Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік санитария




Адамның өндірістік еңбек қызметі негізінен көбінесе бөлімшелерде өтеді, олардың жұмыс зонасы белгілі бір метрологиялық жағдайлармен және ауаның қозғалу жиілігімен сипатталады.

Өндірістік ортаның метрологиялық жағдайларын /микроклимат/ анықтайтын негізгі факторларға ауаның температурасы мен ылғалдылығы, оның қозғалысы /ауаның жылдамдығы/, жылу берілу жатады. Бұл физикалық факторлар жиынтығы организмнің қоршаған ортамен жылу алмасуына тікелей әсерін тигізеді.

Бірақ адам организміне қолайсыз метрологиялық жағдайлардың ұзақ уақытқа әсер етуі /ауаның жоғары не төмен температурасы, жоғары не төмен ылғалдылығы, ауаның жылдамдығы, жылу көздері/ термореттелуді бұзады, организмнің қызып не тоңуына байланысты көңіл-күйі төмендейді, еңбек өнімділігін төмендетеді және жиі ауруға шалдықтырады.

Өндірістегі микроклиматтың бірталай ерекшеліктері бар: жекелеген факторлардың басымдылығы /мысалы, ауаның төмен температурасы, жоғары ылғалдылығы/, олардың белгілі бір сәйкестігі. Көптеген жағдайларда микроклиматтың параметрлері уақытқа және технологиялық процестердің периодына, жыл мезгілдеріне т.б. байланысты тұрақсыз. Микроклимат бөлменің горизонталь және вертикаль бойымен технологиялық процесстер сипатына, құрал-жабдықтар түріне, бөлменің размері мен құрылыс ерекшеліктеріне қарай өзгеруі мүмкін.

Өндірістік бөлмелердегі ауалы ортаның жоғарыда көрсетілген параметрлерінен басқа адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне ауадағы газдардың құрамы мен оның құрамындағы түрлі зиянды қоспалардың беретін маңызы зор.

Жұмыс істеу зонасы деп биіктігі еденнен 2 м биіктікте жұмысшының үнемі немесе уақытша жұмыс істейтін орынын атайды. Ауаның оптималды және рұқсат етілген температура, ылғалдылық пен ауаның жылдамдығы параметрлерін ГОСТ адамның жыл мезгілдеріне байланысты энергия шығынын ескере отырып бекітеді. ГОСТ сонымен қатар жұмыс зонасындағы артық жылу мөлшерін де ескереді.

Микроклиматтың оптималды параметрлеріне келесі үйлесімдіктер есептеледі, олар адам организміне ұзақ және жүйелі әсер еткенде организмнің термореттеу реакциясына күш салмай қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, жылулық комфорт жасайды, сол арқылы жоғары еңбек ету қабілетіне игі әсерін тигізеді. Микроклиматтың рұқсат етілген параметрлерінің әсер етуі организмнің функционалды жағдайының жылдам қайтарымды өзгерістерін туғызуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда денсаулығы бұзылмайды, тоңуы және еңбек ету қабілеті біраз төмендеуі мүмкін.

Барлық жұмысқа кеткен энергия шығынына байланысты үш категорияға бөлінеді: 1- жеңіл, 2- орташа, 3- ауыр. Екінші категория екі топқа бөлінеді: 2а және 2б. Бірінші категорияға энергия шығыны 172 Вт /150 ккал/сағ/ дейінгі отырып орындалатын немесе тұрып не жүріп орындалатын, бірақ жүйелі физикалық қозғалысты немесе ауыр көтеруді қажет етпейтін жұмыстар жатады. Екінші категорияға энергия шығын 172- 232 Вт /150-2 ккал/сағ/ талап ететін жұмыстар жатады. Бұл отырып немесе үнемі жүрумен байланысты, бірақ ауырды тасымалдауды қажет етпейтін жұмыстар. 2б категория 232- 293 Вт /200- 250 ккал/сағ/ энергия шығынымен сипатталады. Бұндай жұмыстар жүріп 10 кг дейін жүк тасымалдаумен байланысқан. Үшінші категорияға ауыр жұмыстар энергия шығыны 293 Вт /250 ккал/сағ/ артық, көбінесе жүйелі түрде физикалық күшпен ауырды /10 кг-нан артық/ тасымалдаумен орындалады.


Микроклимат

Өндірістік бөлменің микроклиматы оптималды болуы керек. Оптималды деп микроклиматтың параметрлері адамды ұзақ және жүйелі әсер еткенде термореттеу реакциясын жүктемей, комфорт сезімін қамтамасыз етіп, сөйтіп жоғары еңбек қабілітке жағдай жасайды.

Адамның өндірістік қызметі белгілі бір жұмыс аймағындағы метеорологиялық жағдайлармен ауа тазалығымен сипатталады.

Микроклиматтың негізгі факторлары болып: ауаның температурасы, оның қозғалу жылдамдығы болып табылады. Бұл факторлар адам организмінің қоршаған ортамен жылу алмасуына елеулі әсер етеді.

Келесі кестелерде орта ауырлығы бар жұмыс орындарының суық және жылы жыл мезгіліндердегі микроклиматтық көрсеткіштері көрсетілген.

 

Кесте 4.1 – Микроклиматтық көрсеткіштер

 

    жыл мезгілі   жұмыс категория- сы   температура, ° C   ауаның қозғалыс жылдамдығы м/с, көп емес   салыстырмалы ылғалдылық, %, көп емес
Суық және өтпелі маусымдарда Орташа ауырлықты- IIа 18-20 0,2 60-40
Жылы кезде Орташа ауырлықты- IIа 21-23 0,2 60-40

 

Жобалауда жалпылық беріп–сорып алуға негізделген желдету жоспарланады, бұл ластанған ауаның таза ауаға алмасуы бүкіл өндіріс ғимаратының көлемінде іске асады және жұмыс орындарындағы артық жылу шығару көздерінен жылуды әкетеді.


 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных