ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Баяндауыш (сказуемое)Бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемдітиянақтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз.Баяндауыштың негізгі белгілері:Бастауыштың ісін, жай-күйін білдіреді;Оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;Жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен киыса байланысады;Сөйлемді тиянақтап тұрады; Кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; Өзіне тән сұрағы жоқ. Баяндауыш қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді. Баяндауыштың жасалу жолы: Баяндауыш көбіне етістіктен болады. Мысалы: Біз ұшқыш болуға уәделесіп қойғанбыз. Баяндауыш есім сөздерден болады. Мысалы: дәрігер – ардақты мамандық. Күн шайдай ашық. Бұлар он бес. Баяндауыш есімдіктерден жасалады. Мысалы: Біздің қақпан әне.Нағыз теңіз романтикасы деген осы.Қызылшаңыздың биылғы бабы қалай? Әр тарап сөздерден жасалады. Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты. Дара, күрделі баяндауыш Баяндауыш құрамына қарай дара, күрделі баяндауыш болып бөлінеді. Дара баяндауыш бір сөзден болады. Күрделі баяндауыштың құрамында екі немесе одан да көп сөздер болады. Күрделі баяндауыштың жасалу жолы: Сөз тіркесінен. Ұзақ ауданы - облыстың ең жырақ ауданы. Күрделі етістіктен. Ауыл мәдениеті өсіп келеді. Күрделі сан есімнен. Биыл жасым отыз сегізде. Негізгі етістік пен көмекші етістіктен. Қазір балалардың бәрі ғарышкер болғысы келеді. Тұрақты сөз тіркесінен. Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын. Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение) Сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды. Толықтауыштың негізгі белгілері: Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғаулары жалғанған сөздер болады. Толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында, деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады. Заттық мағынаға ие барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септікткерінің сұрақтарына жауап береді. Меңгеріле, жанаса байланысады. Толықтауыштың жасалуы
Бір сөзден болған толықтауышты дара толықтауыш дейміз. Мысалы: Бейсен Жомартпен кейін қайтты. Ол әлгі орманды картадан көрсетті. Еңбек бәрін жеңеді. Бұл құрылысқа Толғанбай қатты куанды. Әр жастың жүзінде мақтаныш сезімінің толқыны ойнайды. Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты. Сөз тіркесінен, күрделі сөзден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз. Мысалы: Біз Ақтүбек алқабын шолып тұрмыз. Мен еңбек жолымды нағыз қиын жерден бастадым. Мәмбет теңбіл көкке жеңіл фаэтон жеккен. Отыз екіні төртке бөл. Келген кісімен танысқысы келетінін айтты. Щербаков үй ішіне байыппен қарап тұр. Жаңа ірі өндірістің қажетін қамтамасыз етуге темір жол керек. Ата-анасымен кездесуге асығып тұрғаны көрініп тұрды. Толықтауыш тура толықтауыш және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Табыс септік тұлғасындағы толықтауышты тура толықтауыш дейміз. Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды.Мұғалім кітапты таратты. Табыс септігі кейде түсіріліп те айтылады. Мысалы: Ауыл бізге азық-түлік (нені?) жіберіпті. Мұнда табыс септігі түсіріліп айтылып тұр, негізі азық-түлікті болу керек еді. Жидебай ауылында балық (нені?) та өсіреміз. Мұнда да табыс септігі түсіріліп айтылып тұр. Оның табыс септігінде тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаймыз. Марат хат(нені?) жазды. Марат хатты жазды. Мейрам кино(нені?) көрді. Мейрам киноны көрді. Асан тамақ(нені?) ішті. Асан тамақты ішті. Перизат сабақ(нені?) оқыды. Перизат сабақты оқыды. Апай тапсырма(нені?) сұрады. Апай тапсырманы сұрады. Бізге кітап(нені?) таратты. Бізге кітапты таратты. Табыстан басқа септіктің тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларының тұлғасындағы толықтауышты жанама толықтауыш дейміз. Мысалы: Бердіке әлгі балаға (кімге?) көз тоқтатып қарады. Небір мықтылар дәл осындайлардан (кімдерден?) шығады. Көптеген фермаларда сиырды машинамен (немен?) сауады. Өнертапқыштық жаңа машиналарды жасау жөнінде де (не жөнінде?) алдыңғы қатарға шығуымызға мүмкіндік береді. Анықтауыш (определение) Сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Сұрақтары: қандай? қай? қанша? неше? кімнін? ненің? Сын есім. Мақсұт күріштің жапырағындағы мөлдір(қандай?) шықты байқады. Зат есім. Құрлысшы(қандай?) қыз көміршілер қаласына абыроймен оралды. Сан есім. Қазір зәулім мектепте алты жүз(қанша?) бала оқиды. Есімдік. Сіздің(кімнің?) бар(қандай?) шығармаңыз осы(қай?) үйден табылады. Етістіктің есімше түрі. Екі ұшқыш келген(қандай?) шаруаларын баяндай жөндеді. Ілік септікті сөздер. Баймақан Жомарттың(кімнің?) кабинетіне кірді. Бір сөзден тұратын анықтауышты дара анықтауыш дейміз. Мысалы: Жас(қандай?)қозылардың(нелердің?) жып-жылы тұмсықтары Айгүлдің(кімнің?) қолын иіскелейді. Бұл мысалдағы жас, қозылардың, Айгүлдің деген сөздер бір сұраққа бір сөз жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұр.Күрделі анықтауыш кемі екі сөзден тұрады. Мысалы: Қайың сапты(қандай?) кетпен қара жерге қарш етті. Айнала бар дүниені ал қара көк(қандай?) бетегеге басыпты. Кеңседе елу екі(қанша?) адам бар. Үй ішінің (ненің?) қарбалас жүрісі саябырлады. Жол бойындағы бүршікті (қандай?) сарғалдақтар көз тұндырады. Бұл сөйлемде қайың сапты, елу екі, үй ішінің, жол бойындағы бүршікті сөздері екі, үш сөзден бірігіп бір сұраққа жауап беріп тұр. Пысықтауыш (обстоятельство) Сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл,себеп, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейміз. Сұрақтары: қашан? қалай? қайда? кім арқылы? не арқылы? кім үшін? не үшін? т.б сұрақтарға жауап береді. Байланысу түрі: меңгеру, жанасу, қабысу. Пысықтауыштың жасалу жолы: Үстеу. Біз ілгері(қалай?) жүріп кеттік. Ертеңіне(қашан?) екі өзен аралығына екі бірдей тікұшақ келіп қона алды. Перизат біраз(қанша?) үнсіз отырды. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктер тұлғасында тұрып, мекен, мезгіл, бағыт, сын-қимыл мағыналарында жұмсалып, пысықтауыш қызметін атқарады. Мен ауылға(қайда?) беттеп келемін. Қырман басынан(қайдан?) электр жарығы жымыңдайды. Гүлсая зор дайындықпен(қалай?) кірісті. Мезгіл мәнді зат есімдер. Сол күні(қашан?) Тілеуқабыл түні бойы(қашан?) Дөңбекшіп, әлденеден ұйықтай алмады. Септеулік шылаулы есім сөздер. Күні бүгінге шейін бұл елдің жаз жайлауы - Қарақұрым бойы. Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады. Етістік. Шешесі баласының бетіне мейірлене қарады. Еліктеуіш. Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді. Сын есім. Айнала жұрт сөзге қатты сүйсінді. Сан есім. Сабақ сегізде басталады. Есімдік. Шай әлдеқашан жиналған. Бір сөзден тұратын сөзді дара пысықтауыш дейміз. Мысалы: шопанның үні мейірімді естілді. Мен қарттың жүзіне бағдарлай қарадым. Ауылға кештетіп жеттік. Алыстан бірнеше салт атты көрінді. Күрделі пысықтауыш кемінде екі сөзден тұрып, бір сұраққа жауап береді. Мысалы: бұл кезде пойыз Хантауға еліп тоқтады. Толғанбай Алаколден Есік көліне келді. Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады. Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.Үйірлі сөзден тұратын пысықтауышты үйірлі пысықтауыш деп атайды. Мысалы: Уақытым барда кітапханаға барып дайындалсам деймін. Ит жоқта қораға шошқа үреді. Пысықтауыштың түрлері:
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (однородные члены предложения) Қызметі мен сұраулары ортақ болып, өзара салаласа байланысқан екі я одан көпмүшелерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.Мысалы: Досан, Есен, Әлмен, Бәрмен де аса сүйсінген ажар танытты. Бұл сөйлемде төрт бастауыш бар, бәрі бір ғана ажар танытты деген баяндауышпен байланысып, кім? деген ортақ сұраққа жауап беріп түр. Досан, Есен, Әлмен, Бәрмен - бірыңғай бастауыш.Сүгірәлиева Алтын - жақсы әнші, әсем биші - бірыңғай баяндауыш.Аңшы, мергендер, жортуылдар - күнделік аңыз тудырған қайратты, өнерді, қастық-араздықты да баян етеді - бірыңғай толықтауыш. Ораз орта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, ақ сақалды, дөңестеу мұрынды, дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қас, кең маңдайлы адам еді - бірыңғай анықтауыш. Көктемде, жазда және күзде ауыртікұшақтар тайгадағы бұрғылардың үстінде қалықтап жүреді – бірыңғай пысықтауыш. Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілері: Бірыңғай мүшелер өзара салаласа байланысады және санамалау интонациясымен айтылады. Ортақ бір сұраққа жауап береді. Бірыңғай мүшелер көбіне бірыңғай тұлғада болып, бір сөз табына жатады. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. 1.Ыңғайластық (соединительные) жалғаулықтар: да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен; Ағыстың жылдамдығына арнаның тереңдігі де оның формасы да, өзеннің өз жолында кездестіретін бөгеттері де әсер етеді. Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет. Ербол мен Абай осыншалық үлкен сыншылықпен және аңшылықпен айтылған шындыққа барынша ден қойып отыр. 2.Қарсылықты (противительные)жалғаулықтар: ішінде тек бірақ деген түрі ғана біыңғай мүшелердің арасында тұрады. Тек жері биік болғандықтан, жеміс өседі, бірақ піспейді. 3.Талғаулы (разделительные) жалғаулықтар: я,не, немесе, әлде; Аудан, шаруашылық басшыларының некеңселерінен, не үйлерінен таба алмадым. 4.Кезектестік (чередующиеся) жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде. Мысалы: Алысырақта өгіз шағала біресежылаған балаша, біресе қарқылдап күлген адамша әр түрлі дауысқа салады. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері:Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, араларына үтір койылады. Мысалы: Аспан айқын, ашық. Егер жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып айтылса, араларына үтір қойылады. Мысалы: Инженер де, мүғалім де, еңбегі асқан екпінді де осы үйден табылады. Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылық жалғаулығы арқылы байланысса,араларына үтір қойылады. Орта бойлы, бірақ толықша қара сұр жігіт еді. Мынандай жағдайда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды. Бірыңғай мүшелердің арасын пен, және жалғаулықтары бір рет байланыстырса, үтір қойылмады. Қарағандының өзінде орысша және қазақша драмалық театр, бірнеше кинотеатр және филармония бар. Да, әрі, не, немесе, яки жалғаулықтары қайталанбаса, бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды. Төрт бөлмелі тас үй салкын да жайлы. Құрмалас сөйлем (сложное предложение) Екі немесе одан көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты. Бұл кұрмалас сөйлем екі жай сөйлемнен құралған. Құрмалас сөйлемнің үш түрі бар: салалас, сабақтас, аралас. Құрамындағы сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы (түсіп еді) екінші сөйлемнің баяндауышы (таязданып қалған екен) сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде салаласа байланысып тұр. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1.Мағыналарының жақындығына қарай, іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Тұрайын деп еді, - тұра алмады. Таң атқанша кірпік қаққанымыз жоқ: аузымыз кеңесте, құлағымыз дыбыста. Бірінші салаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлемніне қарама-қарсы мағынада айтылу арқылы кұрмаласқан. Екінші салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде болған оқиғаны баяндайды. Олардың ұласпалы интонация арқылы байланысында бірінші жай сөйлем аяқталған жерде дауыс ырғағы бәсеңдемей көтеріңкі қалыпта қалады да, тиянақсыз болып тұрады; одан кейін сәл кідіріс жасалып, екінші жай сөйлеммен ұласа байланысады. 2.Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Олар: 1.Ыңғайластық (соединительные)мәндегі жалғаулықтар: да, де, та, те, және, әрі; 2.Қарсылық (противительные)мәнді жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, әйтседе, сонда да, алайда; 3.Себеп-салдар (причинно-следственные)мәнді жалғаулықтар: себебі, өйткені, сол себепті, сондықтан; 4.Талғау (разделительные)мәнді жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, не болмаса, әлде; 5.Кезектес (чередующиеся)мәнді жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде. Ыңғайлас салалас (соединительные) Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі оймен мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде болуын ыңғайлас салалас дейміз. Ыңғайлас салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз да бола береді. Жалғаулықты ыңғайлас салалас шылаулар арқылы байланысады; шылаулар: да, де, та, те, және, әрі. Мысалы: Оның үсынған қолын Тайман қысты да, Марат сәлемін алмастан теріс айналып кетті. Қар жауды да, күн суытты. Гүлжан емтиханға дайындалады және өзі қалаған оқу орнына түседі. Бұл мысалдар жалғаулықты ыңғайлас салалас болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|