ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дауыссыз дыбыстар(Согласные звуки)Фонетика Қазақ тілінде 42 әріп,37 дыбысбар. 12 дауысты, 25 дауыссыз дыбыс бар. Дифтонг дыбыстар - я, ю,ё, бұлар екі дыбыстың қосындысы - й+а, й+у, й+о ь - жіңішкелік белгісі, ъ - айыру белгісі Дауысты дыбыстар(Гласные звуки) - а,ә,о,ө, ы, і,и, ү, ұ, у, е, э. Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Дауыстыдыбыстар 3 топқабөлінеді: 1. Тілдің қатысына қарай: Жуан (твердый) - а, о, ы, ұ, (у). Жіңішке (мягкий) - ә,ө,і,и, е,э,ү,(у). У дыбысы бірде жуан: ту, бу, ну, жу, су. У дыбысы бірде жіңішке: кему, сену, келу, кету. 2. Жақтың қатысына қарай: Ашық (открытый) - а,ә,о,ө,е, э. Қысаң(сжатый, узкий) -ы, і, и,ү,ұ,у. 3. Ерін мен езудіңқатысына қарай: Еріндік(губные) - о,ө,ұ,ү,у Езулік(негубные) - а,ә,ы,і,и,е,э Буын талғайтын дыбыстар: ә, ү, ұ,ө,о. Бұл дыбыстар сөздің алғашқы буынында жазылады: әке, әже, әпер,ұя, ұршық, ұран, үкі, үміт, үлкен, ине, имек, иіл, өнер, өрік т.б. Күмән, күнә сөздерінде және біріккен сөздерде ә,ү,ұ,ө дыбыстары соңғы буында да жазылады. Күләндә, бұлбұл, Айткүл, Ақтөс т.б. О дыбысы орыс тілінен енген сөздерде соңғы буында да жазылады: кино, пальто т.б. Ұ,Ү,Ө дыбыстары өзінен кейін келген Ы,І,Е дыбыстарын еріндік дыбысқа айналдырады. Құлын - құлұн, үкі- үкү,өнер- өнөр Дауыссыз дыбыстар(Согласные звуки) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдан тұрады. Олар 3-ке бөлінеді: Қатаң(глухие): п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,ч,ц,х,һ; тек салдырдан жасалады. Ұяң(звонкие): б,в,г,ғ,д,ж,з; үннен салдыры басым болады. Үнді(сонорные): р,л,м,н,ң,й,у; салдырдан үні басым болады. Жұп дауыссыздар(парные согласные): п - б, ф- в, к- г, қ- ғ, с- з, ж- ш, т – д. Ж ұ п қ ұ рай алмайтын дауыс с ы з д а р: ч, щ, ц. Қазақ тіліне тән дыбыстар (9): ә,і,ғ,қ,ү,ұ,ң,ө,һ. Щ дауыссызы қазақтың ащы, тұщы, кеще (ақымақ) деген үш сөзінде ғана кездеседі. Буын(слог) Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесін буын дейміз. Буынның үш түрі бар:ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын немесе жалғыз дауыстыдан тұратын буынды ашық буын дейміз. Мысалы: ба- ла, а - на, қа - ла, да - ла, ә - же. Ба - ашық, ла - ашық; а - ашық, на - ашық; қа - ашық, ла - ашық; да - ашық, ла - ашық; ә - ашық, же - ашық буын.Жалғыз дауыстыдан тұратын буын жалаң ашық буын деп аталады. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буынды тұйықбуын дейміз. Мысалы: aт, үн, от, аң, ал, ер, ел. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталса бітеу буын болады. Мысалы: көз, бал, бұлт, қант, тарс, жұрт. Жазушылар, аттанды сөздерін буынға бөліп, түріне қарай ажыратайық ;аң-шы-лар, аң-тұйық, шы – ашық, лар – бітеу; су-рет-ші-лер, су-ашық, рет-бітеу, ші-ашық, лер-бітеу. Егер барлық буын ашық болса, онда ол бірыңғай ашықбуын болады. Мысалы: қа- ла-да. Қа - ашық, ла - ашық, да - ашық; бірыңғай ашық буын; кейде бірыңғай ашық буынды сөйлем де болады. Мысалы: Ба-ла те-ре-зе жу-ды. Егер барлығы бітеу буын болса, онда ол бірыңғай бітеу буын болады. Мысалы: Дос- жан, құс- тар,дәп- тер, мақ- caт- тар. Үндестік заңы(закон сингармонизма). Түбір мен қосымша арасындағы немесесөзбен сөз арасындағы дыбыстардың бір-біріне әсер етіп,ықпал етуін үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы екіге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Түбірдің жуан, жіңішкелігіне байланысты қосымшаның бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм деп атаймыз.Мысалы: бала-лар, кеме- лер, қала- данбыз, үй- дегілер, күрек- тер, оқушы- лар, әнші- лер. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -мен,- бен,- пен; атам- мен,бала- мен, қобыз- бен, күрек- пен; -паз; әсем- паз, өнер- паз. -қор; пәле- қор. -қой; сән- қой -дікі, -нікі, -тікі; балам-дікі, атам-дікі -кер,-гер; қалам- гер,жұмыс- кер -кеш; арба- кеш. -хана; шебер-хана,дәрі-хана -күнем; пайда- күнем -ов,-ев,-ова -ева,-ин,-ина; Алтынсар-ин, Арманба-ев. -еке; ат - еке, -жан; әке-жан. -тал; өсім- тал. -тай; әже- тай, әпке- тай т.б. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер - кірме сөздер,біріккен сөздер,қос сөздер. Мысалы: математика, депутат, мұғалім, Рахима, биология, Тұрғанбек, некен-саяқ т.б. Буын үндестігіне ықпал ететін дыбыс- дауысты дыбыс. Сөз ішінде немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір- біріне ықпал етуін дыбыс үндестігі дейміз. Дыбыс үндестігі екі түрге бөлінеді:ілгерінді ықпал, кейінді ықпал. Түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстың алдыңғысыкейінгі дыбысқа ықпал етіп өзгертуін ілгерінді ықпал дейміз. Мысалы: қара қой (қара ғой), боз құнан (боз ғұнан), ала кел(ала гел), атың кім (атың гім). 6.Түбірдің соңы қатаңға аяқталып, қосымша ұяңнан басталса,айтуда ұяң дыбыс қатаң дыбысқа айналады. Мысалы: Қамыс- бай (Қамыс- пай), Жүніс-бек (Жүніс-пек), Қоныс- бай(Қоныс- пай). Сөз ішінде немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстың соңғысы алдыңғы дыбысқа ықпал етуін кейінді ықпал дейміз. 1.Түбірдің соңы қ,к,п дыбыстарына аяқталып,қосымша дауысты дыбыстан басталса, қ,к,п дыбыстары ғ,г,б дыбыстарына айналады. Мысалы: доп-ы(доб-ы), тарақ-ы (тарағ-ы), жүрек-і(жүрег-і), төк-ілді(төг-ілді), төк-у (төг-у), теп-у (теб-у). 2.Түбірдің соңы н дыбысына аяқталып,қосымша б, п дыбысынан басталса н дыбысы м дыбысына айналады.Мысалы: сен-бе(сем-бе), Жан-пейіс (Жам- пейіс), Құрман- бек (Құрмам- бек). 3.Қатар келген екі дыбыстың біріншісі н, ал екіншісі г, ғ, к, қ дыбыстары болса, н дыбысы ң болып айтылады. Түнгі, бұрынғы. 4.Түбірдің соңы с,з дыбыстарына аяқталып, одан кейін ш дыбысы келсе, с,з дыбысы ш дыбысына айналып кетеді.Мысалы: колхоз- шы(колхош-шы), сөз- шең(сөш-шең), жұмыс шамасы(жұмыш шамасы). 5.Түбір соңындағы з дыбысы с дыбысының алдынан келсе, з дыбысы с дыбысына айналады. Мысалы: көз сал (көс сал), тұз- сыз(тұс- сыз), жаз- са (жас-са). 6.Түбір соңындагы з дыбысы ж дыбысының алдында келсе, з дыбысы ж дыбысына айналады. Боз-жігіт (Бож-жігіт), Қыз Жібек (Қыж Жібек), Ораз- жан (Ораж-жан). 7.Көршілес дыбыстардың екеуі де дауысты дыбыс болса, алдыңғы сыңары түсіп, кейінді ықпал жасайды.Мысалы: қара ала(қарала), ала алмады (алалмады), Сарыағаш (Сарағаш). Сөйлем ішінен ілгерінді, кейінді ықпалды тауып, теріп жаз. Ол қансыраған аяғын қайта-қайта сипай берді.Жанғазы ән десе ішкен асын жерге қоятын жігіт. Істің бәрі де Тұрғанбек ойлағандай болмай шықты. Бозжанов, шық бері! - деген дауыстан ол селк ете түсті. Мен сіздің мына қорлықтарыңызға көне алмаймын. Қосымша мәліметтер Қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.Ежелгі жазуы - рун жазулары. Рун - құпия, бітіг - тастағы жазу деген сөз. ЛЕКСИКА Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура (прямое значение)мағына деп аталады. Бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдану ауыспалы мағына деп аталады.Мысалы: терең су - тура мағына, терең білім - ауыспалы мағына. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.Мысалы: бас - тура мағынада дене мүшесі, ауыспалы мағынада таудың басы, ағаштың басы, жұмыстың басы, судың басы т.б. Омоним Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді омоним дейміз. Ара. 1) жәндік; Гүлге ара қонды. Ара. 2) зат; Болат базардан ара сатып алды. Ара. 3) қашықтық; Үй мен мектептің арасы жақын еді. Ақ (белый)- ақ(молочные продукты) Іш(живот)- іш(пей) Омонимнің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы: көп мағыналы сөздің мағыналары бір-біріне жақын, мағыналас болып келеді. Мысалы: таудың басы, судың басы, сөздің басы, киноның басы, ағаштың басы, әңгіменің басы, ойынның басы,шығарманың басы. Омоним сөздерде мағыналары бір- біріне жақын болмайды, мағыналары бір- бірінен алшақ болады.Мысалы: алма (жеміс), алма (іс-әрекет). Жазда алма көп болады. Жерде жатқан затты алма. Жапырақ (зат). Жапырақ (өлшем). Гүл жапырақ аша бастады. Бір жапырақ нан. Синоним Жазылуы әртүрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздерді синоним дейміз. Мысалы: амандасу, сәлемдесу; рухтандыру, жігерлендіру; тез, жедел, жылдам;көктем, жазғытұры; қайратты, қажырлы;ауру, науқас, дерт, сұлу, әдемі, көрікті; үлкен, дәу, зор, орасан т.б. Антоним Мағыналары бір-біріне қарама- қарсы сөздерді антоним дейміз. Мысалы: ауыр- жеңіл, ыстық- суық, алыс- жақын, биік- аласа, қысқа- ұзын,ерте- кеш, қалың- жұқа, жас- кәрі. Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағына бірдей емес.Мысалы: сулы - сусыз, ал - алма т.б.
Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки) Мақалда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалы: Кең болсаң кем болмайсың.Әзіл айтсаң да әділ айт. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Мәтелде ой мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу, ишара түрінде айтылады. Мысалы: Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.Баяғы жартac, бір жартас.Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып барама. Ит ашуын тырнадан алады.
Морфология
Сөз таптары Зат есім (имя существительное) Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Сұрағы:Кім?Кімдер? Не? Нелер? Зат есім мағынасына қарай: деректі зат есім, дерексіз зат есім; жалпы есім, жалқы есім болып бөлінеді. Көзге көрінетін, денеге сезілетін, нақтылы тануға болатын зат есімді деректі зат есім дейміз. Мысалы: мектеп, қалам, үй, бала, ұстаз, табиғат, тау, өзен, су. Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын зат есімді дерексіз зат есім дейміз. Мысалы: Алғашқы махабат, ой, арман, тәрбие, қиял. Біркелкі көптеген заттардың жалпылама атын көрсететін зат есімді жалпы(нарицательные) есім дейміз.Мысалы: облыс, аудан, қала, көше, мектеп, көл, тау, газет, журнал. Көптеген заттың ішінен дараланған жеке нәрсенің арнаулы атын білдіретін сөздерді жалқы (собственные)есім дейміз.Жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Мысалы: Алматы, Анар, «Айқын» газеті, Алакөл, Каспий, «Жұлдыз» журналы. Тұлғасына қарай:негізгі зат есім, туынды зат есім болып екіге бөлінеді. Негізгі (непроизводные) зат есім тек түбірден болады. Мысалы: сурет, кітап, газет, бөрік, сәукеле, шапан, тақия. Туынды (производные) зат есім түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: әдепті, оқушы, суретші, жазушы, мәдениетті. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар екіге бөлінеді. Есімдерден зат есім тудырушы жұрнақтар:
Етістіктен зат есім жасайтынжұрнақтар:
Зат есімқұрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара (простые) зат есімге түбір және туынды зат есімдер жатады. Мысалы: құмыра, қамшы, домбыра, қобыз, бөрік, асық. Күрделі (сложные) зат есім екі немесе одан көп түбірден құралған зат есімненболады. Оған біріккен сөз, қос сөз, тіркес сөз, қысқарған сөздер жатады. Біріккен (сращенно-слитные) зат есім: Екібастұз, Көкшетау, Жаңатас, кемпірқосақ, Алакөл т. б. Қосарланған (парные)зат есім: ата- ана, үгіт-насихат, бақа-шаян, бала-шаға, құрт-құмырсқа т. б. Тіркескен (словосочетания)зат есім: ауыл шаруашылық, балалар бақшасы, күн тәртібі,сары май т.б. Қысқарған(сложно-сокращенные) зат есім: ҚазМУ, медколледж, ұжымшар, ҚР, АҚШ, БАҚ, ҰБТ т. б. Сын есім (имя прилагательное) Заттың түрін, сипатын,сынын,түрін,көлемін, сапасын,дәмін білдіретін сөзді сын есім дейміз. Сұрағы: Қандай? Қай? Сын есім заттың мынандай белгілерін білдіреді: Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ, қара, көк, сары, қоңыр, қызыл, құла, күрең, құба т.б. Заттың көлемін, аумағын, салмағын білдіреді: ауыр, жеңіл, тap, ұзын,қысқа, алыс, жақын т.б. Заттың дәмін, иісін, басқа да белгілерін білдіретін сөздер: ащы, тұщы, кермек, тәтті, күлімсі, суық, жылы т.б. Заттың сипаты мен сапасын білдіретін сөздер: нашар, әдепті, білгіш, қорқақ, мақтаншақ, зерек, үркек, өткір, қу, елгезек, жалқау, сөзуар, батыл,сотқар, сыпайы, тәуір т.б. Тұлғасына қарай: негізгі сын есім, туынды сын есім деп бөлінеді. Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын(непроизводные) есім дейміз. Мысалы: ақ, таза, жақсы, терең, үлкен, көк, аласа, биік, тар, сары, кең,жылы,ауыр,тығыз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды(производные) сын есім дейміз. Мысалы: тазалау,жастау, өнер+лі, су+сыз, көтер+іңкі, бала+лы, жалп+ақ,ас+палы. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар екі түрге бөлінеді: есім сөздерден сынесім тудыратын жұрнақтар, етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар: -қы, -кі,-ғы,-гі; женелі, қысқы, жазғы, күзгі. -лы, -лі, -ды, -ді,-ты, -ті; таулы, денелі, әдепті, күшті, қарлы, дәмді. -сыз, -сіз; шексіз, елсіз, сусыз, дәмсіз, тұзсыз. -шыл,- шіл; уайымшыл, үнемшіл. -дай, -дей, -тай, -тей; таудай, айнадай, күндей, жібектей. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік; аудандық, облыстық, орталық, қалалық. -шаң, -шең; көйлекшең, сөзшең, ашушаң. -қой, -қор, -паз,-ымпаз,-імпаз; әзілқой, сәнқой, кәсіпқой, жемқор, өнерпаз,білімпаз, сөйлемпаз, жағымпаз. -и; тарихи, мәдени, саяси, рухани, әдеби, әскери. Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар: -ақ,- ек, -ық, -ік, -к, -қ; сынық, жабық, ашық, сирек, ісік. -ыңқы-,іңкі, -ңқы, -ңкі; басыңқы, ісіңкі, көтеріңкі. -ынды,-інді, -нды, -нді; туынды, жаттанды, жасанды. -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі; ауыспалы, таңдамалы, серіппелі, бүрмелі. -шақ,- шек; қызғаншақ, түртіншек. -қыш, -кіш,-ғыш,-гіш; сенгіш, сезгіш, тапқыш, тоңғыш. -ымды,-імді,-мды,-мді; жарамды, сенімді, тиімді, қонымды. -улы,-улі; ерттеулі, жинаулы, бүктеулі.. -қақ,-кек, -ғақ, -гек; жабысқақ, тоңғақ, майысқақ. -аған, -еген; сүзеген, қабаған, қашаған. -ма,-ме,- ба, -бе, -па, -пе; қызба, бөспе, даурықпа, құрама. Еліктеу сөзден сын есім тудыратын жұрнақ; -ыр, -ір; жылт+ыр, былд+ыр, былб+ыр Құрамына қарай: дара сын есім және күрделі сын есім болып екіге бөлінеді. Дара (простые)сын есімдерге түбір және жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер жатады. Мысалы: аласа, аласалау, қонымды, сүйкімді, сары, биік, түнгі, сұлу, қоңыр. Күрделі (сложные)сын есімдерге сөз тіркесінен және қосарланып жасалған сын есімдер жатады.Мысалы: сары ала, өткір көзді, жақсы-жаман, биік-биік, алыс-жақын. Аппақ, көкпеңбек дегендер күрделі сын есімге жатады, бірақ бірге жазылады.
Мағынасына қарай сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып бөлінеді. Сапалық және қатыстық сын есімдер Заттың түр-түсін, сыр-сипатын, сапа белгісін білдіретін сын есімді сапалық(качественные) сын есім дейміз. Мысалы: жеңіл, ауыр, ыстық, суық, ұзын, қысқа, биік, аласа. Белгілі бір заттың сын-сипатымен белгісін басқа бір заттың қатысы арқылыбілдіретін сын есімдер қатыстық(относительные) сын есім деп аталады. Қатыстық сын есімдерге есімдерден, етістіктен жасалған сын есімдер жатады.Мысалы: жібектей, қылдай, тұзды, ақшалы, балалы. Сынесімнің шырайлары(степень сравнения прлагательных) Бір түрлі сынның әр түрлі дәрежеде болатынын білдіретін сын есім түрін сын есімнің шырайы деп атаймыз.Сын есімнің екішырайы бар: салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай. Салыстырмалы (сравнительная)шырай заттың сынын екінші бір сынмен салыстыру арқылы бірінен - бірінің не артық, не кем екенін білдіреді Мысалы: көкшіл, көгірек, көктеу, көгілдір. Жасалу жолы: -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; сарырақ, кішірек, қызылырақ,үлкенірек. -лay, -леу, -дay, -деу, -тay,-теу; сарылау, кішілеу, қоңырлау, жасылдау, биіктеу,пысықтау. -қыл,- ғыл-,қылт,-ғылт,-қылтым,-ғылтым; бозғыл, бозғылт, бозғылтым. -шыл,- шіл, -шылтым, -шілтім; ақшыл, ашқылтым, көкшіл, көкшілтім. -аң,-қай, -ғыш, -ілдір; бозаң, қуаң, қоңырқай, сарғыш, көгілдір. Күшейтпелі (превосходная)шырай заттардың біркелкі сапа дәрежесінің не өте артық, не өте кем екенін көрсететін сын есімнің түрі.Күшейтпелі шырай күшейткіш буын арқылы және аса,өте, тым, тіпті, нағыз, ең, орасан сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жап-жақсы, қап-қара, әп-әдемі, сүп-сүйкімді, аса үлкен, тымкішкене, өте ауыр,ең жақсы, орасан зор т.б. Сын есім көптік, септік, тәуелдік жалғауларында тұрып, зат есімнің орнына жұмсала береді.Мұндай сын есімдерді заттанған сын есім дейміз.(Өзі сын есім бола тұра, зат есімнің сұрағына жауап береді). Мысалы: әдептіге елікте, әдепсізден жирен. Бұл мысалда әдептіге, әдепсізден деген сын есімдер қандай? деген сұраққа жауап беріп тұрған жоқ, олар кімге?кімнен? деген сұраққа жауап беріп, зат есімнің орнына жұмсалып тұр, яғни олар заттанған сын есімдер.
Сан есім(имя числительное) Заттың санын, мөлшерін,ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сұрағы: неше?қанша?нешеу?қаншау?нешінші?қаншасыншы? Құрамына қарай:дара сан есім, күрделі сан есім. Бір сөзден тұратын сан есім дара (простое) сан есім болып табылады.Мысалы: бір, екі, он, жиырма, мың, алтау, үшінші, миллион, миллиард, жүздеген т.б. Екі немесе одан көп сөзден құралған сан есім күрделі (сложное)сан есім деп аталады. Мысалы: он бір, жиырма үш, тоғыз жүз елу, мың сегіз жүз он бес,екі мың он, үш жарым, бес бүтін оннан екі, бес-алтау, алпыс-жетпістей т.б. Мағынасына қарай алты топқа бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік, топтау, болжалдық сан есімдер. Есептік (количественное)сан есім заттың нақты санын білдіреді. Сұрағы: қанша? неше? Мысалы: он, бес, жиырма, қырық бес, сексен алты, бірмың тоғыз жүз т.б. Реттік (порядковые)сан есім заттың саналу ретін білдіреді. Сұрағы: нешінші? қаншасыншы? Мысалы: бесінші, қырық алтыншы, мыңыншы,елу алтыншы т.б. Жасалу жолы: -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағы арқылы жасалады. Жинақтық (собирательное)сан есім заттардың жинақталу ретін білдіреді.Сұрағы:нешеу?қаншау? Мысалы: алтау, бесеу, жетеу, екеу, біреу т.б. Жасалу жолы: -ау,- еу жұрнағы арқылы жасалады.Бұл жұрнақ бірден жетіге дейін жалғанады. Болжалдық (предположительное)сан есім заттың санын дәл айтпай, болжалдап айтады. Сұрағы: қанша?неше? қанша шамалы? Жасалу жолы: -лаған, -леген,-даған, -деген; ондаған, жүздеген,мыңдаған. -лап, -леп, -дап, -деп,-тап,- тeп; мыңдап, жүздеп,елулеп, жиырмалап. -дай, -дей, -тай,-тей; жетпістей, алпыстай, жүздей, мыңдай, он екідей, жиырма бестей. -тарда, -терде,-дарда, -дерде,-ларда -лерде; жетпістерде, алтыларда, бестерде, он сегіздерде. Сан есімге жуық, тарта, таман, жақын, шақты, шамалы, жуық деген сөздердің тіркесуі арқылы жасалады: қырық шамалы, отыздар шамасында, отыз шақты, жүз қаралы, мыңға жуық, жетпіске тарта, жүз мыңға таяу, бес жүзге жақын. Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады: қырық-отыз, елу-алпыс, үш-төрт, жүз- жүзден,мың-мыңдаған, елу-алпыстарда, алты-жетілерде. Топтау (разделительное) сан есім заттың санын жекелеп атамай, топтап көрсетеді. Сұрағы: қаншадан? нешеден? Жасалу жолы: сан есімге шығыс септігінің жалғауы жалғанады. Мысалы: бестен, үштен, екі-екіден, алтыдан, жеті-сегізден, жиырма-отыздан, тоғыз-оннан т.б. Бөлшектік(дробное) сан есім заттардың сандық бөлшегін білдіреді.Олар жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.Мысалы: екіден бір, үштің бірі, оннан екісі, оннан екі. Сол сияқты жарты, жарым, ширек сөздері тіркесіп келіп те жасалады.Мысалы: екі жарым, үшширек т.б.
Есімдік(местоимение) Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөзді есімдік дейміз.Сондықтан есімдікті кейде орынбасар сөз табы деп те атайды. Мағынасына қарай: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, өздік есімдігі, белгісіздік есімдігі, болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдігі. Жіктеу (личное) есімдігі үнемі жақ ұғымдарымен байланысты қолданылады. Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады. Жіктеу есімдігі зат есім орнына жұмсалады. Жіктеу есімдігі тәуелденеді, септеледі,жіктеледі. Жіктеу есімдігінің III жағы ғана тәуелденеді. Жіктеу есімдігі септелгенде, барыс септік жалғауы өзгереді. Мысалы: (мен) маған, (сен) саған, (ол) оған. Жіктеу есімдігі жіктеледі, бірақ оларға есімдіктің өзі қай жақта тұрса, сол жақтың ғана жіктік жалғауы жалғанады.Мысалы: менмін,сізсіз, бізбіз т.б. Сілтеу (указательное)есімдіктері Сілтеу есімдіктері нұсқау, сілтеу, мегзеу мағыналарында жұмсалады. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, ана, анау, мына, мынау, әне,міне, әнеки, сона. деген сөздер жатады. Сілтеу есімдігі сын есімнің орнына жұмсалады, кейде көптеліп, септеліп, тәуелденіп зат есімнің орнына да жұмсалады. Мысалы: Қонақтарды мына үйге кіргізіңдер. Мына есімдігі қай? сұрағына жауап беріп, сын есім орнына жұмсалып тұр. Бұлар осында тұрады. Бұлар есімдігі көптеліп кімдер? деген сұраққа жауап беріп, зат есім орнына жұмсалып тұр. Сұрау (вопросительное)есімдігі Сұрау есімдігі сұрау мағынасын білдіреді және өздеріне тиісті жауап тілейді. Сұрау есімдіктеріне мынандай сөздер жатады: кім?не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешіншіқайда? қайдан? қалай? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы?нешеу? қайда? Кім? не? қайсы? неше? нешінші? сұрау есімдіктері көптеледі,септеледі, тәуелденеді, жіктеледі. Өздік (возвратное)есімдік Өздік есімдігі бір ғана өз сөзі жатады. Өз есімдігі түбір күйінде ешқашан қолданылмайды. Бұл есімдік жекеше, көпше түрде тәуелденіп, содан соң септеліп, жіктеліп барып қолданылады. Жалпылау (определительное)есімдігі Жалпылау есімдіктері жинақтау, жалпылау мағыналарын білдіреді. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Белгісіздік(неопределенное) есімдіктері Белгісіздік есімдігі затты, құбылысты нақты атамай, белгісіз етіп жорамалдап айтады. Белгісіздік есімдіктеріне біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда,әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан. Болымсыздық (отрицательное)есімдіктері Болымсыздық есімдіктері болымсыздық мағынасын білдіреді. Болымсыздық есімдіктеріне дәнеңе, ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешбір,ешқайсысы, ешқашан, ешқайда, ешқайдан деген сөздер жатады. Дәнеңе, ештеңе, ешкім,ешқайсысы дегендер зат есімнің орнына жұмсалады. Ешқандай, ешбір дегендер сын есім орнына жұмсалады. Ешқашан,ешқайдан дегендер үстеудің орнына жұмсалады. Еш сөзі есімдіктермен тіркессе бірге жазылады, ал басқа сөздермен тіркессе бөлек жазылады.Мысалы: ешқашан, еш адам; ешқайда, еш уақытта. Етістік(глагол) Заттың қимылы мен амалын білдіретін сөз табын етістік дейміз. Тұлғасына қарай: негізгі етістік, туынды етістік Тек түбірден жасалған етістікті негізгі(непроизводное) етістік дейміз. Мысалы: бар, кел, жаз, отыр, апар, жет, оқы, көр, күл, жібер, ки, жұм, кеп, тара, шаш, жи, жыла, өт, қара т.б. Жұрнақ арқылы жасалған етістікті туынды (производное)етістік дейміз. Мысалы: ки+ін,тара+н, жұм+ыл, сипат+та, жаға+ла т.б. Туынды етістіктің жасалу жолы Есім сөздерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар: -ла, -ле, -да, -де, -та, -те; ой+ла, су+ла, гүл+де, шеге+ле, сипат+та, жаға+ла. -ар, -ер, -р; жас+ар, көг+ер, кысқа+р, таз+ар. -ай,-ей, -й; көб+ей, аз+ай, қара+й. - а, -е, -на, -не; ой+на, түн+е. Етістіктен туынды етістік жасайтын жұрнақтар: -н,-ын,-ін; ки+ін, тара+н, бу+ын. -ыл, -іл, -л; аш+ыл, тес+іл, жүм+ыл. -т; тара+т, жара+т, қара+т -тыр, -тір,-дыр,-дір, -дірт, -тірт; кеп+тірт, жаз+дырт, күл+дір, айт+тыр. -қыз,-кіз; айт+қыз, жет+кіз, өт+кіз. -ыз,-із; там+ыз, ем+із. Құрамына қарай: дара етістік, күрделі етістік. Дара (простое)етістік тек бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: оқы, сұра, айт, кел, бар, кет, қара т.б Күрделі (сложное)етістікке біріккен етістік, сөз тіркесі арқылы жасалған етістіктер жатады. Мысалы: апар (алып бар), әпер (алып бер), әкет (алып кет), әкел (алып кел) т.б. Сатып ал, жүре бер, айта бер, жазып отыр, сурет салды, ер жетті, ат қойды т.б. Бұлардың қайсысы болса да бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.Бұл сөздердің құрамындағы сөздердің біріншісі негізгі етістік, екіншісі көмекші етістік қызметін атқарады. Өз алдына толық мағынасы бар, сөйлемде дербес мүше бола алатын етісік түрін негізгі етістік дейміз. Сөйлем ішінде толық мағынасы жоқ, сөйлемде дербес мүше бола алмайтын, негізгі етістікпен тіркесіп көмекшілік қызмет атқаратын етістікті көмекші (вспомогательный)етістік дейміз. Көмекші етістікке е (еді), де (деді), ет (етті), жазда (жаздады) деген етістіктер де жатады.Мысалы: жүре бер күрделі етістігін алсақ, жүре негізгі етістік, бер көмекшіетістік болады. Сурет салды күрделі етістігін алатын болсақ, сурет негізгі, салды көмекші етістік қызметін атқарып тұр. Мағынасына қарай етістіктер болымды етістік, болымсыз етістік, сабақты етістік, салт етістік болып бөлінеді. Іс-әрекеттің болуын көрсететін етістікті болымды (положительный)етістік дейміз. Мысалы: бар, оқы, жаз, күл, айт, апар, әкет, құлат, кел т.б. Іс-әрекеттің жүзеге аспауын көрсететін етістік болымсыз(отрицательный) етістік деп аталады. -ма, -ме, -ба, -бе, -па,-пе жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: барма, айтпа, оқыма, жазба, күлме, үзбе, көрсетпе, атама, үйренбе, суғарма т.б. Сабақты (переходный)етістік табыс жалғаулы сөзді керек етеді. Мысалы: Ғалияны шақыр. Нанға Мұратты жібер. Сен осы кітапты оқы. Сен оған хатты қазір жібер. Осы мысалдардағы етістіктер Ғалияны, Мұратты, кітапты, хатты деген табыс септігінде тұрған сөздерді қажет етіп тұр. Табыс жалғауы кейде түсіріліп айтылады. Мысалы: Мен кино көрдім. Киноны көрдім болу керек. Кітап оқыдым. Кітапты оқыдым болу керек. Салт етістік(непереходный) табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді. Мысалы: Қалима келді. Жасан кетті.Күн күркіреді. Гүл өседі. Жер көктейді. Бұл сөйлемдегі келді, кетті, күркіреді, өседі, көктейді сөздері табыс септігіндегі сөзді қажет етіп тұрған жоқ. Етіс (залог) Іс-әрекет пен істеушінің арасындағы қарым-қатынасты білдіретін етістіктің түрі етіс деп аталады. Етістің төрт түрі бар: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс. Іс-әрекеттің іс істеушіге тікелей бағытталғанын білдіретін етістің түрі өздік (возвратный)етіс деп аталады. Жасалу жолы: -н, -ын, -ін жұрнағы аркылы жасалады. Мысалы: жуынды, киінді, таранды, буынды. Іс-әрекеттің басқа біреу арқылы істелгендігін білдіретін етістің түрін өзгелік (побудительный)етіс деп атаймыз. Жасалу жолы: -т; оқыт, сөйлет, шегелет, азайт -дыр,-дір,-тыр,-тір; жаздыр, келтір, айттыр, кептір, келтір, жүгірт. -ғыз,-гіз,-қыз, -кіз; келгіз, айтқыз, сепкіз, кескіз. -ыр, -ір; асыр, өсір, қашыр. Өзгелік етістің жұрнақтары бірінен кейін бірі жалғана береді.Мысалы: оқы+т+қыз+дыр+т. Іс-әрекет істеушінің ырқынан тыс істелетінін білдіретін етістіктің түрі ырықсыз(страдательный) етіс деп аталады. Жасалу жолы: -л, -ыл,-іл; шақырыл, жинал, тазартыл, киілді, таралды, жуылды, төселді .-н, -ын, -ін; шегелен, алын, ілін, төлен, салынды, әкелінді. Өздік етістің жұрнағын ырықсыз етістің жұрнағынан ажырату үшін түбіріне қараймыз, егер түбірде л әрпі болса, онда оған жалғанған -н, -ын, -ін жұрнағы ырықсыз етістің жұрнағы болғаны.
Іс-әрекеттің іс иесінің біреу емес, бірнешеуіне бірдей ортақ, бірдей қатысты екенін білдіретін етістіктің түрін ортақ (совместный)етіс дейміз. Жасалу жолы: -с, -ыс, -іс; жазыс, теріс, жинас, сөйлес, ойлас, әкеліс. Есімше(причастие) Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады. Есімшенің түрлері мен жасалу жолдары: - ған, -ген, -қан, -кен; алған, қараған, сасқан, жапқан, жеткен, көшкен, ішкен, піскен, барған, келген, айтқан, кеткен. - ар, -ер,-р -с; алар, қарар, сасар, жетер, көшер, ішер, пісер, оқымас, бармас, сөйлемес, айтпас, барар, келер, айтар, кетер. -с жұрнағы болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін жалғанады: бармас, келмес. -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек; алмақ, қарамақ, саспақ, ішпек, оқымақ, бармақ,сөйлемек, келмек, айтпақ, көрмек, кетпек. -атын, -етін, -йтін,-йтын; баратын, келетін, айтатын, сөйлейтін, оқитын, ішетін, алатын. Есімшенің болымсыз түрі жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: барған емес, айтқан жоқ, барар емес, айтары жоқ т.б. Есімше есімдерше түрленеді, яғни көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі. Көсемше(деепричастие) Негізгі амал, қимылды білдіретін, кейде сол амалды айқындап тұратын етістіктің түрін көсемше дейміз.Көсемшенің жұрнақтары: -а, -е,-й; бара, келе, жаза, тұра, айта, сұрай, сөйлей, жүре, қарай, ойнай. -ып, -іп,-п; барып, келіп, айтып, сұрап, құлап, сөйлеп, біліп, күліп, оқып, жатып, кіріп, үріп, қалғып, сүйсініп, қызарып. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі; айтқалы, барғалы, жатқалы, кеткелі, келгелі. Көсемше күрделі етістік құрамында және жіктік жалғау тұлғасында қолданылады. Мысалы: сұрай бер, шегелеп көр, айтқалы жатыр, ала кел, барыпсың, оқимын, көрерсің, баратынмын. Көсемше тек қана жіктеледі, тәуелденбейді, септелмейді, көптелмейді. Көсемшенің -а,-е, - й және -ып, -іп, -п түрлері ғана жіктеледі, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі түрі жіктелмейді. Етістіктің шақтары (времена глагола) Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін етістіктің шағы дейміз. Етістіктің шақтары үшеу: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Осы шақ (настоящее время) Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттің өтуін осы шақ дейміз. Осы шақ екі түрге бөлінеді: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ. Нақ осы шақ (собственно-настоящее время)қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ қалып етістіктері арқылы жасалады, яғни отыр, жүр, жатыр, тұр, кел, жүгір етістіктері.
Мысалы: Жанар гүлге су құйып жатыр. Ол теледидар көріп отыр. Ауыспалы осы шақ (переходно-настоящее время)қимылдың дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді.Көсемшенің -а,-е, -й жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Көктем келеді. Жапырақ сарғаяды. Балалармен ойнайды. Шаттанып күледі.Трактор жер жыртады. Келер шақ (будущее время) Келер шақ қимылдың сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Мағынасы мен жасалу жолына қарай: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ. Болжалды (будущее предположительное время)келер шақ қимылдың болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжап айтады. Болжалды келер шақ есімшенің -ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: барармын, келермін, оқырсың, келмессіздер, отырарсың, жүгірерсің. Мақсатты (будущее время цели)келер шақ қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Жасалу жолы: -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бармақпын, келмексіз, кетпекпін, оқымақпын. Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі емес сөзінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: бармақ емеспін, айтпақ емес, кетпек емессіз. Ауыспалы (переходное будущее время)келер шақ көсемшенің - а,-е,-й жұрнағы арқылы жасалады. Ауыспалы осы шақтан айырмашылығы, ауыспалы келер шақта мезгіл мәнін білдіретін сөз болады. Мысалы: Трактор жер жыртады - ауыспалы осы шақ; Трактор ертең жер жыртады - ауыспалы келер шақ. Осы шақ: Ол мектепте оқиды. Бұл жерде ағаш өседі. Мен ылғи ерте тұрамын. Ол өлең жазады. Келер шақ: Ол сабағын кешке оқиды. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі. Мен ертең ерте тұрамын. Өлеңді ол есейгенде жазады. Өткен шақ (прошедшее время) Өткен шақ қимылдың сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдіреді. Өткен шақтың үш түрі бар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ. Жедел өткен шақ қимылдың таяу арада болып кеткенін білдіреді. Жедел өткен шақ -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақетістікке тікелей жалғанады.Мысалы: барды, айтты, келді, барғызды, тазаласты,келмеді,апарды. Көсемшенің -а,-е,-й жұрнағынан кейін -ды,-ді, -ты, -ті жалғанса, онда ол жіктік жалғауы болып кетеді. Мысалы: Мен бар ды м - жедел өткен шақ. Ол бара ды - жіктік жалғау. Бұрынғы (результативное прошедшее время)өткен шақ қимылдың сөйлеп тұрған сәттен әлдеқайда бұрын өтіп кеткенін білдіреді. Жасалу жолы: -ып, -іп -п, -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: барған,айтқан, жүрген, сепкен, тартқан, барып, келіп, жетіп, сүрініп, айтып. Сөйлемде жіктеліп барып қолданылады. Ауыспалы (переходное прошедшее время)өткен шақ -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: баратын, келетін, сөйлейтін, жаттайтын. Етістіктің райлары(наклонение глагола) Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай деп аталады. Райдың төрт түрі бар: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Үш шақтың бірінде (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық(изъявительное) рай дейміз. Мысалы: Әркім өз ойымен отыр. (Осы шақ). Келемін тау ішіндетүнделетіп. (Өткен шақ). Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ. (Келер шақ). Қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрін бұйрық(повелительное) рай дейміз. Бұйрық рай көбінесеII жақта айтылады. Сен бар, сен айт, сен отыр, сен әкел, сен жатта. Сөйлемде жіктеліп барып қолданылады. Жіктелу үлгісі: Менбарайын Бізбарайық Сен бар Сендербарыңдар Сіз барыңызСіздер барыңыздар Ол барсынОлар барсын Шартты(условное) рай қимылдың іске асу, аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Жасалу жолы: -са, -се жұрнағы: барса,келсе,айтса, көрсе, өкінсе, құласа, жарасса. Қалау(желательное) рай іс иесінің қимылды қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді. Жасалу жолы: -ғы,-гі, -қы, -кі + келді; барғым келді, барғың келді, барғысы келді. -са, -се + игі еді; барсам игі еді, барсаң игі еді, барса игі еді -ғай, -гей, -қай, -кей + еді; барғаймын, барғай едім, барғайсың, барғай едің, барғай, барғай еді. Тұйық етістік (инфинитив) Зат есімдерше түрленіп, жақпен де, шақпен де байланысы болмай, қимылдың атын білдіретін етістіктің түрін тұйық етістік дейміз. -У жүрнағы арқылы жасалады; сұрау, жүру, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу. Тұйық етістіктен жасалған зат есімдер: көсеу, сабау, егеу, жасау, қашау, тұсау, ою т.б. Етістіктің сөйлемдегі қызметі Жартасқа бардым, күнде айқай салдым деген сөйлемде бардым, айқай салдым етістіктерібаяндауышқызметін атқарып түр. Оқу үшіносында келдім деген сөйлемде оқу үшін етістігі не үшін? деген сұраққа жауап беріппысықтауыш қызметін атқарып тұр. Көрмес - түйені де көрмес деген сөйлемде көрмес сөзі кім? деген сұраққа жауап беріп,бастауышқызметін атқарып тұр. Өсер елдің жігіті бірін - бірі батырдер сөйлемінде өсер сөзі қандай? дегенсұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұр. Ұстаздық қылған халықпас үйретуден балаға.Білгенге маржан,білмеске арзан. Етістік есімше не тұйық етістік тұлғаларында септеліп келіп, атау мен іліктен басқа септіктерде толықтауыш қызметін атқарады. Үстеу(наречие) Қимылдың сын-сипатын, әр түрлі белгілерін, жай-күйін білдіретін сөз табын үстеу дейміз. Үстеу құрамына қарай үшке бөлінеді: негізгі, туынды, күрделі үстеулер. Негізгі үстеуге түбір үстеулер мен сын есімнің шырайларынан жасалған үстеулер жатады. Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен, қазір, жылдамырақ, тездеу, ілгерірек, кештеу, кешірек, бері, әрең, азар, әрі, бері, дәл, сәл. Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және септік жалғауларының түбіріменсіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар: - ша, -ше; адамша, балаша, бұлбұлша, көзінше, өзінше, ескіше. - лай, -лей, -дай, -дей,-тай, -тей; шикілей, қыстай, осылай, ақшалай, күздей, жаздай. -дайын, -дейін, -тайын, -тейін; бұлбұлдайын, бұлақтайын, жорғадайын,тотыдайын. - шама, -шеме, -шалық, -шелік; осыншалық, соншалық, осыншама, соншама, мұнша. - майынша, -мейінше, -пайынша,-пейінше; айтпайынша, оқымайынша,тыңдамайынша, жатпайынша. Түбірге сіңісіп, көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулар: Барыс септігі: кешке, боксқа, текке, бірге,зорға. Жатыс септігі: баяғыда,аңдаусызда, қапыда. Шығыс септік: шалқасынан, кеңінен, шетінен; тосыннан. Көмектес септік: жөнімен, кезекпен, шынымен, ретімен. Күрделі үстеу екі немесе одан көп түбірдің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалады: Бірігу арқылы: жаздыгүні, таңертең, ендігәрі, биыл, бүгін, біраз. Қосарлану арқылы: жоғары-төмен, анда-санда, жата-жастана, енді-енді, қолды-қолына, бірте-тірте, қысы-жазы. Тіркесу арқылы: ала жаздай, күні бүгін, ертеден қара кешке дейін, құлан таза, күні кешке т.б. Үстеудің мағыналық түрлері: мезгіл үстеу, мекен үстеу, сын-қимыл үстеу, мөлшер үстеу, күшейткіш үстеу, мақсат үстеу, себеп-салдар үстеуі. Мезгіл(времени) үстеу қимылдың мезгілін білдіреді, қашан?қашаннан? сұрағына жауап береді. Мысалы: кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, таңертең, түнеугүні, бүрсігүні. Мекен(места) үстеу қимылдың болу орнын, бағытын білдіріп, қайдан?қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артын орады. Сын-қимыл (образа и способа действия)үстеуі қимылдың амалын, сынын, бейнесін,тәсілін білдіріп, қалай?қайтіп?қалайша?кімше? деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды. Мөлшер(количество и меры) үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша?қаншама?қаншалық?қаншалап? қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, недәуір өсіпті, онша биік емес. Күшейткіш (усилительный)үстеу қимылдың белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Ең, тым, өте, аса,орасан,мүлдем,әбден,кілең,керемет сөздері арқылы жасалады да қалай? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор. Мақсат (цели)үстеу қимылдың болу мақсатын білдіредіде қалай? немақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Оған әдейі, жорта, әдейілеп,қасақана деген сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді. Себеп-салдар (причины и следствия)үстеуі қимылдың болу себебін білдіреді де, не себепті? неге?қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Оған: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың. Шылау (союзы) Толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөзді шылау дейміз.Шылаудың үш түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау. Септеуліктер септік тұлғадағы сөздермен тіркесіп қолданылады. Атау септігіндегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты. Бұл септеуліктер зат есіммен, есімдікпен, тұйық етістікпен, есімшемен де тіркеседі. Мысалы: Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті.Ескі ақынша мал үшін тұрма зарлап.Марат Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|