Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бұйымды өндіру тәсілін таңдау




 

 

Бойлықтың саны мен түрін бұйымның берілген номенклатурасына және цех өнеркәсібінің қуаттылығына байланысты тағайындайды. Технологиялық бойлықты және қондырғыларды таңдау қалыптау мен қату процестері және уақыттық көрсеткіштерді қоса отырып бұйымның конструкциялық сәйкестігі мен технологиялық көрсеткіштерді талдау дәрежесінен басталады.

Қазіргі таңда ірі габаритті конструкцияларды өндіруде негізгі үш әдісі қолданылады: агрегатты-ағымды, конвейерлік, стендтік.

Өндірістің агрегатты-ағымды әдісі. Агрегатты ағымды әдісте бұйымдарды өндіру және қалыптау арнайы агрегатты қондырғыларда орындалады, бетон араласпасын формаға жайғастыратын машина (бетонжайғастырғыш), формаларды қалыптау постына жайғастыратын машина (қалыпжайғастырғыш). Содан қалыптанған бұйымдарды қалыпымен бірге көпірлі кран арқылы булау камерасына жылумен өңдеуге жайғастырады. Өндірістің соңғы сатысы болып, камерадан алынған бұйымды арнайы қалыптан босату постында қалыптан босатады. Содан соң темірбетон бұйымдары дайын бұйымдар қоймасына жіберіледі, ал босаған қалыптарды келесі технологиялық циклге дайындайды және қалыптау постына жібереді. Агрегатты-ағымды әдістің негізгі кемшілігі еңбек шығыны, адам күші, технологиялық қондырғылар көптеп қолданылады. Негізгі артықшылығы бұйымдардың көптеген номенклатураларын өндіруге мүмкіндік береді.

Өндірістің онвейерлік әдісі. Конвейерлік әдісте технологиялық процесс элементтік процесстерге бөлінеді, олар бір уақытта әртүрлі жұмыс орнында орындалады. Бұйымдар өндіру кезінде бір жұмыс орнынан келесі бір жұмыс орнына ауысып отырады, әрбір жұмыс орны сонда бекітілген звенолармен басқарылады.

Конвейерлік әдісті жүзеге асырудың негізгі шарты болып өндірістің орындалуының тиімділігі болып табылады, соның арқасында олардың жұмыс және жылжу уақыты біркелкі болады, сонда бірдей уақыт аралағыныда бұйымдарды бір жұмыс орнынан келесі жұмыс орнына ауыстыруға болады. Барлық элементтік процесстердің бірдей уақытта өтуі нәтижесінде олардың орындалуын технологиялық процесстердің тиімділігі деп атайды. Конвейерлік әдістің негізгі кемшілігі үлкен өлшемді бұйымдырды өндіруге мүмкіндігі жоқ, ал артықшылығы бұйымды өндіру уақыты бірдей әрі адам күшін аз керек етеді.

Өндірістің стенд әдісі – бетон алаңында стендте орналасқан жылжымайтын қалыптарда бұйым өндіріледі. Стендтік әдіс ұзын өлшемді конструкциялар, бұйымдар шығарғанда кеңінен қолданылады. Стендтік тәсіл кезінде барлық операциялар бір жерде орындалатындықтан, бұйымдарды өндіру ұзаққа созылады. Бұл тәсілмен бұйым өндіргенде бір операция толығымен бітпей, келесі операция басталмайды.

Стендтік технология негізінен салмағы ауыр, габаритті және ауыр тасымалданатын бұйымдарды өндіру үшін қолданылады.

Стендтік әдістің артықшылығы барлық технологиялық операциялар: арматуралау, бетон араласпасын жайғастыру, тығыздау, жылумен өңдеу процестері бір орында термоформаларда жүргізіледі. Кемшілігі – формалардың бағасы қымбат.

Стендік тәсілдің өзі екіге бөлінеді: ұзын стенд және қысқа стенд. Ұзын стенд бірмезгілде бірнеше бірдей бұйымдарды қалыптау үшін қолданылады. Қысқа стенд ұзындығы бойынша бір бұйым, ені бойынша екі бұйым қалыптауға есептелген.

Бұйымдар мен конструкцияларды қалыптауға байланысты көлденең және тігінен қалыптауға болады. Бұйымдарды тігінен қалыптау көлденең қалыптауға қарағанда біршама артықшылықтары бар. Бұндай қалыптау тегіс бұйымдарды әсіресе бірмезетте екі беттік жақты бұйым алу кезінде және бұйымның берілген қалыңдығын сақтау үшін мүмкіндік береді.

Және де стендтің универсальді және мамандандырылған деп те бөлеміз. Универсальді стендте әр түрлі бұйымды дайындауға негізделген, ал мамандандырылған стендте өлшемдері сәйкес бірдей бұйымдарды шығаруға негізделген. Мамандандырылған қысқа стендтің түрі болып күштік формаларды айтуға болады. Олардың конструкциясы қарапайым қалыптардан ерекшелігі қатаңдығы жоғары болады, себебі арматураны керген кезде барлық күш формаға түседі.

Ұзын стенд пакетті және созылыңқы болып екіге бөлінеді. Пакетті стендте керілетін арматуралы пакет стендтен тыс жерде пакетдайындайтын бойлықта дайындалады. Бұл бойлық стенд қалыптарына параллель орналасады. Ұзын стендтерде осындай пакет қалыптаушы стендтің өзінде жүргізіледі.

Осы әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып таңдалған бұйымның номенклатурасына байланысты келесідей технологиялар таңдалды:

Кран асты арқалық үшін ұзын стендті әдіс.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных