ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мәселелік оқытуда химиялық эксперимент.Қазіргі заманда орта мектептерде дәстүрлі оқытумен қатар бірнеше жаңа оқыту түрлері бар: интерактивті оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, проблемалы оқыту және т.б. Білім сапасын арттыру үшін өзіне тән ерекшелігі бар проблемалы оқытуды кеңінен қолдануға болады. Проблемалы оқытудың ерекшеліктері: проблемалы жағдай тудыру, оны түсініп талдай білу, проблеманы шешуге арналған іс-әрекеттер жасау, іздену және т.б. Проблемалы оқыту кезінде оқушыларға танымдық міндеттер қоя отырып олардың ойлау қабілеттіер, іс-әрекеттерін белсендіруге болады. Қазіргі заманда орта мектептерде дәстүрлі оқытумен қатар бірнеше жаңа оқыту түрлері бар: - интерактивті (өзара белсенді) оқыту; - модульдеп оқыту; - шоғырландырып қарқынды оқыту; - проблемалы оқыту және т.б. Білім сапасын арттыру үшін өзіне тән ерекшелігі бар проблемалы оқытуды кеңінен қолдануға болады. Мұндай оқыту түрінің ерекшеліктері төмендегідей: 1. проблемалы жағдай тудыру; 2. проблеманы түсіне білу; 3. проблеманы шешу үшін іздену (теориялық білімін жетілдіру, толықтыру, тереңдету); 4. проблеманы шешуге ерналған іс –әрекеттер жасау (жоспар құру, әртүрлі әдебиеттерді қарастыру, теориялық тұрғыдан негііздеу, практикалық тұрғыдан жасап көру және көз жеткізу). Проблемалы оқыту кезінде оқушыларға танымдық міндеттер қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, іс – әрекеттерін белсендіруге болады. Жаңа материалды түсіну үшін қойылған проблемалық міндеттерді шешуді оқушылар көптеген қиындықтарға кездесуі мүмкін. Нәтижесінде проблемалық жағдай туындайды. Проблемалық жағдай – белгілі бір оқу міндеттерін шешу және орындау процесі кезінде туындаған қиындық пен қиыншылық. Оны шешу үшін оқушының басындағы бар білім жеткіліксіз болуы мүмкін. Оқушылар проблемалық жағдайды шешу үшін белсенді іс – әрекетке кіріседі. Олар: - туындаған проблемалық жағдай олар үшін тек қиын ғана емес, сонымен қатар шешу мүмкіндіктеріне ие болған кезде (яғни қойылған проблемалық мәселе өте қиын да, қарапайым да болмауы керек) іске асырылуы керек; - проблемалық жағдайдың жаңа элементтері қызығушылық тудыру керек және оны шешуде оқушылардың ой – әрекеті мобильді болу керек. Бастағы бар білім мен байқалған жаңа құбылыс арасында қайшылық туған жағдайда ғана проблемалық жағдай (бастағы бар білім) туындауы мүмкін. Мысалы: Негіздердің қасиеттерінің бірі – олардың қышқылдармен әрекеттесуі. Ал NaOH пен Al(OH)3 өзара әрекеттесуі түсініксіз жағдай тудырады. Бастағы бар білім мен оны қолдану кезінде пайда болған кездейсоқтықтар. Мысалы: негіздер мен тұздар әрекеттескен кезде реакция нәтижесінде тұнба түзетіндігін білді. Ал аммоний тұздарының ерітінділері сілтілермен әрекеттескенде жүретін реакция оқушыларға проблемалық жағдай туғызады. Теориялық білім мен практикалық білім арасында қайшылық туған жағдайда. Мысалы: 8 сынып оқушылары үшін су көптеген заттарға, соның ішінде тұздарға еріткіш бола алады. Тұздың еруін оқушылар физикалық құбылысқа жатқызады, ал тұздың гидролизін түсіндіру және оны бақылау, бар практикалық білімге қайшылық тудырады. Тұздар гидролизі тақырыбын практикалық жағдай тудыра отырып түсіндіру. Мақсаты: тұздардың сумен әрекеттесуін ала отырып, олардың химиялық қасиеттері туралы білімін кеңейту. Қажетті реактивтер мен құралдар: NaCl, Na2CO3, Cu2S, NaOH, HCl ерітінділері фенолфталин, индикатор қағазы. Білімді өзектендіру: тұз қышқылының, натрий гидроксидінің ерітінділері және су қағазын батырамыз. Тұз қышқылы және натрий гидроксиді құйылған сынауықта индикатор түсі өзгереді, ал су құйылған сынауықта өзгермейді. Проблемалық жағдай тудыру: NaCl ерітіндісіне индикатор қағазын батырамыз, түсі өзгермейді. Na2CO3 және Cu2S тұздарының ерітіндісіне индикатор батырамыз, екі сынауықта да индикатор қағазының түсі өзгереді. Оқушылар бұларға дейін тұздардың сулы ерітінділерде бейтарап екенін жақсы біледі. Байқаған құбылыстары проблемалық жағдай тудырады. Егер кейбір тұздардың ерітінділерде индикатордың түсі өзгереді, кейбір тұздарда өзгермейді. Болжам ұсыну: индикатордың түсі өзгерген тұздардың ерітінділерде Н+, ОН- иондары болуы мүмкін. Оқушылар тұзының гидролизін молекулалық және толық иондық, қысқартылған иондық түрде жазып шығады. Соңғы теңдеуде ортаның қандай екендігі көрінеді. Нәтижесінде оқушылар практика жүзінде төмендегідей теориялық білімге дәлелдеме алады: 1. күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырайды; 2. әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзетін тұздар, сонымен қатар, күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар сумен аз диссоциацияланатын қосылыстар түзе әрекеттеседі. Нәтижесінде гидроксид иондар, сутек катионы бөлінеді де, индикатор түсін өзгертеді. Әртүрлі әдістердің көмегімен, көрнекі құрал – жабдықтармен химиялық экспериментті қолдана отырып, проблемалық жағдай тудыруға және оны шешуге болады. Мысалы, оқушылардың бар білімі тәжірибе нәтижесін түсінуге және оны талқылауға толық жете бермейтін, яғни жаңа білімді қажет ететін проблемалық көрнекі және лабораториялық тәжірибелерді ойлап табуға қарастыруға болады. Оқушыларға ой тастау үшін мұндай тәжірибелерді жаңа тақырыпты өтудің алдында немесе оның жаңа бір бөлігіне өтудің алдына, кейде барлық берілген материалдың қорытындылаудың алдында жүргізуге болады. Жалпы барлық дерлік тәжірибелер арқылы проблемалық жағдайлар тудыруға болады, бірақ ондай тәжірибелерге төмендегідей талаптар қойылады: 1. Тәжірибенің мазмұны оқушыларға белгілі құбылыстармен құндыылықтарға негізделген болуы керек және проблемалық жағдайды оқушы түсініп, шеше алатындай болуы керек; 2. Кейбір жағдайда проблеманы қоюдың алдында оған сәйкес бір немесе бірнеше тәжірибені көрсеткен дұрыс; 3. Проблемалық жағдай арқылы жүргізілетін тәжірибе оқушыларға қызықты болу керек. Оқушы проблемалық жағдай тудыратын сабақ өткізуі үшін алдын – ала барлық оқу материалына алу керек. Сонда ғана сабақтың тиімділігі артады Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|