Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эксперименттік білік пен дағдыларды қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері.




Эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуының өзі оқушының өздік жұмысының қайнар көзі. Экспериментті оқушы өзі жүргізуі үшін ол химиялық ыдыстармен, приборлармен, реактивтермен дұрыс жұмыс жасай білуі керек, ол үшін ең алдымен төмендегідей қарапайым іс-әрекеттерді және операцияларды жасап үйреніп, машықтанулары керек:

- сүзу жұмыстары: сүзгі қағазын дайындау, оны құйғыға орналастыру ережелері, құйғыны штативке орналастыру, сүзгіге сұйықтықты құя білу және т.б.

- қыздыру жұмыстары: спирт шамын жұмысқа дайындау, оны жағу, ең алдымен сынауықты бойлай қыздыру, жалынның ең қажетті бөлігін пайдалана білу, спирт шамын өшіру ережелері және т.б.

- үгіту жұмыстары: үгітілетін заттың мөлшеріне қарап қажетті ыдыстарды (пестик, ступка) таңдау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және т.б.

- өлшеу жұмыстары: техникалық таразының құрылысын және онымен жұмыс жасау ережелерін білу, құрғақ заттарды өлшеу ережелерін білу, өлшеуіш ыдыстарды пайдалана білу, сұйықтарды өлшей білу, температураны өлшей білу, қысымды өлшей білу және т.б.

- буландыру жұмыстары: бөлме температурасында буландыру, әртүрлі қыздырғыш аспаптарда жоғары температурада буландыру және т.б.

- сұйықтықтармен жұмыстар: сұйықтықтарды құю, араластыру, сұйылту, концентрлі ерітінділермен жұмыс жасау ережелерін білу.

- газдармен жұмыс жасай білу: ауаны ығыстырып газ жинай білу, су астында газ жинай білу, әртүрлі газдардың өздеріне тән жеке қасиеттеріне байланысты оларды танып білу, газдардың массасын немесе көлемін өлшей білу және т.б.

Осындай қарапайым іс-әрекеттерді оқушы өз бетімен жасап, дағдылануы керек, нәтижесінде өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных