Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сыныптардағы сарамандық жұмыстардың оқу -танымдылық мазмұны




8- сыныпта «Химиялық алғашқы үғымдар» тарауында 5 зертханалық жүмыс орындалуы керек. «Заттар жэне олардың қасиеттері» тақырыбында оқушыларға өздеріне белгілі заттардың үлгілері таратылады (мыс, су, темір, ас түзы, қант, сірке қышқылы т.б) осы заттардың қасиеттерімен таныса отырып,оқушылар кесте толтырып, қорытынды шығарады. «Таза заттар жэне қоспалар» тақырыбында оқушылар зат, заттың қасиеттері туралы білімдеріне сүйеніп, қоспаларды бөлудің эдістерімен танысады. Бүл жұмысты орындау үшін әр оқу үстеліне сынауыққа салынған темір мен күкірттің қоспасы, стақанда су, магнит, бір парақ қағаз үлестіріледі. Темір мен күкірт қоспасын дайындау үшін темір үнтағын немесе жоңқаларын алуға болады. Мектеп шеберханасында темірден жасалған бүйымдармен жүмыс кезінде қалған теміржоңқаларын қолданамын. Химиялық жэне физикалық қүбылыстарды оқытуда олардың бір - бірінен айырмашылығын, мэнін ашу үшін оқулықта берілген парафиннің балқуы, шынының балқып иілуі тэжірибесінің орнына ас содасының суда еруі, темір немесе алюминий сымының жалында қыздырылуы, бор немесе эктас пен түз қышқылының эрекеттесуін, олар жоқ болса, ас содасының сірке қышқылымен эрекеттесуі орындалады. Мүның себебі парафинді, шыны таяқшаны балқыту үшін қыздыру керек, ал қазіргі кезде қүрғақ спирт тапшы, сондықтан да сұйық спиртті қолдануға мэжбүр боламыз, бүл өте қауіпті. Сондықтан отынды үнемдеуүшін жүмысты орындаудың тиімді жолдарын іздеуге тура келеді. Ал оқулықта берілген тәжірибелерді демонстрациялық түрде қоямын. Жай жэне күрделі заттармен таныстырғанда зертханалық жүмысты орындау үшін жай және күрделі заттардың үлгілері беріледі. Оқушылар оларды ажыратып, қорытынды шығарады. Демонстрациялық түрде темір мен күкірт қоспасын қаыздырып, қыздыруды тақтаткан соң түзілген заттың қасиеттері бастапқы қоспадағы заттардың қасиеттерін қайталамайтындығын бақылап, осының нэтижесінде жүмыс қорытындыланады. «Химиялық реакциялардың негізгі типтері» тақырыбында негіздік мыс карбонатының (малахит) айырылуы жэне мыстың орнын темір басу реакциялары орындалады. Бүл жүмысты алдын ала эр (Уқушы үстеліне жэшіктерге салынған сынауықтағы қүрғақ малахит, газ өткізгіш түтігі бар тығын, экті су, спирт шамы, сіріңке жэне түрғы таратылады. Бүл тэжірибені қоюда біраз қиындықтар бар. Оқушылыр қүралдың герметикалығын тексере білуі және қыздыруды тоқтаткан соң газ өткізгіш түтікті ерітінді сорылып кетпеу үшін дер кезінде шығара білуі тиіс. Темір мен мыс сульфатының әрекеттесу реакциясын жүргізу үшін мыс сульфатының ерітіндісіне темір шегені батырады.

Осы тараудағы «Заттар массасының сақталу заңы» тақырыбында фосфордың жануы тэжірибесін демонстрациялы түрде көрсету керек, оныц орнына уақыт пен отынды үнемдеу мақсатында екі иықты сынауықты қолданамыз, оның бір иығына мыс сульфатының, екішісіне сілті ерітіндісін құйып, таразыда өлшеп, заттарды араластырғаннан кейін, қайта өлшеп заңның мэнін түсіндіреміз.

«Сутек. Қышқылдар. Тұздар» тарауында бес зертханалық жүмыс орындалады, соның ішінде сутектің алынуын көрсету үшін сынауыққа салынған мырыш түйірлері немесе демонстрация, түз және күкірт қышқылдары, сіріңке беріледі. Сутектің мыс оксидімен әрекеттесуін демонстрациялық түрде көрсетеміз, өйткені қүралды жинауға, оның герметикалығын тексеруге, газдың тазалығын тексеріп, екінші реакцияны жүргізуге көп уақыт жұмсалады, эрі ұзақ қыздыру қажет, оның жетіспеушілігі, қүрал - жабдықтардың тапшылығы реакцияны жүрғізуғе мүмкіндік бермейді. Қышқылдардың индикаторларға эсерін зерттеу үшін аз мөлшердегі реактивтер қолданылып, зарханалық жүмыс жүргізіледі. Бүл тэжірибеде индикатор қағаздарын қолданған өте ыңғайлы, эрі үнемді. Егер имдикатор қағаздары жоқ болса, олардың ерітінділерін қолданған жөн. ерітінділер құйылған ыдыстың тығынына кдімгі қаламсап сиясы қүйылған түтіктерден жасалған тамызғышты орнатуға болады.

Қышқылдардың метелдарға қатысын зртеу үшін сұйылтылған қышқыл ерітінділерін ғана қолданамыз, ал концентрлі ерітінділермен жасалатын тэжірибелерді демонстрациялық түрде өткіземіз. Қышқылдардьщ металл оксидтерімен эрекеттесуін қарастыру үшін оқулықта үсынылған мыс оксидінің орнына кальций оксидін қолданамыз, өйткені калций оксиді қышқылдармен қыздырусыз - ак әрекеттеседі. «Ерітінділер. Су. Негіздер» тарауында судың электр тогымен айырылуын көрсетуге арналған күрал бар, бірақ бұл жұмыстар жоғары кернеулі ток көзін қажет ететіндіктен жүргізбейді. Негіздердің индикаторларға эсерін қышқылдармен эрекеттесуі тэжірибелерін жүргізу үшін аз мөлшердегі реактивтермен жүмыс істеуге арналған ыдыстарды пайдаланып жұмысты жүргізеді.

Жалпы 8 - сыныптағы алғашқы зертханалық жэне сарамандық жүмыстарды жүргізуге үйрету керек. Оқушыларға қарапайым қүралды жинастыруды, қүрал — жабдықтармен жүмыс істеуді, қүралдың герметикалығын тексеруді және байқаған құбылыстары туралы қорытьшды шығаруды үйрету керек. Тақырыпты бекіту үшін білім тексеру кезінде оқушыларға эксперименттік тапсырмаларды үсыну қажет. Мысалы, бір оқушы қүралды жинайды, екіншісі оның герметикалығын тексереді, үшіншісі тәжірибе жүргізеді. Бүл оқушының эксперименттік дағдыларының дамуына эсер етіп, эрі сарамандық жүмысты орындағанда қиындық туғызбайды. 8 - сыныпта қалыптасқан негізгі сарамандық дағды-біліктер жоғары сыныптарда дамып жетіле түседі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных