінің мөлшері.

198. Жылжып бара жатқан, яғни МТЗ-50 тракторы мен 2ПТС-4 тіркемеден тұратын (трактор мен тіркемесі тежегішпен жабдықталған) агрегаттың теориялық тежеу жолының ұзындығын есептеңіз. Агрегат құрғақ тегіс жолмен жүріп бара жатыр, жылдамдығы 6,9 м/с; трактордың массасы 3000кг; жүк артылған тіркеменің массасы 3500кг; трактордың жетекші (артқы) дөңгелегіне жалпы массаның 2/3 бөлігі түседі. Тежеу кезінде трактордың дөңгелегі айналмай қалған (сырғанайды) топырақпен жанасу коэффициентінің мөлшері М=0,6.

 

 

Әдебиеттер

1. "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі". Астана, 15 мамыр 2007жыл.

2. Хакимжанов Т.Е. Еңбек қорғау. Алматы 2008ж.

3. Зотов Б.И., Курдюмов В.И. Безопасность жизнедеятельности на
производстве.- 2-е изд,-М.: Колос С, 2004.

4. Шкрабак В.С., Луковников А.В. Безопасность жизнедеятельности в
сельскохозяйственном производстве. - М.: Колос С, 2004.

5. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ) және санитарлық
нормалар (СН), құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмЕ).

6. Салов А.И. Охрана труда на автотранспортных предприятиях, - М.:
Транспорт, 1988.

7 Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности, - М.:
Инфра-М, 2003.

8 Практикум по охране труда / Бугаевский В.В., Еремеевский Е.П.,
Завадский К.А. и др.; Под ред. Шаршака.- М.: Агропромиздат, 1987.

9. Сейфуллина Г.К., Шеметай Е.Т. Өндірістік санитария бөлімі.
Лабораториялық жұмысқа арналған эдістемелік нұсқау. Астана, 2002.

10. Рүстембаев Б.Е., Шеметай Е.Т., Халам С.Х. Жарақаттану және сәтсіз оқиға
болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Астана, 2005.

11. Халам С.Х. Өрт сөндіру материалдары мен құралдары әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

12. Кулакова Н.Ф., Халам С.Х. Еңбек қызметімен байланысты жазатайым
оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге зақымдануларын талдау және есепке алу. Астана, 2005.

13. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі туралы ережесі. Негізгі
талаптар ҚР ӨҚЕ 80-97.

 

 

«ЕҢБЕК ҚОРҒАУ» пәнін оқу және бақылау жұмысын орындау

үшін техникалық мамандықтар бойынша

қашықтан-сырттай оқитын студенттерге арналған

әдістемелік нұсқау

 

Кулакова Наталия Федоровна

Халам Сауле Халамқызы

 

Тапсырыс Таралымы дана

 

Шартты баспа табағы Есепке алынған баспа табағы ________

 

 

© С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспаханасы. Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62а үй.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных