ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Концентрлі минералды қышқылы бар құты.Тұз, азот, күкірт қышқылдары, күкірт қышқылымен концентрленген хромды қоспаны бір-бірімен бөлек, түбінде құмы бар керамикалық немесе эмалирленген ыдыстар тартқыш шкаф астыгда сақтау керек. Қышқыл бар құты 1 л аспауы керек. Буланғыш минералды қышқылдарды тартқыш шкаф астында, арнайы асбесті жәшіктерде сақтауға болмайды. Ол аз мөлшерде ауаға шығатын болса адамның кариесін бүлдіріп, шкафтағы сантехникалық құралдарды бүлдіреді.өте активті сұйықтықтардың орнын ауыстыру өте қауіпті. Тарқыш шкафта кейбір ұшқыш және активті заттарды сақтауға болады. мысалы: бром, хлорлы тионил, концентрлі аммиак ерітіндісі. Күнделікті жұмысқа қажет заттар оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар. Олар ішіне асбест салынған қатты жабылған металл жәшікке салынады. Зертханада оңай тұтаратын заттар 1 л артық сақталиауы керек. Жәшіктерде қайнау температурасы 500С аспайтын оңай тұтанатын заттар сақталады (пентан, диэтилэфир т.б.) Реактивті қолданар алдында негізгі қасиеттерін біліп алған дұрыс: оталғыштығын, улылығын, тұтанып басқа реактивтермен қопарылғыш затқа айналу мүмкіндігі. Улы немесе қатты иісі бар заттармен жұмыс істегенде барлық жұмысты арнайы тартқыш шкафтың ішінде жасаған дұрыс. Заттардың қасиеттерін өз бетінше зерттеуге, сондай – ақ химиялық Ыдыстан су ішуге болмайды. Кір ыдыста жұмысты орындауға тыйым салынады. Мұғалімнің рұқсатынсыз қосымша реакцияларды жасауға болмайды. Газдарды, ыдысқа тым қатты еңкейіп иіскеуге болмайды. Газды иісі Бойынша анықтаған кезде немесе сұйықты, ыдыстан ауаны қолмен мұрнына қарай желпілдетіп анықтау керек. Реактивтерді құйған кезде ыдысқа тым еңкеюге болмайды, тамшылар көзіне немесе киіміне тиюі мүмкін. Сынауықты қыздырған кезде аузын өзіне немесе жанындағы балаға қарай қаратпа. Ыстық сұйығы бар химиялық стаканды екі қолмен ұстап, оның астына орамал сал. Күкірт қышқылының сулы ерітіндісін дайындағанда ең алдымен сынауыққа су, содан кейін қышқылды құямыз. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген дұрыс. Қатты сілтілік металдарды еріткенде аздап қана белгіленген мөлшеріне дейін су қосамыз. Калий мен натрийді ұсатқанда, шүберекке орап ұсатқан дұрыс. Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды 1 м қашықтыққа қою керек. Оңай от алатын сұйықтарды (бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3 м қашықтықта болуы керек. Есіңде сақта: концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер және т.б.) жануы мүмкін. Электролиз кезінде барлық байланыс жақсы изоляцияланған болуы керек, өйткені шоқтар сутегіні қпарылысқа келтіруі мүмкін. Газ шамдарымен жұмыс істегенде ерекше сақтықпен жүргізу керек. зертханадан шығар алдында, газ шамдарының ауыздары жабық екеніне көз жеткіз. Оталғыш және қопарылғыш заттардың қалдықтарын қоқыс салатын жерге тастауға, раковина ішіне құюға болмайды. Оны арнайы ыдысқа құяды. Сілтілік металдар (литий, натрий, калий) өте активті заттар екенін есте ұста. Олармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет. Сілтілік металдардың қалдығын жинауға болмайды. Олар шыны ыдыста кептірілген (суы буландырылған) керосиннің астында сақталады. Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/4 - 1/5 бойына дейін көтеріп, жұмыс аяқталғанда жауып қою керек. Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт шамының тез өшірілуі, электр қондырғыларын суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс. Жанған ыдыстарды қалдырып, мынадай қауіпсіздік шараларын жаса: а/ жанған сұйықты асбест, жай көрпемен немесе құммен жабады; б/ жанған фарфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді. Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды. Егер электр сымы жанса, тез электр тогын өшіріп, мүмкін әдістермен (құм, су, асбест) өртті өшіреді. Химия кабинеті өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен арнаулы киіммен жеке басты қорғау құралдарымен (халат, қолғап, көзілдірік, алжапқыш), дәрі – дәрімек топтастырылған қобдиша, сейфпен, оңай жаңып өртенгіш заттарды сақтайтын металл контейнерлермен, тартпалы шкафпен жабдықталу керек. Халат. Химия кабинетіне кірген бетте әр оқушыда және де мұғалімде халат болу керек. Өйткені химия кабинетінде әр түрлі күйдіргіш заттар бар және зертханалық жұмыс жасаған кезде әр оқушы халат киіп жүруі міндетті. Қолғап. Қолғап күйдіргіш заттармен көбінесе концентірлі қышқылдармен мысалы: Н2SO4, HNO3 ,HCI жұмыс істеген кезде киіледі. Көзілдірік. Зертханалық жұмыста әр түрлі атқыш заттармен жұмыс жасаған кезде киіледі. Қобдиша жәшігі. Қобдиша жәшігі лаборант бөлмесінің қабырғасына орнатылады. Оның есігінене немесе қатарына уланғанда немесе зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы қысқаша нұсқау ілінеді. Дәрілердің әйнек ыдыстары мен қораптарының сыртындағы жазбаларға қоса олардың рет саны қойылады, сонда күюге байланысты алғашқы көмек шаралары мынадай болып шығады: Термитке кұйгенде: 12, 13 немесе 3, 2 Қышқылға күйгенде: 14, 13 немесе 3,2 Сандар қобдишадағы дәрілердің мынадай тізбесіне сай келетін болады: Қобдишадағы алғашқы көмек препараттары мен құралдарының қажетті тізбесі: Қобдишадағы алғашқы көмек препараттары мен құралдарының қажетті тізбесі: 1. Дәке, бір бума 2. Залалсыздандырылмаған дәке, бір бума 3. Залалсыздырылған салфетка, бір бума 4. Гигроскопиялы залалсыздындырылған мақта тампондарда 50г. Тығыздап тығындаған залалсыздындырылған әйнек ыдыста сақталады. 5. Кескен, жаралаған жерге мақта тампонын салуға керекті пинцет 6. Шағын жарақатты өңдеуге керекті БФ- 6 желімі, 25-50 мл бір флакон 7. Жара болған жердің аймағын тазартатын йод тұнбасы, ампулдарда немесе қараңғылаған флакондарда 25-50 мл 8. Қан ағысын тоқтататын құрал ретіндегі масса үлесі 3% -дық сутегі асқын тотығы 50мл 9. Активтендірілген түйіршік көмір, порошокты немесе таблеткалы («Карболен») уланғанда бір асхана қасығымен суға езген ботқа немесе 4 – 6 таблетка ішкізеді. (асқазанды жуғанға дейін және кейін.) 10. Аммиактың 10% - дық су ерітіндісі. Естен танғанда және бром буына уланғанда мақтадан иіскетеді. 11. Альбуцид (натри сульфаты) 30%, 10-20 мл, көзді жуғаннан кейін 2-3 тамшы тамызады. Бөлмедегі жылылықта 3 аптадан асырмай сақтайды. 12. Этил спирті 30-50 мл, күйген жерді өңдеу және денеге тамған бром тамшысын аластау үшін. 13. Глицерин 20 – 30 мл, күйген жердің ауырғанын азайту үшін 14. Натрий гидрокарбонатының, қышқылмен зақымданған жерді тазарту үшін, 200 -250мл. 15. Бор қышқылының 2 % - дық су ерітіндісі, сілті тамған көзді немесе денені тазарту үшін. Жуатын ыдыс спетті сосудта сақталады, 200 – 250 мл. 14, 15 ерітінділерді қобдишадағы сыртында ұстауға болады. Пипетка 3 дана, көзге альбуцид тамызу үшін қажет қажет
Рис. 6. Знаки-символы, указывающие на класс опасности вещества. 3.Зертханалық шаруашылық Тәжірибелер дайындауға арналған бөлме немесе зертхана сынып сияқты қажет. Бұл бөлмеде оқытушы мен лаборант алдын-ала тәжірибелерді дайындайды және тексереді, құралдарда жинайды, сабаққа барлық керектісін таңдайды. Бұнда сабақтан соң, барлық құралдарды әкеледі немесе келесі сабаққа дейін жиналған күйінде сақтайды немесе бөлшектейді, жуады және тазалайды. Бір сөзбен, зертханада жұмысқа дайындық шаралары жүргізіледі. Бұл бөлме барлығына ортақ болмай, ұстаз бен лаборанттың толық қарамағында болу керек. Бөгде адамдар кірмес үшін, оны бекітеді. Зертхананы физикалық құралдарды сақтау үшін қолдануға болмайды, себебі қышқылды және басқа зиянды заттардың әсерінен олардың бұзылуы сөзсіз болады. Зертханада да тартқыш шкаф болу керек. Зертханада құралдарға, ыдыстарға, материалдар мен реактивтерге арналған шкафтар болады. Заттардың бір бөлігі, мысалы, дайын ерітінділер және үлкен банкаларды, құралдарды қабырға бойынша сөрелерге қоюға болады. Концентрленген қышқылдар және, әсіресе, қауіпті және улы заттарды әрқашан кілтпенен бекітілетін ерекше шкафта сақтау керек. Құралдар мен реактивтер бір шкафта сақталмау керек, себебі барлық құралдардың металдан жасалған бөліктері таттанады және біржолата бұзылады. Металдық бөлшектері бар қымбатты құралдарды, мысалы, таразыларды, зертханадағы емес сыныптағы арнайы шкафта не сыныпқа жақын бөлмеде сақтау керек. Зертханада үстелдер маңында және тартқышта газ (егер ол ғимаратта болса) және су тартып жеткізілген болу керек. Зертханада үстелдер бірнешеу болу керек. Солардың біреуі ─ оқытушы үстелі, барлық кәдімгі зертханалық үстелдер тәрізді жасалған: тығындарға, каучуктерге, бұрғыларға, егеулерге, қасықтарға, т.б. арналған шекаралар бар тарта қораптармен, астындағы шкафтармен және үстіндегі реактивтерге арналған сөрелермен. Екінші үстел қолжуғыш қасында тұратын, кір ыдыс қоюға арналады. Зертханада шынымен жұмыс істеуге арналған үстел және шыны түтіктерге арналған тіреу болу керек. Бұнда ыдыс кептіруге арналған үлдірік қойып, суды айдауға арналған дистиллятор орнату қажет.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|