Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ауіпсіздік техникасы




Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.

Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың, стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін білу мен орындаудың ерекше маңызы бар, өйткені мұның өзі кездейсоқ қатерлерден сақтандырудың бірден-бір кепілі. Қауіпсіздік техникасының ережелерін дұрыс бағаламау, әсіресе, оны орындамау жұмыс істеуші адамның денсаулығына, тіпті өміріне өте қауіпті із қалдыруы мүмкін. Егер оқып үйренушілер қауіпсіздік техникасын білмейтін болса, одар машинаға жұмыс істеуге жіберілмейді. Төменде кауіпсіздік техникасының негізгі ережелері берілген.

Жарақаттардың алдын алу үшін жұмыс істейтін пышақтар мен мусаттар стандартты болу керек. Олардың қолсабында қолдың сырғанауынан сақтайтын шығынқылық болу керек. Шапқылар тарқыштармен қамсыздандырылады, жұмыс кезінде олар қолды иіріп тұрады. Пышақтың жүзін, қолсабын, қайрау өткірлігін; пышақ және мусат қолсабындағы тіруедің бар болуын; саптаманың беріктілігін; жұмыс істеу тақтайының орнықтылығын; үстелде қылау мен кетік қажамалардың болмауын; пышақ

асты торламасын (биіктігі бойынша дәл келіп тұру керек); стенд периласы мен баспалдағынын дұрыстығын; осылардың барлығын орнықтылығы мен дұрыстығын тексеріп шығу қажет.

Сылғыштар жеке басты сақтау құралдарын киіп жұмысқа кіріседі. Қолға кольчужды қолғап (сол қолға) және кеудеше торкөзін, ол жұмысшының кеудесі мен ішін жауып тұру керек.

Жұмыс алдында пышақты қайрағышат өткір етіп қайрап мусат арқылы бағытын беру керекпіз. Мусатқа пышақты басқаруда оның жүзін өз кеуденнен ұстау керек. Пышақты шило күйіне дейін қайрауға тиым салынады. Тек қана стандартты пышақтармен жұмыс істеу қажет.

Жұмыс процесінде жұмысшылардың сылу және шаңдырлау үстелдерінің жанынада орналасу нормаларн сқтау қажет. Обвальщиктің жұмыс орны -1,5 м, ал жиловщиктікі – 1м болу қажет. Егер де бұлшық еттегі (сүйек қасындағы) температура 5ºС-тан төмен болса етті сылуға болмайды. Сылу кезінде пышақпен күрт қимылдар жасауға болмайды. Өйткені пышақ бағытты өзгертіп ауыр жарақатқа әкулуі мүмкін.

Жұмыс кезінде пышақты өзіне қарай бағыттауға болмайды.

Қол қимылын қадағалап отыру керек, ол пышақ жолына шығып кетпеу керек.

Жұмыс кезінде пышақ қолсабы кірленіп, сырғанақ болып кетуі мүмкін. Сондықтан жиі-жиі қол мен пышақ қолсабын жуып отыру керек. Жұмыс уақытында қысқа үзілістер болса да пышақты пышақ салғышқа салып отыру керек. Өнделетін шикізатта пышақты қалдырулға, етті пышақпен созуға немесе беруге, пышақты сермеуге және де пышақтын атқаратын қызметінен тыс қимылдарды жасауға тиым салынады.

Жұмысшылардың қолдары тұрақты суық және дымқыл шикізатпен тиісіп тұрады. Сондықтан кәсіби аурулардың алдын алу үшін жұмысшылар қолдарына профилактикалық процедураларды қабылдап (кварц пен жылы ванночкалар), жұмыс процессінде қолды профилактикалық пасталармен және мазьдармен (силикон кремын және балауыз негізінде жасалған кремдерді) қолданып отыру керек.

Жұмыс аяқталған соң барлық саймандарды міндетті түрде құрал-сайман бөліміне тапсырады. Пышақ, мусат шапқыштарын тасу тек арнайы саптарымен ғана ұрықсат етіледі.

Ет пен май шикізатын ұсақтау үшін волчок қолданылады. Оның қауіпті зонасына айналмалы шнек пен пышақтар жатады.

Айналмалы шнекқа қолды кіріп кету қаупін болдырмау үшін, волчокқа шикізатты құламалар мен механика түрінде береді. Жүктелетін құрылғының конструкциясы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Волчоктын қолмен жүктелетін алқымы сақтандырғыш сақинамен қамсыздандырылады. Оған етті қылау, кетік қажамасы, жарықтары жоқ қатты ағыштармен итеру керек.

Сақтандырғышы алынып тасталған немесе көтнріліп тұраған волчоктармен жұмыс істеуге, сонымен қатар шикізатты механизмға қолмен итеруге тиым салынады.

Жұмыс алдында кесетін итергіш механизмнің дұрыстығын тексереді; торлама мен пышақтарда қылау кетіктердің болмауын; торлама мен пышақтардың өткірлігін; бункер мен басқа жүктелетін құрылғылардың дұрымтығын тексеру қажет.

Білікшенің кесу механизмін белгілі бір тәртіппен құарастырады: ірі ұсақтау үшін – біржақты қабылдау пышақ, ірі торлама, қыспақ сақина немесе қабылдау торламасы, екі жақты пышақ, торлама, қыспақ сақина; майда ұсақтау үшін - біржақты қабылдау пышақ, ірі торлама, қыспақ сақина немесе қабылдау торламасы, екі жақты пышақ, кіш торлама, қыспақ сақина немесе қабылдау торламасы, екі жақты пышақ ірі торлама, екі жақты пышақ кіші торлама, қыспақ сақина. Пышақтар мен торламалар гайкамен берік орнатылған болу керек.

Электр қозғауышын қызып кетуінен сақтау үшін білікшені біркелкі шикізатақа біртекті етіп жүктейді.

Білікше жұмысы кезінде қолды құйғыға түсіруге, шикізатты ұстап қалуға, бағытын өзгертуге, білікше торламасын тазартуға болмайды.

Білікшені шашу және жинау құрылғы тоқтап, шнек айналымы тоқтағанда ғана ұрықсат етіледі. Қысқыш гайканы арнайы рычакпен бұрап, кескіш механизм мен иірмекті итергіг арқылы итереді.

Қол жарақатынан сақтану үшін пышақты абайлап шешіп беру керек. Администрация жұмысшыларды міндетті түрде волчоктарды тазалау және дұрыс жуу туралы инструкция жүргізу керек.

Үзілістерде білікше жұмысында, оның цилиндрында, жүктеу құйғышында бөгде заттарды сақитауға тиым салынады. Егер де білікше еденнен шығынқы тұраған алаңда орналасса, онда осы алаң мен оған баратын баспалдақ қоршаумен қоршалып тұрк керек. Және де қоршаудың биіктігі 1 м болу керек, ал астынғы жағы 0,20 м тұтатай қапталған болу керек. Сол алаң мен төбеде шығып тұрағн конструктивті элементтердің ара қашықтығы 1,9 м-ден кем болмау керек.

Өзі жүктелетін құралдар болмаған жағдайда, арнайы ожаумен немесе қауіпсіз құралмен алу керек.

Жұмыс басталмас бұрын куттердің дұрыстығын тексереді, ол келесілер: пышақтардың беріктігі мен өткірлігін, олардың тұтастығын (қылау, кетік, қажамалардың болмауы), ыдыстың беті мен пышақ қырының арасындағы саңылау 1 мм болу керек; табақ жүктемесінің және автоматиканың жұмысын, куттерден ыдысты көтерген кезде табақтың айналысы тоқтауы.

Куттерді ыдыс айналып тұрған кезде біркелкі етіп толтыру керек.

Куттер жұмысы кезінде фаршты қолмен қосымша араластыруға, куттердің табағын тазалауға, фаршты айналып тұрған табақ жүктемесінен қолмен жинауға тиым салынады.

Еңбекті қорғау

Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды.

Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категориялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Бұл Заң 1 қаңтар 2000 жылдан бері жұмыс істейді.

Еңбекті қорғау –бұл әлеуметтік-техикалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зияндарды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қаіупсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ.. Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін сақтау, адам еңбегін, жұмыс мезгілін үнемдеу, оның белсенді жұмыс істеу жүйесін ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту, апаттар санын азайту және тағы басқалары арқылы артады.

Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің

денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың негізгі құқықтарының бірі ретінде денсаулықтарын қорғау құқығы бекітілген. Осыдан жұмысшының денсаулығына зиянсыз және қауіпсіз жұмыс жағдайы болу керектігі туындайды, оны бір жеке принцип және субъективті құқық ретінде Конституцияда бекіткен.

Кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігімен өндірістік санитарияның жалпы жағдайына жауапкершілік олардың басшылары мен орынбасарларына жүктеледі.

Мекеме, ұйым, кәсіпорын әкімшілігі салауатты және өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті және өндірісте болған бақытсыз оқиғалар мен кәсіптік аурулар үшін, олардың болу себебін жоймағаны еңбекті қорғау заңдылығын бұзатын бұйрығы, әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін толық жауапты.

Кәсіпорын, мекеме, ұйымның әрбір жұмысшысы өзі орындауға тиісті міндеттерді атқару барысында қауіпсіздік техникасымен өндірістік санитарияның нормалары мен ережелерін білуге және бұлжытпай орындауға міндетті, сондықтан мекеме әкімшілігі жұмысшылар мен қызметкерлердің техника кауіпсіздігі мен өндірістік санитария және баска да еңбек қорғау ережелері бойынша оқуына және нұсқау алуына қамтамасыз ету керек.

Жұмыскерлер мен қызметкерлерді оқыту және нұсқаулық беруді жүзеге асыру жұмысқа орналасу кезінде жасалады (кіріспе нұсқаулық), бірінші нұсқаулықта жұмыс орынында жасалады, стажировка кезінде-оқыту жұмыс орынында, қайталау нұсқаулығы кезіндегі және курстық оқыту мен атқарылады. Инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулық пен курстық оқыту арқылы атқарады.

Еңбекті қорғау қызметі еңбек жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін және қазіргі заманғы техника қауіпсіздігі құралдарын енгізуді жүзеге

 

асыратын ұйымдастырушылық-техникалық және санитарлық-гигиеналық шараларды өмірге енгізуге бағытталған, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, үкіметінің каулыларымен бұйрықтарын жоғары тұрған ұйымның бұйрықтары мен нұсқауларын және техника қауіпсіздігі ережелерін басшылыққа алады.

Еңбекті қорғау жұмысы және оны жүйелі жүзеге асыру жұмысына тікелей басшылық жасау мекеме, кәсіпорын бас инженеріне бағынатын еңбекті қорғау бөліміне немесе аға инженерлерге, техника кауіпсіздігі инженерлеріне жүктеледі.

Еңбекті қорғау қызметі жоғары немесе орта техникалық білімі бар, өсірілген салада 3 жылдан кем емес инженерлік жұмыстан тәжірбиесі бар адамдардан құралады.

Еңбекті қорғау бөлім бастығын, аға инженерлер және инженерді (еңбекті қорғау бөлімі жоқ жерде) тиісті мекеме мен келісімге келе отырып жоғары тұрған ұйым басшысы жұмысқа тағайындап және босатады, ал еңбекті қорғаудың басқа жұмыскерлерін берілген бөлімше бастығы тағайындап және босатады.

Еңбекті қорғау бөлімінің бастығы (бас инженердің орынбасары) немесе аға инженер, кәсіпорын, ұйым техника қауіпсіздігі инженері кәсіпорын, ұйым қызметімен бөлімдерімен бірлесе отырып, еңбек жағдайын жақсарту, өндірісте зақым алуды кеміту және өндіріс мәдениетін көтеру, еңбекті қорғау жағдайын зерттеу нәтижесінде оны тиісті ақшалай және материалдық құралдар мен қамтамасыз ету, жұмысқа жаңа түскен жұмыскерлер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерге техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқаулық жүргізу, еңбекті корғау бойынша оларды кәсіпорында және бөлімшелерде оқыту бағдарламасын жасай отырып оларды оқытуды ұйымдастыру, жұмыс орынында нұсқаулық жүргізудің уақытында және сапалы орындалуын бақылау тағы басқа ағымдағы және болашақта атқарылуға тиісті шаралар жоспарын міндетті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных