Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Себеп-салдар (причинно-следственные) салалас




Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас кұрмалас сөйлемнің түрін себеп-салдар салалас дейміз.

Себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара былайбайланысады:

1. Себеп мәнді жай сөйлем. Сондықтан, сол себепті салдар мәнді жай сөйлем.

2. Салдар мәндіжай сөйлем, өйткені, себебі, неге десеңіз себеп мәнді жай сөйлем. Мысалы: Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін- келбеті де өзгерген. Бұл сөйлемде бірінші жай сөйлем себеп мәнді де, екінші жай сөйлем салдар мәнді болып тұр. Басқа үйге жиналмай, Сегізбай үйіне жиналамыз, себебі мұнда көңілді отыруға толық жағдай бар. Бұл сөйлемде бірінші жай сөйлем салдар мәнді де, екінші жай сөйлем себеп мәнді болып тұр.

Себеп-салдар салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз болады. Құрамындағы жай сөйлемдер себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десең шылаулары арқылы байланысса, жалғаулықты себеп-салдар салалас болады. Егер жалғаулықсыз байланысса, онда ол жалғаулықсыз себеп-салдар салалас болады. Асан театрға бармады, себебі уақыты жоқ.

Қарсылықты салалас (противительные)

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. Қарсылықты салалас жалғаулыкты және жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді. Жалғаулықты қарсылықты салалас бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, әйткенмен, сонда да жалғаулықтары арқылы жасалады. Мысалы: Жыртық шапанның өңі, жұртта бір жыл жатқан қу шүберек тәрізді, сонда да аздап жылуы бар. Тұрмыстары жүдеу, дегенмен алдымызға бәрін қойды. Мұғалім сұрай бастайды, бірақ оқушылар дайын болмай шығады.Мен ерте тұрдым, әйтсе де сабаққа кешіктім.

Жалғаулықсыз байланысатын қарсылықты салаласты жалғаулықсыз қарсылықты салалас дейміз. Жай сөйлемдер жалғаулықсыз байланысса, екі жай сөйлемнің орнына үтір, сызықша қойылады. Мысалы: Мойнымды созам, - көрінбейді. Есікті олай итерем, бұлай итерем, - ашылмайды. Үйде шешен, - дауда жоқ.

Түсіндірмелі (указательные) салалас

Құрамындағы жай сөлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

Түсіндірмелі салалас жалғаулықсыз іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбіне сілтеу есімдігі мен сілтеу мәнді сөздер болады. Түсіндірмелі салаластың кұрамындағы жай сөйлемдердің арасына қос нүкте немесе сызықша қойылады. Сызықша сілтеу есімдіктерінен кейін койылады. Оның қорыққаны сонша - үйді басына көтеріп айқайлады. Мараттың айтқаны сол - барлығы да мойындады. Жай сөйлемдердің арасында есімдік болмаса, онда қос нүкте қойылады. Әйел де ай сәулесі сияқты: есікті жапсаң, түндіктен түседі. Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай, таған деймісің - бәрі де бар.

Талғаулы (разделительные) салалас

Құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың біреуін ғана жүзеге асыратын құрмалысты талғаулы салалас дейміз. Талғаулы салалас құрамындағы жай сөздер жалғаулықтар арқылы байланысады. Жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, болмаса, не болмаса, әйтпесе, әлде. Мысалы. Бүгін киноға не Асан барады, не Марат барады.Жаңбыр жауады, немесе қар жауады. Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады. Немесе шылауы сөйлемде бір рет қайталанса, онда екі жай сөйлемнің араларына еш нәрсе қойылмайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных