Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Рт қауіпсіздігі. Өндірістің өрт қауіптілігі әртүрлі




 

Өндірістің өрт қауіптілігі әртүрлі. Тіпті бір ғана өнеркәсіп шектерінде өрт немесе жарылыс қауіптілігі бойынша әртүрлі технологиялық процесс учаскелері кездеседі. Жеке өндірістік процесстердің өрт немесе жарылыс қауіптілігін сандық бағалау үшін жарылыс немесе өрттің пайда болу және таралу ықтималдығын, өндірісте сақталатын заттардың физико-химиялық қасиеттеріне қарай, анықтайтын салыстырмалы берілгендер қолданылады.

Жану процесі қышқылданудың интенсивті химиялық реакциясы, яғни жылу мен жарықтың бөлінуімен бірге жүретін жанғыш заттың ауа оттегісімен қосылуы.

Жанудың жиі кездесетін жағдайлары болып жарылыс, жарқыл, өздігінен тұтану, өздігінен жану табылады.

Кейбір заттардың өрт қауіптілігі олардың электризацияға қабілеттілігінен тәуелді.

Төменде жанудың, өрт және жарылыстардың тек негізгі себептері берілген:

1. Территорияда, қоймаларда шылым шегу, сөндірілмеген шырпыларды, шылымдарды тастау т.б.

2. Өндірістік процесстерді жүргізу кезінде өртте қарсы және технологиялық талаптарды бұзу:

· тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды сақтау ережелерін сақтамау;

· аппараттардың температуралық тәртіптерін бұзу;

· кептіру температурасын тым жоғарлату;

· кептіргіштердің ішкі беттерін уақытылы тазаламау;

· сыйымдылықтарды толып кетуі және жанғыш майлардың төгілуі;

3. Электрлі қондырғыларды және қыздырғыш аспаптарды орналастыру және эксплуатациялау ережелерін бұзу;

4. Газды-электрлі дәнекерлеу ережелерін бұзу.

Ғимараттар мен құрылыстар өртке төзімділігі бойынша бес дәрежеге бөлінеді: I, II, III, IV и V. Неғұрлым қауіпсіз болып келетін I және II дәреже ғимараттары.

Құрылыс конструкциясының өртке төзімділігін штукатурка және басқа да өрттен қорғағыш жапқыштарды қолдану арқылы жоғарлатуға болады.

Бір ғимаратта цехтарды біріктіруге рұқсат етіледі, егер бұл өртке қарсы талаптарға қайшы болмаса және жоспарлау шарттары бойынша мүмкін болса.

Биіктігі 10 метрден жоғары өндірістік ғимараттарды сыртқы болат баспалдақтармен жарақтау қажет.

Өрт қауіпсіздігі шарттары бойынша барлық жағдайларда орталық жылыту жүйелеріне, ауа және су жүйелеріне үлкен көңіл берілу керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных