Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бетон араласпасы, арматуралық болат және майлағыш заттар




 

 

Бетон араласпасы. Бетон араласпасын байланыстырғыш, қоспалар мен толтырғыштардың қатты бөлшектерінің және су мен ендірілген ауаның күрделі құрылымының көп фазалы жүйесі ретінде қарастырады. Байланыс-тырғыштың ұстасуы мен қатуы алдында бетон араласпасы анықталған иілгіштік беріктігі бар және белгіліг энергетикалық әсерсіз өзінің қалпын өзгертпейтін кеңістік құрылым түзеді.

Бетон араласпасында басты құрылым түзуші цемент қамары болып табылады. Цемент қамыры – толтырғыштар мен суға арнайы қосатын майдаланған байланыстырғыш, шаңды және сазды қоспа араласпаларынан тұратын байланыстырғыштың қатты бөлшектерінің майда дисперсті жүйесі.

Бетон араласпасы маркасымен, жайғасымдылығымен және толтырғыш-тың ірілігімен сипатталады. Марка бұйымның сипаттамаларына байланысты анықталады, ал жайғасымдылығы тығыздай әдісінің негізінде анықталады. Тығыздай әдісі виброалаңда іске асады, конус шөгуі 4см, толтырғыш ірілігі . Толтырғыш ірілігі 10см деп қабылданды. Стендті технология бойынша конус шөгуі 5-6см.

Берілген өнімді өндіру үшін келесідей сипаттамасы бар бетон араласпасы қажет:

Кран асты арқалық үшін М400.

Арматуралық бұйымдар мен элементтері. Кернелмейтін арматура қалыптау‑құю цехына тор, жалпақ және көлемдік қаңқалар мен салынар детальдар түрінде келеді. Оларға қойлатын талап ГОСТ 10922-75 көрсетілген.

Кернелетін арматура шыбықты немесе орама күйінде келеді.

Алдын ала кернелген темірбетон конструкциялары және бұйымдары үшін арматураның келесідей түрлері қолданылады:

1. A-IV классты төмен легрленген болаттың 20ХГСТ, 20ХГ2Ц маркалы ыстық тәсілде өндірілген стерженьдік арматура (σт= 60 кг/мм2, RH = 90 кг/мм2), сонымен қатар термиялық беріктелінген Ат-V Aт-VI классты арматуралар қолданылады.

2. Жоғары берікті cуық тартылған сымтемірлік арматура, В2-II классты тегіс бетті және Вр-2 классты периодты профильді арматура.

3. Майда сым темірлі (приядевая арматура), 7 немесе 12, суық тартылған сымдармен өрілген (диаметрі:1.5-5) 7 сымтемірлік өрімнің номиналды диаметрі сәйкесінше 4.5-15мм аралығында және 12 сымтемірлік өрімінің диаметрінің қосындысы 7.5-20. Диаметріне сәйкес бұл өрілген арматуралардың беріктігі 150-190кг/мм2 аралығында болады.

4. Канатты арматура 2 және 3, 2 немесе 3 жеті сымтемірлі немесе онтоғыз өріммен өрілген, сым темірдің диаметрі 1.5-3 болады.

5. Жоғары берікті суық тартылған және өрімдері үлкен орама күйінде жеткізіледі, ораманың ішкі диаметрі 1200мм болады, ол сым темірдің диаметріне тәуелді. Орамадан алынған сым темірлік арматура өзінің тегістігін сақтау керек және спирал секілді оралмау қажет.

Майлағыш заттар. Темірбетон бұйымдарының сапасына бетонның қалып бетіне жабысуы әсер етеді. Жабысуды төмендету әдістерінің бірі әртүрлі майлағыш заттарды қолдану болып табылады.

Дұрыс таңдалған және жақсы жағылған май қалыптан бұйымның жеңіл шығуын қамтамасыз етеді және бұйымның бетінің тегіс, жұмсақ болуына септігін тигізеді. Темірбетон бұйым зауыттарының жақсы жұмыс істеуі үшін қалыптауда қолданылатын қалыптар, кассеталы қондырғылар және де басқа да қондырғыларға мейлінше сәйкес келетін майларды таңдау керек.

Қалыптарға арналған майлар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: консистенциясы бойынша мұздай немесе 400C дейін ыстық қалып бетіне шашыратқыш арқылы немесе щеткамен жағылуы керек; қалыптан бұйымды алар кезде май қалыптың бетіне жабыспайтын қабатқа айналуы керек (мысалы, қалыпты шешу кезінде оңай бұзылатын ұнтақтәрізді немесе пленка тәрізді); бетонға кері әсер етпеуі керек, бұйымның бетінде дақтар пайда болмау керек, қалыптың бетінде коррозия болмауы керек, өрт кезінде қауіпсіз болу керек.

Майлардың түрлері. Жиналмалы темірбетон өндірісінде қолданысқа ие майларды үш негізге топқа бөледі: сулы және сулы-майлы суспензия, сулы-майлы және сулы-майлы-керосинді эмульсиялар, сонымен қатар машина майлары, мұнай өнімдері және олардың араласпалары.

Суспензия – майда дисперсті минералды заттардың сулы ерітінділері – басқа майлар болмаған жағдайда зауыттарда қолданылады. Оларға әкті, борлы, сазды, шламды майлар және т.б. жатады. Бұл майлардың дайындалуы жеңіл және бағасы арзан, бірақ қалыпты босатқан кезде әрқашан жақсы нәтиже бермейді. Олардың кемшілігі сумен тез шайылады, бұл бетондау кезінде майлаудың бұзылуына алып келеді. Суспензиялық майлағыштардың пленкаларының беріктігі айтарлықтай жоғары, яғни қалыпты босату және тазалау кезінде қиындықтар тудырады.

Әкті және борлы майлағыштаржы ағаш бетіне қолданады; әкті-сазды майлағыштар бетон бетінде тиімді.

Су-цементті-майлы майлағыштардың ерекшелігі бетонды жайғастыру кезінде тұрақтылығы және ұнтақ түзгіш қабатқа айналуы, бұйымды алар кезде тез тазалануы болып табылады. Дегенмен бұл майлағыш сақтау кезінде тез қоюлануынан құбырдар арасына енуі қиындайды.

Эмульсия біреуі өз алдына үзіліссіз орта, ал екіншісі көптеген 0,1-ден 1мкм өлшемді бөлек тамшылардан тұратын бір бірінде аз еритін және ерімейтін екі сұйықтықты колоидты жүйе. Үздіксіз сулы ортаны – дисперсті орта, ал үздікті – дисперсті фаза деп атайды.

Эмулсияның екі түрі бар: сұйықтықтың қайсысы дисперсті ортада болатынына байланысты түзу және кері.

Түзу эмульсия "май суда (м/с)" түрінде май дисперсті фаза болап табылады және суды ыдыратылған майда тамшылар түрінде болады. Кері эмульсия "су майда (с/м)" түрінде дисперсті фаза су болып табылады, ал үздіксіз дисперсті орта май болып табылады.

Кері майлағыштар тік майлағыштармен салыстырғанда тиімді. Себебі, кері майлағыштар металға жоғары адгезия береді, сондықтан тік формалардың бетінде жақсы ұстасады.

Машина майлары, керосин, петролатум және олардан жасалған араласпалар майлағыштардың өзіндік тобын құрады. Ең көп қолданылатыны автол, солярка майлары, сонымен қатар керосинмен масса бойынша 1:1 қатынаста болатын олардың араласпалары.

Солярка майынан, солидолдан және күлден массасы бойынша 1:0,5:1,3 қатынаста болатын майлағыштар кең қолданылады, олар қалыпты шешу кезінде кедергі тудырмайды. Майлағыш сұйық солидолмен солярлы майды 600С температурада араластырып ары қарай ЖЭС күлін қосумен әзірлейді. Бұйымды булау кезінде солярлы май толығымен ұшып кетеді және қалып пен бұйымның бетінен жеңіл алынатын бетон мен қалыптың арасында ұнтақ тәрізді қабат қалады.

Жақсы нәтижені 1:1:1 қатынаста алынған соляркалы май, солидол және автол, 1:3 қатынастағы стирилді керосинді майлағыш; 1:3 қатынастағы парофин-керосинді майлағыштар береді. Бірақ бұл майлағыштардың бағасы қымбат болып келеді.

Петролатумды-керосинді майлағыштарды соңғы жылдары көптеп пайдалануда. Майлағыш қалып бетімен бетонның жабысуына жол бермейді, бетон бетінде дақ қалдырмайды, арзан материалдардан жасалады; сақтау кезінде қоюланбайды, оны төмен температурада қолдануға болады.

Майлағыш түрін қолдану аймағына байланысты таңдайды. 15-200С температурада көлденең қалып бетін майлауда ОЭ-2 кері эмульсиялары таңдалады.

Майлағыш құрамы:

- cинтетикалық қышқыл эмульсия ЭКС – 20%

- әк ерітіндісі – 70-75%

- солярлы май – 5-10%.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных